Татардан келер қатер бар ма?

Әр мақал-мәтелдің айтылатын жері, беретін белгілі бір ойы болатыны сөзсіз. Қай халықты алып қарасаңызда.
Біз қазақтар өзімізді "қонақжай халықпыз" деп дәріптейміз. Орыстарда өздерін солай есептейді екен. Қазекем күтпеген қонақты "Құдайы қонақ" деп шашбауын көтерсе, орекеңдер «Незваный гость хуже татарина» деп жақтырмағандай сыңай танытады. Бұл мақалдарының бір ұшы сонау моңғол-татар шапқыншылығымен байланысты деседі. Бұл мақалды қазақтың қонақжайлылығын көрсету үшін алмадым. «Татар» сөзі үшін алып отырмын. Біздің халқымызда «Татар бар жерде қатер бар» деген де сөз бар. Шынымен бұлардың бір бәлесі бар ма? Біздің мақалдың шығу себебі неде екен?
Бөлісу:

73 пікір

alisha
«Один татар среди казахов выживет, один казах среди татаров не выживет» дегенді естіп едім.
Abilakim
бірінші рет естуім
alisha
Неғып мұны уайымдап отырсың? Татар қызға басың кетіп жүрген жоқ па?
Daniar-Alan
Әбекең тоқалдатсам ба деген ойға қалып жүр осы кейінгі кезде. байқап жүрм
alisha
Мен де байқаймын, басымды шайқаймын
Abilakim
жәй,әңгіме болсын деп.Өзім осы ұлтан қатер көрмеппін негізі
kokbori
Жалпы татарлар мен қазақтар жиі қырқысқан ғой, Сібірлік Көшім ханның кезінде. Содан қалған тәмсіл болар. Әйтпесе, Қобыланды неге Қазанды құтқаруға барсын. Кейін Ермак Сібірді жаулап алғанда, қазақтар орнынан қозғалмапты, қуатты болса да. Себебі ол кезде Көшімханның аярлығы себеп болған дейді тарихшылар.
alisha
Марсель Көшімхан ба
meirzhan
Шежіреші қарт Марсель Көшім ханның әулетін ойран қылар ма екен, әлде даңқын асқақтатар ма екен
alisha
Неге уайым болды саған? Татар қызға көңілің нетіп, кетіп жүрген жоқ па?
sammita
Досың болса татардан, қалыспассың қатардан.
***
Жолдасың татар болса, қойныңда балтаң болсын.
***
Жүзі бөлек болса да жүрегі бір, түрі бөлек болса да тілегі бір
Abilakim
«орыстан досың болса қойныңда айбалтаң болсын» дегенді естіген едім
sammita
енді типа сол ғой, небір түрлі қып айтады. Татарға қатысымыз жоқ, беті құрсын)))

