Абзал жандар ма, арам жандар ма?

«Милиция мен медицинаға күнің түспесін»
Осы сөздің түрлі нұсқасын естіп жүрсем де, онша көп мән бермейтінмін. Тіпті «Ана жақта дәрігерлер бүйтіпті, мына жақта сүйтіпті» деген қауесетті де елемейтінмін. Алайда, басыңа түссе ойлана бастайды екенсің.
Менің немере екі әпкемнің де қыздары сау болып туғанмен, бір жасқа жетпей аяқтарынан тұра алмайтын болды. Аяқтарын баса алмайды екен. Бірақ туған кезінде ештеңе айтылмапты. Демек кейін келген деген сөз емес пе? Әйтеуір, Алматыға, Астраханьға шауып жүріп емдетті. Сонымен не керек, бұрынырақта болды ғой деп жүрген кезде, өзімнің туған апамның ұлы сондай аурумен ауырады екен. Диагноз тура алдындағы жиендерімдегідей. Оны да емдетіп жүрміз. Осы кезде ғана бір сыпсың сөз шыға бастады. «Дәрігерлер туған бойда тізесінен жілік майын сорып алады» дей ме,әйтеуір сондай. Шыны керек, бұған қазақшылығымызға салынып, әйтеуір емделсе болды деп үйдегілер елер емес. Бірақ біздер үндемегенмен қаншама ауыр қылмыс жасалынып жатыр, егер шын болса. Айтайын дегенім, осындай жағдайлар сіздердің, болмаса сіздердің жақындарыңыздың басынан өтті ме? Осы сөздің рас-өтірігін біле алатындар бар ма? Шынымды айтсам, біреуге осыншама күнәні үйіп төгіп тастағым келмей отыр. Бірақ беймаза ой да тыным таптырар емес. 

Пы.сы.«Гиппократ анты қайда?» деп жар салғым келіп отырғам жоқ. Бірақ білгендеріңізді ортаға салған жөн болар.
bk
Бөлісу:

78 пікір

Rafaello
Генде бар нәрсе шығар? Әйтпесе жұрттың бәрі жыламай ма аяқтары сондай деп.
VKM
мен де солай ойладым, егер тек сіздердің жанұяларыңызда болса.Неше кіттей бала бар әулетімізде, осындай ауруды естімеппін.
dark_nazgul
Бір отбасының балалары бірдей ауырса, демек гендік деңгейде деген сөз. Және, өңкей жиендеріңде байқалғанына қарағанда, аналарына ортақ деген сөз. Үлкендер тексерілсін.
aikarakoz
Менің ағамның қызының жамбасында ақау болды. Оны 3 ай гипс қойып, 6 ай шина кигізіп емдеді. Түзеліп кетті. Бірақ, 6 жылдан соң сүйек ішіндегі май іріңдеп жатыр деп, ота жасады. Қазір шауып жүр. Аяғы оқтай . Келесі балада да сондай ақау болды, бірақ алдыңғысындай қауіпті емес, шина кигізіп емдеді. Доқтырлардың айтқаны: анасы аяғы ауыр кезде кальцийді, дәрумен атаулыны аз қолданған.
Сенің туысыңда да солай шығар мүмкін.
Жілік майын алу дегенді мен де есіткем…
Zilola
Жaнa туылгaн сaбидiн костный мозг дeгeнi тaптырмaйтын эликсир молодости eкeн. Кыруар акша турады екен. Так что, гендiк емес, расында да бар ондай кылмыс. Созак ауданында коп, когермегiр кокбеттер экологияга жаба салады.
Abilakim
Қазір ауруханаларға барған кезде дәрігерлердің халатына назар аудару керек. Абзалдары ақ халатпен, жексұрындары жасыл, көкбеттері көк киім киіп жүреді.
sammita
көкбеттер аяғыңды швабрамен нұқып, күңкілдеп жүреді «Бахилааа!» деп))
alisha
Қазір жақсы болды ғой қайта бахила талап етуге тыйым салынып
sammita
аха, бірақ процедурный, операция бөлімі, инфекциялық бөлімдерге, әйелдер дәрігеріне киіп кіруді не үй тапочкасын әкелуді сұрайды. түсінуге болады.
Zilola
Қыттайдың ауруханасында өзіңді адам сезінесің ше, ал Қазақсьанда қай-қайдағы еден жууышы да ұрысып кетеді палатаңда ауырып өлгелі жатсаң
sammita
көп жерден естимін сондайды. Қайдағы санитарлар ұрысса. Ақша сұрау (тілену), дәрі сатып алғызу, дер кезінде қабылдамау… сұмдық…
Zilola
Айы-күні жетіп босануға дайын болып барған әпшеме қарамай қойыпты, жездем қалталарына ақырын 500 теңгеден екі санитаркаға салып берсе, әлгі екеу дәлізде шайнегін көтеріп жүгірді дейді. Әпшеме ыстық шай әкеліп, ажаптауыр күтіпті.
Daniar-Alan
әпшеме

