Милицияға түстім

Неге? деген сұрақтың туныдауы заңды әрине. оқиға былай болды, аудан орталығынан ауылға шығайын деп такси ұстап тұрғанмын, қолымда шылым, тұқылын тастай бергенім сол еді қасыма бір мент жетіп келмесі бар ма.

— темекі тұқылын не үшін белгіленбеген жерге тастайсыз?
— қалай сонда, далада, күре жолдың бойында тұрып темекі тартуыма болмай ма? қандай заң бар көрсетші қазір жолдың бойында шылым шегуге болмайды деген.
— заңды көрсетем мен саған, жүрші машинаға — деп қолтығыма жармасты көк көз сары жігіт.
— тоқтаңыз бармаймын мен ешқайда, сіз өзі кімсіз куәлігіңізді көрсетіңізші.
— сен не тапаншамды көрмейтұрсың ба, мен не еріккеннен асынып жүрмін ба мұні.
— жоқ көріп тұрмын ғой, көрсетіңізші куәлігіңізді — деп тұрып алдым, ол алып шығып көрсетті де:
жүріңіз енді бөлімшеге,
Мен: жоқ бармаймын ешқайда.

Сонымен не керек мен полиция қызметкеріне бағынбаған болып шықтым, тағы екі милиция шақыртылды, соңында сізге ксен салу керек пе міндетті түрде деген сөздер айтылды, қойшы әйтеуір юөлімшеге келдік, кіріп бара жатқанымызда сол мекеменің бастығы шығып келе жатыр екен: Аға бір минут тыңдайсыз ба мені.
оның мені тыңдауға құлқы да болмады.

Содан кейінгі диалогтар қысқаша былай болды.

Олар: кімбоп істейсін.
Мен: мұғалім.
Олар: бастығыңа айтамыз жұмыстан шығарады сосын (5 жастағы баладай алдайды)
оралман екенімді бетіме басқысы да келді, тапаншамды көрмедің бе? деген қоқанлоқыны естігенім өз алдына, соңында штрабыңызды жазыңызша тезірек дедім.

Қысқасы солай ашуланып келдім үйге, түнімен ойландым олардың қызметтік этикасы туралы арыз түсірмекте болдым басында, әлі ойланып отырмын.
Бөлісу:

33 пікір

sammita
өткен айда шымкентте ауданда туыс атамыз пенсиясын күтіп, көк шалғында демалып темекі тартып отырса, бір милиция келіп «мен сізді соткіге түсіріп алдым, штраф төлеңіз» депті. Атамыз пенсиясынан 1500 теңге беріп кетіпті. Е квитанция жоқ, е хаттама жоқ. жынымның келгенін-ай.
«шаш ал десе бас алатындарға» жақсы болды мына пәрмен.
satibaldi
Құтырып, менмен болып кетпеу мақсатында арасында түсіп тұрған дұрыс.
serjan
Солай екен біраз жеңілдегенімді сеземін.
mercedes
милицияларды да арасында менмен болып кетпеу үшін тәубесіне келтіріп тұру керек
monti
байқағаны балдарға көп тисед ага осы полиция өкілдері.
неге олай екен?
Daniar-Alan
қыздар бақырып шақырып миын ашытад, ұра да алмайд оларды, полиция өкілдерінің де құлағына тиыштық керек… уошым соолл…
serjan
Йә айтпакшы мені ұстаған милицияныңда операторы бар болатын.
sammita
оператор? а?
satibaldi
Байланыс операторын меңзеп тұрса керек.
Armanjan
камераға қарап можно передать привет деп қоймадың ба?
Marationok
Менттер де адам ма еді… тағы бір дәлел.
Abilakim
нормалдары бар арасында
Abilakim
бір он бес күн жатып, демалып шықпадың ба?
Adiletshu
Бір таныс бала біреуді балалармен жабылып ұрып, біраз уақыт жатып шыққан. Келгенде толып әдемі боп кетіпті. Кейбір адамға түрме де жағады
asaubota
негізі олардікі дұрыс саған айып таққандары. тек бірақ алдымен өздерін таныстырулары керек еді. қарсыласуыңа да болмайды, ол да айып.
asaubota
барлық жаңа сөздерге ауыздары тез үйренген қазекем осы Полиция сөзіне үйрене алмады ақыры
Marationok
Бауыржан Исаевтың қазақ полициясы атты әнін естімеген шығар.
Abilakim
Енді оларды «ПЕНТ» дейтін кез жетті дейсіз ғой
Janasil
қолымда шылым, тұқылын тастай бергенім сол ед
Тастамауың керек еді.
— темекі тұқылын не үшін белгіленбеген жерге тастайсыз?
— қалай сонда, далада, күре жолдың бойында тұрып темекі тартуыма болмай ма?
Осы жерде ол неге шегесің емес, неге жерге тастайсың деп сұрап тұр. Жалпы келісем штафтағанмен. Әйеліңмен 3 болып әп-әдемі жерде кетіп бара жатсаң немесе отырсаң қасыңда темекіні бұрқыратын қанынды ішеді. Ату керек әнесті бәрін.
Daniar-Alan
кетЧ. қорқайын дедім сенен.
Daniar-Alan
билікке жібермей керек сені. Стекең далада қалатын сияқты ғо бұл түріңмен…
serjan
Түнде үйге келгенде ашуланып жатып ұйықтағанмын, таңертең ойладым; оларда өз жұмысын атқарып жүр ғой деп, бірақ арасында мені оралман орысша түсінбейді деп ұқты да: «Он не че не понимает, как я сам скажу, деді әлгі мені ұстаған жігіт қасындағы әріптесіне, жалпы орысша әңгімелерінің әуенінен байқағаным, „Мынау тиын тебен бере салып құтылып кетуді білмей тұр“ дегенге саяды.
Abilakim
я понимайыт, я понимайыт" деп айқайламадың ба? Ренжіме,қалжың ғой. Қазір шамалыдан соң өкпең тарқап, ашуың басылады
serjan
Милиция мен полиция сөзінің қандай айырмасы бар шыны керек соны түсінбеймін.
Abilakim
алдыңғы екі әріптері басқаша дыбысталады
Daniar-Alan
жо, Әбеке сен түсін… Сержан биологиядан сабақ береді ғой…
Abilakim
былай қарасаң хромосомалыры да, гармондары да сондай бірдеңелері де бір дегісі келіп тұр ғой…
«Полиция» деп атаса қызмет сапасы бір-ақ күнде өзгеріп шыға келеді деп ойлаған екен кезінде
AL-ASTER


Daniar-Alan
Сержан айырмашылығын түсінді деп ойлаймын..
edige
Ешқашан да «жұмыс орныңды айтпа»,«жұмыссызбын» де…
Daniar-Alan
қағида намба уан