ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЗСЫНШЫ „АМАНДЫҚ„ АТТЫ ЖАҒАДА...

Өмірде ойға алмаған, күтпеген кездесулер болып тұрады. Ол кездесу ұзаққа созылуы да, қысқа болуы да мүмкін. Бірақ маңыздысы кездесудің ұзақ, қысқалығында емес, маңыздысы – есте мәңгі қалатындығында. Санаулы күндер бұрын менде сондай кездесу болды.



Жексенбі күні кешкі сегізде Алматыдан досым келді. Оны соңғы рет қателеспесем үш жыл бұрын көргенмін. Алғаш рет «Азамат» пікір – сайыс клубында танысқанмын. Уақыт бір орнында тұрмайды, адамдар өзгереді. Досымды күтіп аларда «Мен білетін Данияр ма, әлде уақыт оны да өзгертіп жіберді ме?» деген сұрақ мазалағаны рас. Бекер мазасызданған екенмін, сол баяғы ақ жарқын, көтеріңкі көңіл – күй сыйлай білетін Данияр екен. )))

Ол келген күні түнгі Өскеменде серуендедік. Үлбі өзені мен Ертістің тоғысқан жеріне жеткенде екеуміз де үнсіз қалып, табиғатты тамашаладық. Күнделікті күйбең тірлік өзіңнің ішкі әлеміңе бір сәт үңілуге мұрсат бермейді. Сол күні оған да уақыт табылды.



Екінші күні Ертістің жағасында болдық. Күндіз адамдар сол жерде суға шомылып жүретін. Күн ұясына батқаннан кейін ол жерде де өлі тыныштық орнайды екен. Өзен жағасында отырып Алматыда өткен қызықты күндерді, ортақ достарымызды еске алдық.



Үшінші күні Өскемендегі «Қазақстан» деген жазуы бар тауға шықтық. Өте әдемі көрініс. Таудың бір жағына қарасаң түнгі қаланы көресің. Ал екінші жағына көз салсаң мүлде басқа әлемге ұқсайды: аспанда айналаға нұрын шашқан алтын ай мен меңіреу тыныштық.







Төртінші күні… Газет шығатын күн еді. Сағат кешкі сегізге жиырма минут қалғанда досымнан «Мен аяқ астынан бір себептермен кетіп барам. Тағы да келермін. Рахмет саған барлығына!» деген хабарлама келді. Көңілім құлазып сала берді. Алматыдағы бүкіл дос атаулым сол Даниярмен бірге келгендей әсерде жүргенмін, енді олардың бәрі сол досыммен бірге, менімен қоштаспай кетіп бара жатқандай күйде болдым. Оған хабарласып, қай жерде екенін сұрап едім, Өскемен темір жол вокзалында екенін айтты. Алды — артыма қарамай, жұмыстан сұранбастан вокзалға қарай жүгірдім. Жол бойы таксистті «бол, болдың» астына алып, сегізге бір – екі минут қалғанда көздеген жеріме жеттім. Сөйтсем досым «Әзілдегем, ешқайда кетпеймін. Алматыдан бір құжаттар күтіп алу үшін келгенмін» деп тұр күлімсіреп. Әрі ашуландым, әрі қуандым. ))

Бесінші күні Ертістің сол жағалауында бой көтерген Этноауылға бардық. (Өскеменге жол түссе, сол жерге баруға кеңес берем). Бұл жердің ерекшелігі сол — мұнда қазақ пен орыстан бастап, кәріс, неміс, шешен, татар, ұйғыр және басқа да этностардың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беретін байырғы баспаналарына бас сұғып, тамашалауға болады. Жалпы аумағы 7 гектарды алып жатқан жерде XIX-XX ғасырлардан сыр шертетін 11 ұлт өкілінің ерте заманда тұрақтаған үй-жайлары орналасқан. Сол жердегі экосаябақты, хайуанаттар бағын асықпай аралап жүргенде кеш те батты.























Алтыншы күні түске қарай оны жолға шығарып салдым. Қарағандыға кетті. Кеше туған жері – Шымкентке жеткенін айтты. Санаулы күндерден кейін өмірімнің сәулелі сәттері өткен Алматыға да жетіп қалар. Оны көргенде Алматыны қаншалықты сағынғанымды түсіндім. Ол да, мен де қоштасу дегенді ұнатпаймыз, сол себепті бір – бірімізді ертең көретін адамдардай «кездескенше» дедік те, кері бұрылып кете бардық. ((

Ашық боп әркез жолыңыз,
Қашан да аман болыңыз.
Толы боп адал достарға,
Жүрсінші оң мен солыңыз.