3 татардың бір жеріне тиіп кетіпті қазағымның сөздері
Armanjan
желігіп, желпініп жүретін жігіттерді көргенде, осыған татардан қатын алып беріп, орнына қою керек деп жататын үлкендер. Бұл да тегін айтылмаса керек. татардың қыз-қырқындары, қатын-қалаштары екі аяқпен қосып, екі қолды да бір жерге тығыв жіберетін бәле болад дид білетіндер.
Daniar-Alan
екі аяқпен қосып, екі қолды да бір жерге тығыв жіберетін
дөп-дөңгелек болып қаласың ба сонда?
Armanjan
олар нақтап кіріссе, болдырып жіберед дейді ғой қандай асауыңды
Daniar-Alan
мен танитын татарлар жуас әйтеуір. «е, аққұлақ» деп сөйлейміз оларға әдетте
Abilakim
ұялмайсың ба?
Daniar-Alan
түсінбедің Әбеке. араласатын татарлар бар. түрі сары, көзі көк, құлағы ақ. әзілдеп «аққұлақ» дегеннің меніңше еш сөкеттігі жоқ. ол — бойы қысқа жолдас балаңа «е, қортық» деп, немесе толықтауларына "қабақ" деп прикол ұстағанмен бірдей меніңше. бірақ, шынында да жуас мінездері. анау-мынаулармен ерегісіп қалса әдетте біз, қазақтар шешіп береміз олардың мәселесін.
Abilakim
сен әзіліңді шынымен құлағына қарап айтқаныңменен, айналаң, әлгі татардың өзі басқалай түсінуі мүмкін ғой
Abilakim
Онда қара нәсілді бір дос тауып алып «Ақуыс», «Ақтабан» деп ойнайық)))
Daniar-Alan
онсыз да қап қара қазақ досым бар. соны қаралығына байланысты негр дейміз. ал арық досымызды — турбослим дейміз
Marationok
Ұятты нәрсе екен…
meirzhan
ұят болған екен мынауың расында
omarbirat
Кезінде өзімізбен бірге оқитын жалғыз татар баланы да біз де «татар — бесатар» деп келеке қылушы едік. Ол бізге ештеңе демейді, ашық ренжігенін көрмедік. Бірақ қазір сол үшін ұят боп жүр . Біз түртпектейтініміз болмаса, жап-жақсы жігіт еді. Түрі басқаша болғанымен, кәдімгі қазақ болып жүретін. Кейін Балқаш жаққа көшіп кетті.
asaubota
татардың қатері бізден гөрі орыстарға көбірек шығар. татар қанша дегенмен бізге орыстан жақын халық. түбіміз бір, тіліміз бір. қазаққа дін және білім үйретуде татардың еңбегі көп.
kokbori
Кез келген орыстың бетін тырнасаң ар жағынан татар шығад дейді екен еуропалықтар
meirzhan
Татарлар тілімізді жоғалтпаймыз деп орыстарға қарсы күресіп жатыр ғой қазір. соған қарағанда татарға қатер орыстан болса керек.
VKM
Октябрь төңкерісіне дейін, былай айтады екен:«Егер бір қазақ жігіт қалаға оқуға келсе,1 татар қызының бағы жанады » деп.Апам айтып отыратын.Сакен Сейфуллиннің әйелі Гульбахрам апа, Ильяс Жансугуровтың әйелі Фатима Габитова апа татарлар, а Ахмет Байтұрсыновтың әйелі орыс болған.
Жалпы татарлар мұсылмандар, христиандары да бар)
Aidakonya
«Там, где татарин прошёл, еврею делать нечего», «Нам татарам — всё задаром», «Когда татары родились — евреи плакали» маган татарлар унамайды вообщеееееееееее
Marationok
Негізі, соңғы екеуін былай естігенмін.
«Нам татарам, лишь бы даром»,
«Когда татарин родился, еврей заплакал»
Aidakonya
енди, не гой, былайша, магына озгермеди ше
Marationok
Әрине мағынасы өзгермейді, қалай естігенімді, және көбінесе қалай еститінімді айтып тұрмын да.
mercedes
Татарлар пысық халық дейді ғой әйтеуір
meirzhan
Татарлардан қазаққа зиян тимеді меніңше. Ресей патшалығы кезінде қазақтар арасында діни қозғалыстар бақылаусыз қатты кетпесін деп, татар молдаларын жіберіп отырған. содан тілімізде де өзгеріс болған. Уфа мен Қазаннан талай қазақ білім алған.
Zilola
Жалпы жаксы халык, по крайней мере уйгырлардан жаксы. А так жеке озiме ешбiр улттан катер келмептi шукiр, казахтарды санамаганда. Бiзге жау сырттан келмейдi.
Armanjan
біздегі татарлардың бәрінің төбелері тесік, байқап қалжыңдаймыз.
Gastarbaiter
Ентелеген тақырып.
Лавхейт.ру мен маймыл.рудан қалған гәлөш мәселе.
Abilakim
олардан қалмаған мәселе бар ма?
Gastarbaiter
Мәселе де емес қо бұл. Шәй үстіндегі әңгіме
Adiletshu
Татардың қыздары әдемі болады
mercedes
Метис халықтар әдемі болады ғо
satibaldi
Анау қырда татар тұр:
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қаззақ тұр, бейшара, сорлы очм, ұмытып қалдым. © Жүсіпбек Жұмабаев (әлде Мағжан Аймауытов па ед?)
VKM
сіз де бірнәрсені білмейді екенсіз ғой бла-бла-бла ди салдыңыз))))
satibaldi
"Қоқыс жәшігі дәнекерленген тұстарындағы тігістерінен қақ айрылды да, бас иесі қоқыспен бірге ақтарыла сұлап түсіп, сақ-сақ күлді". ©Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
VKM
Өз сөзіңізбен айтуға келмейді ме, кілең цитаталар қоясыз) Осы кітапты Қисық екеулеріңіз ғана оқығансыздар ғой дим)))
Armanjan
Қажығұмар Воркута Құнанбаевичті қалай ұмытасың нақ!
AL-ASTER
сорлы очм, ұмытып қалдым. © Жүсіпбек Жұмабаев (әлде Мағжан Аймауытов па ед?)
AL-ASTER
Шоқынатын, орыстанғандар сосын нөрмәльнилар дитіндер бар көрінед
ademi_alem
)))))))))))
Daniar-Alan
сорлы очм, ұмытып қалдым. © Жүсіпбек Жұмабаев (әлде Мағжан Аймауытов па ед?)
дегенге не айтасыз?
ademi_alem
кім не десе де өз еркі деймін. ))
satibaldi
Өлең жазбай кеттіңіз ғой өзі?
ademi_alem
))) Жұмыста интернет дұрыс емес, баяяяяу қозғалады тасбақа жүріспен. Не жазба орналастыра алмаймын, не пікір қалдыра алмаймын. (( Сол себепті Керекке кіріп оқуды ғана білемін қазір, оның өзі әрең ашылады. ((
Gastarbaiter
Татар арттарынан тарттырып жіберген лузердің шығарған мақаласы.
Өзіңе бекем болу керек мақалды, ұлттарды сылтау қылмай.
mercedes
Міне міне!  
Заманың қасқыр болса түлкі боп шал
AKY
жоқ жерден мақал шығара қоятын не әдет? заманың түлкі болса, тазы боп шал!
mercedes
шатасып кетіппін. не бопты соншама?
meirzhan
шатасқанда да бүйтіп шатасуға болар ма екен. Қазақ түлкіні қасқырға қойған кезі болып па? интернетке білім алуға келген жастар мұны оқыса не болар екенін ойланып көрдіңіз бе, жоқ па?
Gastarbaiter
Өз жазбаңнан өзіңнің ішің пысып, аузыңа запран келетін кездер бола ма?
meirzhan
иә, бір жағынан бұл да ермек қой
Gastarbaiter
Мақаласы емес, мақалы дегім келген. Әбіл, ренжіме
Abilakim
Сенікі де Сигманы Сигема деген секілді бірдеңе шығар, ондай-ондай ханның қызында да болады. Сен қыз емессің ғой, тем более ханның қызы емессің.Құрдастығың және бар
mercedes
Сигманы Сигема