түсіне ламай қойдым, тараз, қытай, шымкент. қайдансыз миссис Х?
Zilola
Қытайда (Үрімшіде) болдым, Жамбылда туылып-өстім, қазір Алматылықпын. А так жүрегім өмір бойы Шымкент деп соққан )))
Айта кететін жайт, мен мисспін )
Armanjan
оеваааааа, егер рас болса өте сұмдық екен, жаңа туған нәрестеге қалай қолдары барад деш.
kokbori
Әрине, шын болса, ауыр қылмыс. Бірақ көзіммен көрмегесін, өзгелерден сұрап отырмын ғой
patick
Қарындасымның бір жамбасында дефект бар. Кішкентай кезінде байқамаппыз, жүре бастағанда ақсаңдайтынын білдік. Көпшілігі дәрігерлердің ебедейсіз әрекеттерінен деп айтып отыр. Жүрегі шайлығып қалған анам, емдетуге апармады. Халық емшілеріне апарып еді, бірақ нәтиже шамалы. Енді осы жазда Алматыға келейін деп жатыр.
Aigolek
Менин агамнын кызында да осындай болган. Тож аягын басканда билинди. Бундай жагдай коп кездеседи екен. Ол байкус кызды аягын 10 кундей еки жакка керип байлап койды шпогатка 180 градуска отырганша. Сосын гипспен солай шпагатпен 6 айдай журди сосын тагы бир ремень сиякты брвалелермен бираз журди. Казир 5 те. Оте нервная, тартипсиз кыз казир. Врачтар сол корген киыншылыгынан дейди минезинин сондай болганы. Казир ешкандай проблеммасы жок. Соны караган врачы оте жаксы врач деп естигем. Очередь коп болады екен оган. Сол врачтын ози солай ауырган екен. Сосын озинин кызы да. Егер керек болса контактыларын тауып бере алам
patick
Жарайды, если что саған хабарласармын. Бірақ қарындасым операцияға квотамен келе жатыр. Ақсайдағы ауруханаға келеді.
alisha
Сосын жұлыннан алынған сары суды онкологиялық ауруларды емдеуде қолданады екен.

Біздің бір танысымыздың қызы биыл 6-ға толады, құлағы тас керең. Бала жеті айына дейін жақсы болған, дыбысқа елеңдеп, атын атаса, қарап күлетін еді дейді. Содан соң қатты ауырып, реанимацияға түседі…

Шыққаннан кейін баланың дыбысқа реакциясы болмай қалған. Ата-анасы Ресейге апарып келді баланы. Олар бір кездері шамадан тыс және қауіпті кезеңде баланың жұлынынан сары су алынғанын, кереңдік соның салдарынан екенін айтыпты.

