"Телефондық вирус" немесе алқашқы трольдік лулздарым:)

Блог - Gastarbaiter: Телефондық вирус немесе алқашқы трольдік лулздарым:)
Халоу! Из энибади хия? Халло-о-оу? © Голливудтық ужастиктер

Ерте-ерте-ертеде, телефон шнуры келтеде, ғаламтор түсіңе де кірмейтін кезде, 8-сыныптан кейінгі каникулда ғой деймін, (қылмыстың срогы өткетті енді, айта берейін) бір көршімнің телефоны біздің телефоннан жаңғыратынды шығарды, әр звондаған сайын анау телефон да шырылдайды, алсам, көршім сөйлесіп отырад қыздармен, содан бір -екі күн тыңдап жүрдім. Әңгімені жаюдың мәні жоқ бұл жерде, өйткені дым қызық жоқ іш пыстырарлық әңгіме айтатын екі ғашық, енді өздерің білесіңдер, «не стеватырсың, сағындың ба?» деген сияқты. Содан бір күні әңгімеге киліге бастадым.
Мен тек арасында ғана «Иә-ә-ә» дегенде «Көтің сиәәә» деп айтып көрдім.
Сөйтсем оларға да естіледі екен.
СОдан бастап ара -тұра қосылып, қазіргіше айтқанда «троллинг» жасадым. Анаулар таңырқайд, типі «бұнысы нес?» деп.
Мен үндемей қалам. Әрі қарай жалғастырад әңгімесін,
«Нәғып» деген жерінде «Мұрынның боғы ағып» деп жай ғана сыбырлайм.
Қыз бен жігітт бұттан кетед.
— Сен бе айтқан?
— Жоқ.
—Сен жақтан шығып жатыр ғой.
—Жоқ деймін.
— Паралель телефон бар ма үйде?
—Жоқ!
(— Көтің боқ! -деп қоям.)
— Әне! Әне! Қойсайш ей сен ғо прикол ұстап отырған.
— Нан ұрсын, орта жолда біреу қосылған сияқты.
— Бізді біреу тыңдап отыр айттым ғой.
— давай қайта звондайын саған! -дейді бір кезде.
Қайта звондағанда, менің телефоным тағы шыр етеді.
Сөйтіп күннен күнге мен әңгімеге жиірек киліге бастадым. Кімсің? -дегенде «Телефондық вируспын» деймін. Тақпақтатып тұрып орысша боқтаймын әлгілерді.
Немесе бүйтем, қыз сөйлегенде үндемеймін, жігіт сөйлегенде «быртт-т-т» деген сияқты жағымсыз дыбыстар шығарам.
Мыс:
Қыз: —Мен кеше сені күтіп-күтіп, келмеген соң ренжіп кетіп қалдым.
Жігіт:— Қойш? Мен деген саған кеше айттым ғой. (Вирус: Бытыр-т-т-т-тт-)!
Қыз: — Не?
Жігіт: — Лібә анау тағы келді, кеше деймін, саған айттып ем ғо (быртт-т-т-тт-пырқ-пырқ) деп!
Қыз: —Дым қой естілмейд! Вирус зайыпты алды. Короче, саған ренжідім!
Жігіт: — Неге? Мен бүгін саған білесің бе, (бырт-т-т-т пытлық, фытлық… тық… тық)! Тьфу сука, нақ зайыбалсың сен де!
Қыз: — Мен бе зайыбал?
Жігіт: — Жоқ сен е(бырттттпылтықпыртық -бырқ-бырқ, шір-р-р-р, пиың, пиың, пубууууқ) Сукасың ғо білә!

Анау арлы берлі қиналды, боқтады, «АТС-ке звондайм» деп қорқытты. Дым шықпады оларынан.
Жалынды «Кто ты? Ну скажи пожалуйста, ничего не сделаем» деп.
Жауап «Я -телефонный вирус» -деймін. Образға кіріп кеткенім соншалық, әңгімеге нешетүрлі әдіспен киліге бердім— түшкіру, екі ғашық арасында романтикалық үнсіздікті осырықтың даусымен бұзу т.б. Кейін оған мән бермей, керісінше:
— Вирус барсың ба? Қалайсың? -деуді шығарды. Үндемей отырам. "Әй, өліп қалған жоқсың ба?" дейді. Үндемеймін. "Қой, с ним айта берші әңгімеңді" дейді қыз. Үндемей жігіттің әңгімесін тыңдап алам да, әңгімесін айтып болған соң, «Пиздика ты гвоздика»дейм. Екеуі де бұттан кетеді.
Өзіме қызық болды, оларға да кейін қызық бола бастады.
Кейде жігіт "Қазір сыртқа шығып келейін, вируспен сөйлесе тұр" деп маған қызын тапсырып кететінді шығарды аз уақытқа. Мен қуана-қуана өзімнен екі-үш жас үлкен қыздарды «развлекать» ететінмін.
«Сотка» деген жоқ ол кезде (біздің ауылда жоқ әйтеуір). Қарым-қатынастың жалғыз жолы телефон. Солай біраз айлар бойы, әлгі жігіттің телефонын бағып, біраз мәлімет біліп қалғанмын. Анда санда көңіл күй жоқта сықпыртып аузымнан келгенін айтып боқтап, нешетүрлі образға еніп, даусымды біресе кемпір, біресе шал, біресе жағымсыз кейіпкердікімен келтіретінмін. Кейде көңіл күйім болғанда, өлең айтып, тексттер оқитынмын.

