Миғраж түні қабыл болсын немесе қадыр түнгі "мың доллар"

...Өз еркіммен мұсынмашылығым әріп танып, оқи бастағалы дами бастаған. Одан бұрын әрине, шешемнің жатарда айтатын «пісімміллә рақман рақим, Алла өзің сақтай гөр» деген дұғаны жаттатудан басталғаны сөзсіз.
Сөйтіп екінші сыныпта Жаратушы иеммен ортақ әңгімем қадыр түні күнгі молданың үйге әкелген бір жапырақ қағазынан басталды. Онда сыртқы бетінде Баршатас ауылының мешіті және "Қадір түні мүбәрәк" болсын деген жазуы болатын еді. Ішкі мазмұнында «Кім де кім өмірінде бір рет „лә илләха ил Алла“-ны шын жүрегімен айтса, о дүниеде жұмаққа барады» деген тәмсіл жазылып тұрды. Түн де келді.Бұрнағы түндерден ерекшелігі атында, әрі мен ояу. Әлгі бір жапырақ қағаздағы манағы сөзді алып, тебіреніп оқып қоямын Сондағы түрімді енді елестетсем Абзалдың Носа, носаны орындаған бейнесіндей ме деймін Қайта-қайта түрімді барынша шын жүрегіммен оқығандай қылып, бірнеше мәрте оқимын-ай келіп. Ендігі кезекте тілек тілеу. Әкем мен шешем ескерткен болатын: «амандығымызды тілеңдер»-деп. Ескертуді бұйрықтай қабылдап, езуіміз көпіріп біршама тілеп отырамыз. Бір заматта көзім жоғарыда жиналып тұрған чемоданға түсті. Шешемнің анау-пынау заттары жиналып тұратын ішінде. Қанша періште-жүрек болғанменен де бізде пенде баласы емеспіз бе?)) «Я, Құдайым ана чемоданның ішінде ертең мың доллар тұрса екен...» деп бір тілеп қойдым. Одан соң әфсанадан естігенім бойынша Қыдыр ата келуі керек. Бір көзіммен ол атаны да байқастап қоямын Содан не керек?! Таң атқанша іш пысып, арасында сүйрет дәптерімді алып гүл, тау мен киіз үй, қиялымдағы өзім деп елестеткен әдемі қыз, күннің суреттерін салдым. Ұмытпай ортасында негізгі тілектің арасына манағы «мың долларды» қосып-қосып қоямын
Ертесінде ұйқым қанғасын әкем мен шешеме «мың долларды» тілегенімді айттым: «барып қарайықшы, тұрған шығар»-деп дес бермеймін. Олар күледі де қояды. Болмағасын өзім барып қарадым. Қара чемодан міз бақпастан маңқиып тұр. Доллар тұрмақ он тиын да жоқ
Көңілім сол кезде жаман қалған еді Балалық сенгіш мінез-ай…
Ақшаны қайдам, әр қадыр түнде Қыдыр атаны тосып жүретінім өтірік емес. Аңыз бойынша бас бармағының буыны жоқ дейді ғой. Ата көрсем бармақтарына қарау әдетім Сонымен бүгінгі миғраж түніндегі құлшылық, ғибадат, дұға, тілектеріңіз қабыл болсын деймінМанада осы оқиға есіме түсіп кетті, өзіме қызық енді...
Бөлісу:

4 пікір

Aya
Мұхаммед пайғамбарымыздың Алланың дәргейіне көтерілгеніндей сіздерге де сондай жақсылық тілеймінЕуро 2012 ешкімді ренжітпей, жақсы аяқталсын
Daniar-Alan
Еуро 2012 орыстарды қатты ренжітті. Қыдырдан сұрамаған ау деймін соған қарағанда..
Aya
 Аяз аталарынан сұрауға уақыт ыңғай бермеді ғой
Marationok
Лейлят аль-Кадр ол тамыз айының 26-27 түнінде емес пе? Қай күнтізбемен санадың?