Түрі бар, ештеңеге таң қалмаймын өз басым.
Abilakim
менің 94-ші жылғы інім осындай бір жағдайлардың салдарынан мүгедек болған еді. Мен әскерге кетерде жүгіріп жүрген,әскерден келгенде мүгедектер арбасында қарсы алды. Облыстық ауруханада жатқанында дәрігерлер жұлынна пункция дей ме бірдеңені рұқсатсыз алыпты деген сөздерді естіген ем сол кезде. Жұрттың бәрі жұмысбасты кезде, үй өртенгенде үймен қоса кетті марқұм…
Gastarbaiter
Шешессс, не деген өлім, не деген соққы((( Арты қайырлы болсын. Көзіме елестете алмайм.
Abilakim
ия,өмір біз ойлағандай емес.Дұрысы, біз ойлағандай бола бермейді. Інімнің денесін үйдің бір бұрышынан таптық. Жанұшыра арбасымен қашқан сыңайлы.
Ол кезде мен әскери едім.Жүрегім бірдеңені қатты сезді. комбаттан үйге жіберуін өтіндім.Ол болса компта нарды ойнап отырған«Жеңсем қайтасың, жеңбесем осында қаласың» деді.Жеңіліп қалды. Арада он минут өтпей жатып суық хабар алдым…
Ottegin
Алиша-ханум, жұлын пункциясы дегенді естігеніңіз бар ма?
Дүдәмәл жаңалықтарды жаюдың қанша қажеті бар?
alisha
Бар, әрине. Дүдәмал болатындай ештеңесі жоқ. Бұл науқастың жағдайына қарай жасалатын процедура. Демек, мұны жасар кезде баланың жағдайы ескерілмеген, кері әсер беруі сондықтан. Мен нақты сол балаға қатысты айтып отырмын.
kokbori
Ал, сонда шамадан көп алынбаса ештеңе болмай ма?
alisha
Шынымды айтсам, білмеймін онысын. Мен сол баланың анасынан естігенімді, ол дәрігерден естігенін айтып отыр. Қызық үшін іздеп қарасам, госзакупкаларда сондай статья бар екен. Оттегин мырза айтсын, біледі ол ненің дүдамал, ненің бір амал екенін
dark_nazgul
Мәселе шамадан көп, аз алынғанында емес. Нервке тиіп кету қаупі бар. Жалпы, пункция қауіпті шаралар қатарына жатады.
sammita
інімнің ұлына 2 жасында суық тиіп, пункция алған, әке-шешесі жас болған соң ба, әлде басқа амал болмады ма білмеймін. Әйтеуір алды. Кейін бұлар өкінді қауіпті екенін біліп. Қазір тілі кеш шығып жатыр. Пункцияның әсер бар-жоғын білмеймін…
Ottegin
Сосын жұлыннан алынған сары суды онкологиялық ауруларды емдеуде қолданады екен.