Сонда әлгілерді КНБ-данмын деп қорқыту, немесе басқалай ақпараттарды жинап, тыштырту ойыма келмепті. Он үштегі әшәуінің басына қарап сызылған балаға ол да болса ермек ғой.
Очм, жаңа әлгі пақыр хакерді оқып отырып, каникулдағы жағдай есіме түсіп, үстелден омақаса құлай жаздадым.
(Сондай ерекше бұзақылықтарың болса, бөлісе отырыңдар)
bk
Бөлісу:

49 пікір

sammita
вирус барсың ба
alisha
Бізді ана жақта шәйнек деп жатыр Ренжімеңіз, жалғыз емеспіз
sammita
әйтеуір админмен қатар тұратын деңгейге жетіп қаплыпыз, разы болайық, шүкір, шүкір
Aidakonya
Вирус барсың ба? Қалайсың?
satibaldi
Ұқсас троллинг жасағанбыз Очм, баяғы бермегейіп 90-да, барлығы қараусыз қалған уақытта, қойма тонаушылардан қолдан-қолға өтіп, ерекше қасиеті бар «Казахстан» деген үлкееен радиоқабылдағыш тиді қолымызға. Қасиеті — УКВ/КВ диапазонының барлығын тыңдай бересің, рақат нақ! Очм — менттер мен теміржолдың радиоканалы қолда, рақатнақ. Сосын «Аэлита» деген мафон болды, сонымен эфирге шығамыз. Мысалы, Бердалының екі адам үшін жұмыс істейтінін білеміз, қасқаның 3-4 сағат ұйқыға ғана уақыты бар. сол үйіне қайтады-ау дегенде «Беке назад, Беке назад, локомотив опережает график!» дейд жігіттер. Анау сонда «Көкелер, ең болмаса үйдегі тамағымды құйып алып қайтайын біләд, а?» дейд рацияға. Түрін елестетіп бұттан кетеміз. Сосын шын диспетчермен хай-вайы басталад.
Бір күні пақан ауыл ішіндегі осындай қойнялардың көбейіп кеткенінен бірден бізден сезіктеніп, антеннаны жығып, қабылдағышты сарайға атып ұрып, өзімізді пішен шабуға көттен бір теуіп қуып жіберді
alisha

