Сейдуманов қызметінен босатылсын!

Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов ономастика туралы заң қабылданғаннан кейін Алматы қаласының «Алма-Ата» болып өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ол дүйсенбікүні Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдегенін хабарлады ҚазТАГ.

Бұл масқара жаңалықтан барлығыңыз хабардар шығарсыздар?! “Естідік. Естідік де қойдық” деп отыру жарамас деп осы жазбаны жазып отырмын.

“Еділді келіп алғаны, етекке қолды салғаны,

Жайықты келіп алғаны, жағаға қолды салғаны” – депті жырау да батыр бабаларымыз. Павлодар мен Петропавлдың аттарын өзгертіп, алға жылжи алмай жүргенде бұл бір кері кету болады. Әй жоқ, жәй жоқ, “өзгертеміз, өйткені құлаққа жағымды естіледі” дегендері қай сасқаны?! Біле білсек, “«Алма-Ата» – орыстардың ойдан шығарған атауы. Оны қолдаушылар «бұл да қазақша ғой, сонда қазақтарға ол неге жақпайды?» деп таң қалады… Шын мәнінде «Алма-Ата» – «Алматыны» айтқысы келмеген, оны қазақ тілінің заңдылығына сай жазуды қаламаған жұрттың бұрмалаған сөзі (Қарағандыны да сөйтіп «Караганда» деп алған жоқ па?). Ендеше орыстілділер бұған неге қарсы? Өйткені, олар «Алматы» деп айтса, жазса, қазақ мемлекеттілігін, ондағы қазақ тілінің үстем болуы керектігін мойындап қойғандай болады. Ал мұны олардың ешқашан мойындағысы келмейді. Есесіне, «Алма-Ата» атауы оларды баяғы кеңестік кезеңге, ешкім қазақ тілі туралы, титулды ұлт туралы әңгіме қозғауға батпаған бақытты шақтарға жетелейді… Сондықтан да «Алма-Атадан» айрылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға бар…(С.Сыбанбай)”

Біз мұны әкім орынбасарының қазақ тіліне ашық қарсылығы деп түсінеміз. Сондықтан жастар болып оның өз қызметтегі орнын босатуын сұрауымыз керек. Болмаса тек алматылықтардан емес, бүкіл Қазақстан алдында кешірім сұрасын!

Бөлінгенді “аю” жейді дейтін заманда жастардың бірігуі керек.

Үлкен ағаларымыздың, кейбір замандастарымыздың арасында бұл масқараға қарсы қол жинау басталып та кетіпті.

Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз, жас блоггер. “Мысықмұрт көкемнің мысықтілеу туыстарының” қазақ тілін мазақ етуіне жол бермейік.
Бөлісу:

27 пікір

SaryQazaQ
Ғизатулин Рахат. rahat29@mail.ru
Marseille
Бүгін емес, 28 мамырда айтқан.
Алматы, Алматы болып қалады. Қала әкімі немесе орынбасары айтты екен деп ешкім ауыстырмайды оны. Ал Петропавл мен Павлодарды осы заң негізінде ауыстырады. Және алматылық көшелердің атаулары да өзгереді.
SaryQazaQ
Өзгерттім. Ескерткеніңізге рақмет
asaubota
бұл әрине болмайтын нәрсе. біздің қоғамды осындай өтірік нәрсемен әуре қылып қойды әдеттегідей. ал дәл сол кезде қоғам білмеу керек басқа тірліктер жасалынып жатыр деп ойлаймын.
sammita
аха, қоғамның көңілін әншейін аудару тәсілі. Кейін бәрі қалпынша қалады шулатып алып.
Janasil
Қорықпа өзгертуге шамалары келмейді.
Daniar-Alan
 Алма-атаға ЖОҚ Сейдумановқа ЖОҚ мысықмұртқа ЖОҚ
АЛҒАААААААА ҚАЗАҚТААААААААААААААААААААРРРРРРРР
omarbirat
Қаланың атауын өзгерткеннен кейін қаншама қағазды ауыстыру керек болады. Оны ауыстыру үшін ақша керек. Одан да сол ақшаға көбірек балабақшалар салмай ма? Ақшаны жұмсайтын басқа жер құрып қалды ма екен? деп орекеңдердің мақамымен әңгіменің басын жіберсең