Онкологиялық аурауларды емдеуге қолданады дегеніңіз дүдәмел емей не?
Aigolek
Осыдан 1 ай бурын менен кеинги 25 жастагы иним ветрянка шыгып уйде жаткан кезинде оте катты киналып больницага апарганбыз. Сол куни даригерлер жулыннан пункция алмай койган. ертенинде танертен алды. Бирак ерте алса да кеш алса да бари бир енди
dark_nazgul
Жұлыннан пункция алу деген ол «на крайний случай» жасалатын процедура, диагностиканың басқа тәсілдері нәтиже бермеген кезде. Олар тіпті алмай қоюды былай қойып, сіздер алғызбай қоюларыңыз керек еді.
Aigolek
Бизде сол крайная ситуация болды гой. Казир кыркына дайындалып жатырмыз
kokbori
Мүмкін дәрігерлердің қатесі емес шығар, басқалардан сұрап көрмедіңіз бе?
Aigolek
даригерлерди киналаган ешким жок.
kokbori
Жоқ, кінәләсаңыз да орынсыз болмас, бірақ анық қанығын білген жөн ғой. Дәл сол дәрігерлердің кінәсі анықталса соттату керек
Aigolek
Бул жерде биздин Даригерлерге алгыстан баска айтар ештенемиз жок. Инимнин миына кан куйылган. куйылганда именно журектин согысын реттейтин мидын болшегине куйылган. бундай жагдайда риск 100 процентти курайды. Даригерлердин айналдырган 22 сагаттын ишинде жасаганын козинмен корип отырып даригердерди киналай алмайсын. Телевизордан гана корип журген телемедицинасына дейин колданды. Арине биз де даригерлердин солай истеуине арекет еттик. Бирак абзал жандардын кобирек екенине сенемин озим
sammita
дұрыс айтасың, қандай ауруда болсын риск болады. Қарапайым көрінген операцияның өзіне еш дәрігер 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Арты қайырлы болсын.
Abilakim
иманы жолдас болсын, артының қайырын берсін
Gastarbaiter
Айгүл, артының жақсылығын берсін. Есімнен танып отырм, шок, басқа айтар сөзім, жоқ.((((
Aigolek
одан улкени Арнур.
Zilola
Кaйгылaрынa ортaкпын, имaны сaлaуaтты болсын!
Aigolek
рахмет. айтканын келсин
Abilakim
басында мен де солай ойлап қалдым. Кім болса да бауырдың орны бөлек қой
Aigolek
Ол казир уйде жур. 12 си куни кетеди. Сол куни ушып келген болатын.
dark_nazgul
Арты қайырлы болсын!
Бірақ, ол күні пункция алынғанымен, оған сараптама жасалып, оның нәтижесі дайын болып, ол бойынша диагноз қойылып, емдеу алгоритмдері жазылып, ол процедурная медсестраның қолына тигенше…
alisha
Қайырлы болсын қазаның арты! 25 жасымда мен де баламнан ветрянка жұқтырып, жаным көзіме көрініп еді.
dark_nazgul
Жалпы ересек адамға ветрянка өте ауыр тиеді. Мен де 25 жасымда ауырғам, оның үстіне ішімде 8 айлық балам бар. Өліп тірілдім, шын айтса.
alisha
Түсінемін, бірақ сол ауырып тынған жақсы деседі ғой білетіндер…
dark_nazgul
Әйтеуір өмірде бір-ақ рет болатыны жұбаныш.
дәрігерлер күлген: "қызың внутриутробно ауырып алды, енді ветрянка болмайды" деп. Оның есесіне, инфекция өкпесіне өтіп кетіп, іштен шыға сала антибиотик алды түрлі түрлі.
Adiletshu
Менің әпкемде жүкті кезінде ауырған. Дәрігерлер кемтар болуы мүмкін деген. Құдайға шүкір, сау
sammita
сол ветрянкамен бала кезде ауырған жақсы, ересектердің көбі көтере алмайды оны деген әңгіме шын ба?
alisha
Айголектің сөзі дәлел ғой бұған…
dark_nazgul
Иә. Мысалы, мен сол кезде 2 жаста болған үлкен ұлымнан жұқтырып ауырдым. Ұлым менің сіңлімнен жұқтырды, ол 22 жаста болды о кезде. Балам шауып жүріп, түк білінбеді. Тек түнде қызуы көтеріліп, мазасызданады, су ішіп алып ұйықтап қалады. Күндіз ауырған балаға мүлде ұқсамайды да.