Бір күні пақан

Сен де өзіміз сияқты мақан мен пақаннан жаратылған екенсің ғой
satibaldi
Киелі Рухтан жаратылды деп ойлауға итермелеп жүр ме едім не?
Gastarbaiter
Мен де бейбақтың түрін елестеттім) )) бұларың қатыгез енді))
Korkem
муахахахах, Гастаааа
AL-ASTER
Бұрындары, панасоник деген радиотелефон болған, дизайны нашар, сым антеннасы бар еді, сомен әпкемнің подружкілері жігіттермен сөйлесетін. Трубкасын алып кететін, базасындағы антеннасын теликтің антеннасына тигізгенде қыз бен жігіттің романтикалық әңгімелері твден тікелей эфирде тыңдалатын
satibaldi
Аха, әлі бар ол телефондар Мәмбеттер квартира сатывалғанда алад
AL-ASTER
оның алдында параллельно бір телефон қосып тыңдап жүргем, бірақ кейде одан біліп қоятын шумнан, анау антенна рақат болд сосын
satibaldi
Лібә, шын айтқанда мегаполистерде жынД әңгімелер тыңдап қайтасың ғой пәтер жалдап жатсаң. ТВ-ге де, сосын Норфолк, Атланта сияқты ішіндегі катушкасы реттелетін р-қабылдағыштарға да іліне береді радиотелефондар. Небір әңгіме естисің. Пайдаланып кетсе ғой мысалы бір ниеті жаман жертартқыр.
patick
Ондай приколдардың неше түрін істейтінбіз. Менттарға, пожарныйға звондайсың. Ойға келген номерді теріп, трубка көтерген адамға прикол ұстайсың. Бірде ерігіп, әжемнің үйіне звондап, ол кісіге де прикол ұстағанбыз
Gastarbaiter
Одан да ертелеу, жас он онбірлерде үйге бір танысымыз кішкентай баласын қалдыркетті, төрт бес жасар ырбыңдаған тәлпіш бала. br>
Қарай тұруға да.
Ойынның бәрін тауыстық, алысып жұлысып болдық. Шаршадым. Ұрсайын десем, мамасына айтады, анаған тиме, мынаны бұзба деп айтпасам, бәрін бүлдіріп, бұзып тынатындай. Бала тәлпіштеніп, қанды іше бастад.
Сарай жаққа барып, атамның шапанын киіп, басыма шүберек жамылып, «Бабай» боп келіп
балақайды қорқытып, бөлмеге қамап кетқалдым. Үйден шыға бере баланың бақырып жылай бастағанын естідім.
Сарайда күртемді дұрыстап киіп, келіп есікті ашып, бабаймен төбелесіп, жеңіп келдім- деп жұбаттым.
Біраздан кейін қайта ырбыңдай бастад.
Алдыңғы процедураны тағы қайталадым.
Лібә, жынды адам құсып, әрі бері жүгіріп жүрген бір адам екенін білген жоқ.
Мамасы келгенде, бүжәймен аға төбелесіп қуып жверд- деп тұр.
))
Бұл да троллинг ғой, авантюрасынссс
bazuka
құрбым түңгі он екі-бірлерде кез-келген номерге звондайтын холодильник аласын ба деп
Barsa
Вокзалда пойыз күтіп отырмыз. Күндізгі лимитсіздемін, қолымда «Жұлдыздар отбасы» журналы. Соңғы бетін ашсам, әншілерге СМС арқылы дауыс беріледі екен. Сол СМС арқылы рейтингтері шығып тұрады, жанында қай нөмірден, кімнен СМС келгені жазылған. Шетінен алып соқсай келіп, «Бауырым шымкенттен екенсің неге Каспийге дауыс бересің? Өзіміздің Нұржанға дауыс бер. Шымкенттіктерді қолдап қоялық, мақұл ма?», "Қарындас, журналдан соғып отырмын. Жігіттерге берген дауысың жарамсыз, тағы екі мәрте бермесеңіз рейтингі түсіп барады" т.б. Көбісі редакцияданмын дегенге сеніп қалды. 2 сағат қалай өтіп кеткенін білмей қалдым.
Abilakim
Бұндай оқиға менің де басымнан өткен еді. Сол журналда бір ғана адам Бауыржан Исаевқа дауыс берген бе,әлде ұнатамын деген бе сондай бірдеңе әйтеуір. содан әлгінің нөміріне «Мен Бауыржанмын, рахмет пікіріңе» деп звандай салғанмын. содан әлгі қыз күн құрғатпай звандап тұрды. «Аға, бір сұхбатыңызда „Адайдың қыздарын ұнатамын“ депсіз» дей ме әйтеуір көп әңгіме айтты. алматыға әнші болып қалай келу керек дей ме? содан суретіңді жіберш дедім, Майқұдықтағы мекен-жайымды бердім.Ол жақта не істеп жүрсіз?-дейді. Шахтерлердің қаза тауып жатқан кезітін, солар жайлы клип түсірмекшімін дедім. араға он күндей уақыт салып суреті келді, альбомымда әлі тұр)))
sigma
Вокзал, жұлдыздар отбасы, телефон шалу, екі сағат.
Мен білетін екеудің қайсысысың?
aikarakoz
Хе-хе! Менің есіме де біраз нәрсе түсіп отыр шы
***
Біздің телефонға кеш түссе болды, тыным болмайтын. Ағаларым ығыр болып, маған бұрқылдап жүретін. Бірде, нешінші сынып екені есімде жоқ, солай тынымсыз қоңыраудан шаршап кеткен ағам тұтқаны көтеріп, ұрыса бастады. «Тыным бола ма, жоқ па? Кімнің баласысың өзі?» деген кезде "… жемей, Эльвираны шақырш нақ" депті. Ағам аузын ашып үлгергенше тұтқаны қоя салған. Ондай көргенсіздің кім екенін өзім де білмейм, ағам мені қылқындырып, «ана жігіттің кім екенін айт» деп жатты. Үш минут өтпей, тағы шырылдады телефон. Ағам тұтқаны көтере сала, бар білетін боқтығын айтып, әке-шешесінен түк қоймады. Сөйтсек, сот сәтте қаладан звондаған жеңгемді аямай боқтаған екен, кейіннен жылағандай болып айтады

