Саяхат

Көзіңді жұм. Сен мені анық естіп тұрсың, қолыңды алға соз, менің қолымнан ұста, жетегіме ер, басыңды еш жаққа бұрма, естіген дыбысқа мән берме. Біз келдік.

Көзіңді аш. Біз жансыз қаладамыз, үйлердің сырттарының сылаулары сұр түсті қатпар-қатпар болған қабыршық, екі жылда бір бүркіп жауатын көк түсті жаңбыр суы жиналған шаңды қабыршық қылып қатырады.

Барлық үйлердің күнге қараған жағынан қарасаң арт жағында бір-ақ пейзажды көресің -үлкен қара тау. Жел тұрса тау үстінен сұр шаң-тозаңнан тұратын бұлт үзіліп ұшады.

Қазір көз алдыңда сағым көресің, жайылған мыңдаған табын-табын жабайы жылқыны, қалың шөпке шалынып жыртқыштан үркіп шауып бара жатқан елікті ұшып жүрген кіші, үлкен құстарға толы аспанды көресің.

Қайтатын уақыт келді. Көзіңді жұм. Қорықпа, қараңғы түнекке батсаң. Артқа бір қадам жаса, екінші қадамыңды жаса, үшіңді қадамыңда сүрінесін, менің қолымнан қолыңды үзесің. Көзіңді ашқанға асықпа, соққан жүрегіңді есті, кең демалып кеудеңнен деміңді шығар, демалғанда көзіңді аш.
Бөлісу:

24 пікір

ken
бұл не тағы?
bake
Орындық үстінде жайланып отырып, саяхатқа шығудың бір жолы ғой)) Тіпті берілсе уақыт машинасымен өткені мен болашағына саяхат жасауға болады. Уақыт бойынша адамды көшіретін машина баяғыда адамдармен ойлап табылып қойылған)) Әркімнің өз уақыт машинасы бар)) тек мән бере бермейді
ken
Нұқ пайғамбардың кемесі қай жерге тоқтағанын көріп келсең, жақсы болар еді.
asaubota
аптыр жазып тұр. қызық нәрселер жазады екенсің.
Gastarbaiter
һиқ-қә-ә-ә… Админге һиқ -қәәә, қосылам мен де намана бғачке, наманы))
asaubota
ең болмаса стилі бар бөлек
meirzhan
Саяхат деген жақсы ғой, саяхаат. Аспанда көк мұздар. неге олар ерімейді. өйткені қатып қалған. қатты қатып қалған мұзбалақтар ешқашан ерімейлі, тек ақырзаманда ған ериді екен, әлде күн сәулесі өтпей ме екен. неге олар өтпейді? ғалымдар ашпаған жаңалықтар көп демек. бірақ оны әлі ашпаса ол несіне жаңалық деп аталады. білейм, білмейм. саяхат уақыт мащинасымен саяяхат. от алдыр, алға бас, тедеггішті баспа, оян
Gastarbaiter
Кварцты қостыңдар ма? Иә, мына жігітке местный наркоз да жарайды. Жылдам-жылдам. Үстелді дайындаңдар. Болыңдар енді, Мәрзияш!!! Мәрзияяя-яш! Дефибриляторды дайындай бер, жоғалтып аламыз босқа! Те-е-ез!
meirzhan
Наркоз, наркоз, құтқарыңдар мені, құтқарыңдар сені, жұғып кететін бәле, медбратқа өтпей ме әлде
zholantai
әдемі жазба екен, тыныс белгілерін ойымда өзім қойып, одан кейін оқып барып, түсіндім
bake
қолдағаңызға алғыс
FaraOn1
Көзіңді жұм.
дегеніңді қайталағаннан кейін-ақ көзімнің алды қап қараңғы боп кетті, далше не істерімді білмей отырмын, дауыстап айтып берші
bake
Оқығаныңды бірден істеп отырып әрі қарай не істеу керектігін жазылған нұсқауды оқи алмаған көрінесін))
FaraOn1
аха дәл таптын.))) бұл саяхатқа құлақ арқылы бару керек сияқты. оқып отырғаннан гөрі, тыңдағандап отырғанда сіздің айтқан жаққа саяхаттап келер ма едім)))
былай да пайдасы бар екен, манадан интернеттен демала алмай отыр едім. көзімді бір жұмдым да посттардан, пікірлерден, жаңалқтардан бір тынығып алдым, автор рақмет!)
rakisheva
bake
тым нақты ойласаңыз уақыт машинасына сену қиын))
rakisheva
Мүмкін, бірақ мен сенемін  Келесі жолы оқырмандарыңды қайда апару ойыңда бар? Құпия болмаса )
bake
мысалы айға баруды ұсынам, егер қарсы болмасаңыз, өкінбейсіз
rakisheva
Оооой, күнге барайықшы
bake
Жоқ күнге барсақ оның ыстығынан күйіп қаламыз (бірақ интернеттегі лақаптарға сенсек онда да тіршілік бар көрінеді)
rakisheva
Ал ай суық дейді ғой. Онда мұз болып қатып қалмаймыз ба?
Marationok
Жылытатын адам болса, қатып қалмайсың, сұлуым