Ал сіңлім екеуміз жаман ауырдық.
Ottegin
Шын. Қазақтың дәстүрлі, яғни, көшпелі өмір сұрген кезінде, ветрянкамен ауырған баласы бар үйге кішкентай балаларды әдейі жинап, ауыртқан деседі кейбір орыс деректері.
dark_nazgul
Ағылшындар краснуха (қызамық? есекжем?) деген аурумен қыздарды кішкентай кезінде әдейі ауыртып алады екен. Өйткені есейген кезде онымен ауырған қыз бала бедеу болып қалу қаупі бар, ал жүкті кезде ауырса, іштегі баланың жүйке жүйесіне зақым келеді. Сол себепті, біздің елде фертильді жастағы әйелдерге тегін вакцина қойылады, ал жүкті кезде ауырған әйелдің баласын алдырту туралы мәселе қойлады, өйткені ол баланың көру, есту мүшелері зақымдану қаупі жоғары.
Ал «свинка» деген ауру ер балалардың бедеу болып қалуына соқтыруы мүмкін, дұрыстап емделмесе.
Ottegin
Бір жеңгем жүкті кезінде сол краснухамен ауырып, әйел консультациясындағы дәрігер аборт жасауды да ұсынғаны бартын, наққа кетті
Туған ұлы сау, қазір мектепті бітіргелі жатыр
sammita
есекжем-экзема, краснуха-қызамық. свинка деген паротит пе, яғни құлаққа қатысты ауру ма?
sammita
«Гиппократ анты қайда?»
«Гиппократқа ант берген жоқсыңдар ма?» дегенде «бердік, бірақ қол қойған жоқпыз» деген сұмырай әзіл бар.
kokbori
Бюрократияның заңы десей
alisha
Сосын жұлыннан алынған сары суды онкологиялық ауруларды емдеуде қолданадыs дегенді естігендерің бар ма, бізге мәлім диагностикалық мақсаттан өзге…
sammita
кім біледі, зерттеу жұмыстары үшін алуы да мүмкін. Жақында қан тапсырдым, дәрігер келіп рұқсат сұрап қол қойдырып бір шприцке бөлек қан алды. Бір генетикалық молекулярлық зерттеу үшін қажет екен. Келістім рұқсат сұрағанына ішім жылып. Әйтпесе ақыры алып жатыр, сұрамай да ала салар еді ғой.
alisha
зерттеу мақсатында және емдік мақсатта жасалады ғой негізі, бірақ нақты сол сырқаттың өзіне емес, екінші бір науқас үшін дегенім ғой
sammita
оны түсіндім, бірақ білмейді екем нақты («конкретно» деген мағынада)
sammita
өзім ісіне салғырт, жауапсыз дәрігерге жолықпаппын. Қанша емделіп жүрсем де дәрігерден көңілім қалған кез болмапты (беті аулақ). Ақысыз, анау-мынау сұратпай ел қатарлы емделдім. Былайынша Астананың емхана-дәрігерлеріне сенем, басқа жерге қарағанда.
sammita
тағы айтарым, қазір дәрігерді/аурухананы таңдау құқығы бар. Алғаш қабылдауында болған дәрігер ұнамады ма, басқасын таңдап, сұрастырып көріп, ауыстыруға болады.
alisha
Біздің атыраулықтар жергілікті дәрігерлерден көңілдері қалғаны соншалық, соңғы үміттерін арқалап Астраханьға барады бәрі… Сосын Орал қаласына жоғары баға береді. Астраханьға барып таң қалдым, клиникасында кілең біздің жақтың адамдары ем іздеп жүрген. Бір қуанғаным, ресейдегі ең мықты балалар гастроэнтрологы деп іздеп барған адамым қазақ болып шықты. Риза болдым, УЗИге кезексіз кіргізді, қарындасым еді деп.
Janasil
Деген сыбыс бар ел арасында біраздан, бірақ нақты айғақпен ұсталған ешкімді естімедім. Әлде ұсталғандар бар ма?
kokbori
Негізгі ойым осы болатын
Aidakonya
«Дәрігерлер туған бойда тізесінен жілік майын сорып алады» Егер осылай шынымен жасалган болса, оны казир балаларды карап журген даригерлер аныктап беруши еди, сондай-ак бул улкен кылмыс!
Gastarbaiter
Әскери сатқын сияқиы атып тастау керек ондай дәрігерді, ал адал еңбек еткен, адам өмірін сақтап қалған жағдайда медаль беру керек әскердің жұмысынан жауапкершілігі аз емес, сондықтан мемлекет де солай қарау керек.