ЖАНУАРДЫҢ ЖЫРТҚЫШТЫҒЫ ТҮК ЕМЕС...
Ашылып тағы да сырымның сандығы,
Шашырап ойларым жан – жаққа қаңғыды.
Ұйқымды ұрлайтын үнемі мезі етіп,
Қорқыныш бүгін де өзімді аңдыды.
Заманның бергенмен сыйпаттап келбетін,
Төккенмен жасымды жасырмай көлдетіп,
Өзгере қоймайды ештеңе өмірде,
Зұлымдық жайлады жазықсыз жер бетін.
Жеткенше қолдары құшаққа қармаған,
Алдаған аямай, бір – бірін арбаған,
Баспаған тауы да, жері жоқ бармаған,
Аң емес, мен кейде адамға таң қалам.
Жалтырап, көзіңді арбаған жалған-ай,
Біреулер сүрінді, жығылды аңдамай.
Көбелек ғұмырға разы боп әлдекім,
Біреулер қарқылдап жүр әлі қарғадай.
Біреулер көкекше өз атын қайталап,
Мақтанға мәз болып, жаны да жай табат.
Біреулер ит сынды иесін қабатын,
Дақ түспес көңліңді біржола қайтарат.
Біреулер құбылып, тотыдай түрленіп,
Жалтақтап қалады жазықсыз күйге еніп.
Түлкідей бұлаңдап, қулыққа басатын,
Жан көрсем қалады қызыл тіл күрмеліп.
Біреулер құстайын алысқа самғайды,
Әр адам өз жолын тек өзі таңдайды.
Біреулер тым жуас, момақан қой сынды,
Біреулер қой баққан қасқырдан аумайды!
*** *** ***
Аң атаулы өз ішіңде, жаныңда,
Жеңілме одан, ешқашан да бағынба!
Жануардың жыртқыштығы түк емес,
Адамдардың жыртқыштығы жанында…
Зарина Долатай
Шашырап ойларым жан – жаққа қаңғыды.
Ұйқымды ұрлайтын үнемі мезі етіп,
Қорқыныш бүгін де өзімді аңдыды.
Заманның бергенмен сыйпаттап келбетін,
Төккенмен жасымды жасырмай көлдетіп,
Өзгере қоймайды ештеңе өмірде,
Зұлымдық жайлады жазықсыз жер бетін.
Жеткенше қолдары құшаққа қармаған,
Алдаған аямай, бір – бірін арбаған,
Баспаған тауы да, жері жоқ бармаған,
Аң емес, мен кейде адамға таң қалам.
Жалтырап, көзіңді арбаған жалған-ай,
Біреулер сүрінді, жығылды аңдамай.
Көбелек ғұмырға разы боп әлдекім,
Біреулер қарқылдап жүр әлі қарғадай.
Біреулер көкекше өз атын қайталап,
Мақтанға мәз болып, жаны да жай табат.
Біреулер ит сынды иесін қабатын,
Дақ түспес көңліңді біржола қайтарат.
Біреулер құбылып, тотыдай түрленіп,
Жалтақтап қалады жазықсыз күйге еніп.
Түлкідей бұлаңдап, қулыққа басатын,
Жан көрсем қалады қызыл тіл күрмеліп.
Біреулер құстайын алысқа самғайды,
Әр адам өз жолын тек өзі таңдайды.
Біреулер тым жуас, момақан қой сынды,
Біреулер қой баққан қасқырдан аумайды!
*** *** ***
Аң атаулы өз ішіңде, жаныңда,
Жеңілме одан, ешқашан да бағынба!
Жануардың жыртқыштығы түк емес,
Адамдардың жыртқыштығы жанында…
Зарина Долатай
Ол голды Құдайдың қолы салды © Диего Марадона