Жүрсек те екі қалада,
Біргеміз ойда, санада.
Жүздесуді жазсыншы,
«АМАНДЫҚ» атты жағада… ))
Бөлісу:

33 пікір

ademi_alem
Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ…
araika
Осындай достарың көбейе берсін!
Өңім тұрмақ, түсімізге де енбейтін Өскеменге құштар етіп қойдың ғой
ademi_alem
Рахмет, Арайка! Келе ғой Өскеменге. Екеумізді Астанада кездестірген тағдыр, Өскеменде де кездесуді жазар күндердің бір күні. )))))))))))
Kypshak_man
шынымен де Өскеменді көргім-ақ келіп кетті
Korkem
Тамаша кетті) Өскемен деген ғажап жер екен ғой өзі
ken
екі есікті киіз үй?
kokbori
"Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса"
ademi_alem
иә, көріп отырғаныңыздай, екі есікті киіз үй. Екі есікті болғанын қайтейін, ішіне кіргізбейді оның. Ол жердегі үйлердің бәріне кіріп қарауға болады, ал мына киіз үйдің есігі мереке кездерінде әкім-сәкімдерге ғана ашылады. Негізі киіз үй есігін құлыптамаған ғой білуім бойынша. Және бұл жерге келушілердің көбі киіз үй ішін көргілері келеді, бірақ жабық.
ken
каркасын темірден тұрғызып, сыртын жәй ақ матамен қаптап қоя салған фейк киіз үй сияқты
AKA
Алды — артыма қарамай, жұмыстан сұранбастан вокзалға қарай жүгірдім.
 Қандай керемет достық, ұзағынан болғай!
ademi_alem
Рахмет, АКА. ))) Қалаған жұмыс кез келген қаладан, қалаған уақытта табылуы мүмкін, ал досты қалаған уақытыңда іздеп жүріп таба алмайсың ғой. Сол себепті бес минут болса да, бір минут болса да досымның қасынан табылғым келді. ))
Armanjan
сюреттер  қорытынды өлең  әдемі-әлемнің достыққа адалдығы
aza
Ееее, братаныыы! Өскеменді көрмеппін өмірі, тамаша екен ғой… Әсіресе, анау екі өзеннің тоғысқан жері, тамаша ғой, түүууу сөз жоқ!
VKM
Маладеееес!!! Мен қазір Өскемендемін.Мен де сағыныппын.Тап-таза қала және сондай жүрекке жақын, ыстық.Мен Куленовкада таудың басында тұрамын
satibaldi
Етегінде тұратындардың тағдыры қынжылтты…
ademi_alem
Ол жақ та өте әдемі ғой! ))) Сіз Катонқарағай ауданында туғансыз ғой иә қателеспесем…












мына жерлер сізге жақсы таныс шығар онда )))  
VKM
Болғанмын талай рет, дегенмен мен Үлкен Нарында туғанмын.Бұрын бөлек аудан болған,қазір бірікті.
Marationok
Неткен табиғат, әдемі… суреттерің де әдемі
bizbike
Өскемен шынымен сұлууууууууу екен! Барғым келіп кетті.
Tyulpan
сәәәәәәәәәәәәәәәән!!! міне, енді әдемі әлем болдыыыыыыыыыыыы ))

достық, дос туралы жазғаныңыз қатып кетті. сәәәәәәәәән   әлі талай кездесерсіз. мен сенем
ademi_alem
Иә, жақында тағы да келіп кетті жұмыс барысымен. Ол келген сайын менің көңілім көтеріліп, жүрегімде тыныштық орнайды. ))
Tyulpan
сіздікі өзі таза достық па?  жүректе тыныштық туралы ан жақта біреулер жазып еді....әәәәй білмим күдік күдік
ademi_alem
)))))))))))))))))))))))))))))))) таза достық. Жүрекке тыныштық жиі орнай бермейді ғой, шынайы достардың жанында жаның тыныш қой қашан да. ))
ruben
Шымдық Данияр дегесін ұзын сары Дончик есіме түсіп кетті. Құрдас та екенбіз
bizbike
менің есіме бізді Ақтөбеде дебатта жайратып кеткен Данияр түсіп кетті, Хабарда жүр еді, соңғы рет Асыл арнадан көріп едім. Тіпті теледидар қарамаудан қалдық, қандай рахат
ademi_alem
осы ма? Өшірдім қайтадан
bizbike
қайсысы, түсінбедім?
bizbike
теледидар қараудан кешіріңдер