***
Түнде телефон безілдеген ғой. Жаздыгүні далада жатқан жеңгем келіп тұтқаны көтерсе:
— Алло, бұл баня ма? — депті.
— Жоқ, баня емес, — десе: — Онда неге тыржалаңаш тұрсың? — деген жауап алған жеңгем ұйқысырап тұрғанда түк түсінбей, киініп алып, төсегіне жатқан ғо . Ертесіне маған сөйледі біраз
***
Звондап алып қуатындар көп еді. Тұтқаны көтерсең: «Шашыңды жайып жетіп келдің бе?», «Кешіріңіз, жындыханаға түсіп кетіппін ғой» деп қаныңды ішетін. Кейін определитель орнатып, жанымыз кіріп қалды ғой
alisha
Ее, ондай қызықтардың түрі болды ғой.

Бір күні қайта-қайта «вирустар» телефон соғып «Кімдікі екен?» деп қайта-қайта сұрай беретін көрінеді, апам ашуланып: «Пушкиндікі» деген ғой, кішкенеден кейін қайта соғып тұр дейді: «Кешіріңіз, Пушкинді шақырып жібересіз бе?» деп;
*********
Біздің кластың «жігіттері» банктің қыздарының мазасын алатын, «Кешіріңіз банкіге түсіп кеттім бе, негізі шөлмекке соғып отырмын» деп…
VKM
Гаста сол кезде сұмырай болыпсың ғой
qisyq
— Алло, сәлеметсіз бе…
— Сәлеметсіз…
— … Серікті шақырып жібересіз бе?
— Серік тұрмайды бұл үйде, қате тердіңіз.
* * *
— Алло, Серік бар ма?
— Серік тұрмайды дедім ғой, қайта теріңіз!
* * *
— Алло, Серікпен сөйлесуге бола ма екен?
— Әй, ойнап тұрсың ба, Серік жоқ деймін, звондама!
* * *
— Алло, Серік…
— Тфүй, йопт ***. Мен саған звондама дедім ғой, ***, ***, ***, жаныңды шығарамын! ***
* * *
— Алло, кешіріңіз, мен Серік едім, маған ешкім телефон соққан жоқ па?
Gastarbaiter
Лібә, анекдот қой бұл
Бастан өткен бұзақылықтарды жаза отыр.
qisyq
Аха, анекдот, бірақ, бір рет жасағанбыз. Өтті, негізі, тек Серігіміз сөзін жөнді айта алмай, күліп, құмығып қалғаны болмаса.
Zhan
«Из рук в руки» деген газет бар Астанада. Сондағы жұмыс іздеп жүрмін деген қыздардың номеріне қасымдағы квартирада бірге тұратын көрші қыздар түн ішінде сағат 1-2-лерде звондап, «Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жасыңыз нешеде? Бізде мынадай жұмыстар бар, айлығы мынанша» деп жынды қылатын. Сонда олар сеніп қалып, түнгі сағат екі-ау, үш-ау демей сөйлесе беретін. Тек бір қыз ғана «түн ішінде қандай жұмыс?» деп ұрсып беріп қыздарды орнына қойған.
sammita
«Из рук в руки» деген газет бар Астанада
барлық қалада, ресей, украина, беларусияда да
qisyq
Түргеннен де көргем, бір орыс апа сатады.
sammita
Түрген атауының тарихынан айта отырыңыз Сіз де)))
qisyq
Іле Алатау мемлекеттік табиғи саябағында Іле Алатаудың солтүстік жағындағы Түрген ойпаты Алматыдан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте заманда бұл жерде шығысқа қарай яғни Қытай мен Үндістанға керуен жолдары жүретін. Түрген ойпаты өзінің су сарқырамаларымен әйгілі, олардың саны 7. Аюлы сарқырамасы биіктігі 30 метр жардан құлап ағады. Бұл жерде таза суы бар бұлақтар болады. Түрген су сарқырамасына бару жолында сіздер келесі көрікті жерлерді көресіздер: Түйеқұс фермасы, Форель шаруашылығы, Жастық бұлағы, ашық аспан астындағы Музей, Есік қорғаны. Сілтеме

Түрген шатқалы

Бұл шатқал өзінің көптеген субальпі және альпі жайылымдарымен Қазақстаннан тыс жерлерге танымал. Олардың ішіндегі ең ірісі — Асы жайлауы.