Abilakim
Нұрғиса аты қолданушымыздан бізге жеткен прикол))
ken
Мына тақырыпты көрмеген екем. Әбіләкім, егер осы қойған сұрағың сен үшін әлі де өзектілігін жоғалтпаған болса, пікірім мынадай.

Татарлар Ресей құрамына басқа түркі халықтарына қарағанда әлдеқайда ертерек кірген ғой. 16 ғасырда орыстар оларды жаулап алады. Кейінірек көптеген татардың сұлтан, бек, мырзалары орысша білім алып, орыс патшасына қызмет еткен. Ресей өзінің шығысы мен оңтүстігіндегі халықтарды отарлау барысында татарлар маңызды роль атқарады. Жергілікті халықтармен келіссөздерді татардан шыққан шенеуніктер жүргізетін болған. Өйткені тілдері ұқсас. Түркі халықтарына жатпайтын басқа халықтар да көбіне өзімен көршілес бір түркі тілін білетін болған. Олармен де орыстар осы татар тілі арқылы сөйлескен. Л.Толстойдың Хаджи-Мурат деген повестінде орыстар мен шешендердің бір-бірімен осылайша келіссөздер жүргізгенін байқауға болады — орыстар татарша, шешендер қарашай тілінде сөйлесу арқылы бір-бірімен тілдеседі. «Татар бар жерде қатер бар» деген сол кездерден қалған болса керек.
Басқа түркі халықтарында да бар екен:
Татар бар жерде катар бар (қырғызша)
Татар бор жойда хатар бор (өзбекше)
Tatar bar ýerde hatar bar (түркіменше)