Аршат айтқандай, елді алдандыру болса керек. Ертең жұртты шулатып-шулатып алады да, жұртқа жағымды бір пәрмен шығып, қаланың аты өзгеріссіз қалады.
Nurshat
«Алма-ата» ны былай қарасаң қазақша секілді, тілімз үйреніспей жүр ғой,, бұған да көндігіп кетеміз, Әкім орынбасарының сөзі…
Rafaello
Жігіттер ақырындап тамыр басып көріп жатыр ғой. Орыстардан, орыстанудан қорқу керек. Астанаға Кирилл әкей мен Медведев келіп жатыр. Бір нәрселер болып жатқаны анық, сендер Алматы дейсіңдер.
mercedes
Кирилл әкей))))) Жалпы менде солай ойлайым. Бұнда бір гәп бар
Abilakim
«орыс-қазақ бір туған» болып кетер ме екенбіз қайтадан
asaubota
сол ғой, болашақта Ресеймен қосылып кетудің алғышарттарын жасап көріп жатыр халықтың реакциясын тексеріп.
Abilakim
Жалпы, қазақтардың орыстануынан, араптануынан қорқу керек. Өзгеде кез келген ұлтқа айналуынан қорқуымыз керек
mercedes
қазақ орыстанбайды, араптанбайды, қазақ қытайланады
Zilola
Болмaшы нaрсeгe тaкырып aрнaп сeн дe, кeлтiргeн aргумeнттeрiн aлсiз.
Zilola
aйтпaкшы, бул кiсi КaзГАСАдa жумыс iстeгeн кeзiндe.
konvict
Негізгі аты Алматы емес, Алмалы болса керек-ті. Өзгертсе бірден Алмалы деп өзгертсін. А то, «Алматы» деген сөздің мағынасы жоқ секілді. Айтпақшы, Оқспырт ғраматикасы бойынша Алматыны Алмади деп оқиД
omarbirat
Фейсте бір картаның суреті жүр. Сол картада 1928 жылы орыс тілінде де Алматы деп аталғаны бар.
Негізі, Алматының маңайында қазіргі қазақ тілінің ережелеріне бағынбайтын атаулардың бірнешеуі бар. Бұғыты, Сөгеті деген сияқты
asaubota
Жаңаөзен сотының қорытындысын күтіп отырған халықтың назарын, сондай ақ Ресеймен интеграцияның күшейіп кетуі сияқты басты оқиғалардан халықтың назарын басқа нәрсемен алдандыра тұрудың түрі ретінде Алма Ата дегенді ойлап тапты. Бұл политтехнологияның бір түрі...
дейді Фазылбек деген досым өзінің Фейсбук бетінде
Abilakim
«Халк тепсе қалт теппейді» дегендей Фазылбек айтса солай болғаны
Erbol
Фазылбектің сөзінің жаны бар. Сейдуманов әкім екеумізге ұнайды, ауысуы керек деп мәлімдеме жасап қарап отыратын жынды емес шығар. Қоғамдық пікірді басқа арнаға бұрып, уақытша халықты алдай тұру үшін саяси технологияларда мұндай әдіс жиі қолданады.
Adiletshu
Міне ол қалай, Михаилұлы
SaryQazaQ
«Халықтың реакциясын тексеріп жатыр» деген пікір келіңкірейтін сияқты.
salamat
бұл серик тің шешетін, тіпті пікір білдіретін мәселесі емес.
егер жаңа заң жобадығыдай қабылданса, онамостика түйткілдері
тек ғана астанамыз Астанада шешіледі де,«талқылауға жатпайды»
серик саяси технологтардың қуыршағы,
уақытша болса да ҚАЗАҚ мәселесін көтермеулі көздегені.
salamat
«көтермеуді» деп оқыңыздар