Түрген ауылы таудың бөктерінде теңіз деңгейінен 900-1000 м. биіктікте орналасқан. Жоңғар Алатауы жотасының бойындағы әдемі, көк желек жамылған бақтар мен жүзімдіктердің көбісінен ол ерекше тыныштықпен, әсем үйлерімен және жемістерінің көптігімен ерекшеленеді.

Түрген шатқалында Семеновтың үйеңкісі, жабайы өрік, Мушкетовтың кургавкасы сияқты құрғақшылықты жақсы көретін ағаштар айтарлықтай көп кездеседі. Есік шатқалында шыршалар 1350-1400 м. биіктіктен қаптап өсіп тұрса, Түрген шатқалында шыршалар белдемі 1650 м. биіктіктен басталады. Ауа құрғақшылығының жоғарылығы және ашық күндер санының көптігі — денсаулыққа және адамдардың тынығуына өте қолайлы. Түрген шатқалы «Тау-Түрген» санаторийімен танымал, онда аса терең жерден жылы бастау суы шығып жатады. Ол Буырқанған, суы мол Түрген өзенінің сол жақ жағалауындағы магистраль жолынан 19 км. қашықтықта 1400-1500 биіктікте орналасқан.

Үйлер Тянь-шань қайыңдары мен теректерінің, талдар мен жабайы Сиверс алмағашы мен өрік ағашы арасындағы жайылма орманға шебер үйлескен. Негізгі жолмен шатқалдың ішімен келе жатқанда 19 км жерде автобус аялдамасы бар және одан кейінгі жол, пайда болуы мұздыққа қатысты «Медвежий» сарқырамасына (биіктігі 30 м.) алып келеді.

Ол жерде «Батан» деген жер бар. Мұнда Түрген, Чи-Түрген, Ши-Түрген сияқты үш өзен бір-бірімен қосылып, өзендер алқабына айналған. Шатқалда патша форелін, сазан балық пен тұқы балығын өсірумен айналысатын форель шаруашылығы орналасқан. Аталмыш шаруашылық туристерді қабылдау үшін ашылған.

Түрген тас жазбалары – Түрген өзенінің жоғарғы арнасының беткейіндегі жартастарға қашалған суреттер мен жазулар. Жазу төрт жерден табылған. Оның үшеуі жартастарға салынған тау ешкілері, бұғы-маралдар мен адамдар бейнесі, сондай-ақ түрлі таңбалар, кей жерлерде руна жазбалар кездеседі. Түрген тас жазбаларының 3-еуін 1937 жылы Түрген археологиялық экспедициясы, ал 4-еуін 1958 жылы С.Аманжолов зерттеген. Жазу сыры толық ашылмаған.
qisyq
Түрген атауына қатысты нақты дерек жоқ.
sammita
жоқ болса аңыз құрайық та)))))
Zhan
Туу, Саммита, енді «Керекті» тек астаналықтар оқымайды ғой.
sammita
иә Саммитаға қосылам, дұрыс айтады
VKM
Қуып кеткен тақырып))))))
Gastarbaiter
Неменее қуғынбай коменттер)))
araika

Мен де талай тыңшы болғам Арам ой жоқ сонда, жәй ғана қызық еді. Енді қазір менің де әңгімелерімді біреулердің тыңдап отыратыны трубканы қолға алғаннан-ақ есіме түседі
Daniar-Alan
Мынадай темаларды қозғайықшы
bizbike
Радио телефон болатын ол кезде. Менің әңгімелерімді сіңлім радионы қосып қойып, телефонның толқынына түсіп тыңдайды екен.
MamaAya
мен жақында осы құлағы естімейтін күйеуімнің нағашы әжесі келіні, немерелерімен үйге келген ми ашып кетті. Ванна очередь, кухня тола ыдыс вообщем жалығып кеттім. Сол кезде туыс қайын сіңлімнен смс келді «Че делаешь?» деген.)))«Б* дурдом боватыр үй деген әже, женше, немерелері бәрі шұбырып келген» деп жазғам да автоматически смсті күйеуіме жібергем ғой)))) Мәәә, үйге кеп женшелерге айтып берді ғой. Не красиво боп қалды :p. Сүмірейіп кешірім сұрадым ғой. )))Хорошо что әже естімейт анау-мынауды.:facepalm Бірақ содан кейін ана женшелер жиі келе бермейтін боп қалды.:facepalm