Kenesxan (infern0) хакерден хак

Автордан кішкене өтініш!
admin , Aldeken , alisha , Abilakim , sammita , FaraOn1 деген сияқты ламерлер тақырыпқа араласпай-ақ қойса екен! Алдын-ала рахмет!


HASP-emul-дердің ең басты қорғаныстарының бірі, әрине, мұны тіпті осындағы alisha -да білед: 128 биттік кодпен түрлендірілген AX...CX регистрлерінің диапазонында жасырулы тұрған кодты тауып алу және дешифрлеу. Мұны қолданыстағы soft-тарға critical шаруа деп әлбетте айта алмаймын, бірақ рендерлік, нысанды шейдермен экстраполяциялау, clouds-есептеулерде айтарлықтай қажет дүния. Расы керек қой: software-лер сараң боп барады, ал біздің тапсырыс берушілеріміз қатал боп барады. Не істеу керек? Сөйтсек шешім сонша алыста жатқан жоқ! Мысалға HASP-кілтпен қорғалған Oktan (иәәә, баяғы Silicon Graphics есіңізге түсіп кетіп, бір жасап қалдыңыз ә, охх кевинмитник, охх крискасперски, охх бәлем!) жүйесіндегі кинематикалық жүйелерді модельдейтін NuclonWind бенчмаркін алдым. Бұл жүйемен барлығыңыз таныссыздар деп ойлаймыз.
Алдымен әрине, тікелей сканерлеу (чем шет не шутит?):

Ха! Alpha процессорының x86 стиліндегі инструкцияларды лақ еткізуі Сізді таң қалдырып отырған жоқ па? Ал мені — тіпті де: бұл шық бермес шығайбай хай-тек әлемі бір боқты түрлі қораппен сатып жүргенін бұрынғы Texas Instruments-тегі қызметімнен бері білуші едім. Ендеше, AX/BX байттық ұяшықтарын әрі бері бақылап жүрген interrupt инструкциясына назар аударамыз. Бірден көрініп тұр: soft қорғанысы — runtime-пакет. Бізді алдаған түрі. Барлығы RAM-да конкатенация арқылы parametric функцияға айналып, кілттің ID-ін тексеретін болып тұр. Бізге қалатыны — себеп салдарлық байланысы бар function-дарды аттап өткізу жіберу. Winsight-ты жібереміз:

Ха! Тағы да үлкен — Ха! Тіпті — Ха-ха! Баналды idle thread ағындарға тығып қойды деп, сен түгілі, мен де ойлаған жоқпын. Енді келесі код:
MOV EAX, [EBX]
MOV [ESI+EAX], CL

Екі-ақ жол код — енді NuclonWind — біздің қолда! Мінеки, қиын түгі жоқ, болғаны осы! Сізден тек қана кофе піскенге дейін қажет болатын шыдам талап етілді. Назарыңызға рахмет!
Бөлісу:

29 пікір

Daniar-Alan
admin, Aldeken, alisha, Abilakim, sammita, FaraOn1 деген сияқты ламерлер тақырыпқа араласпай-ақ қойса екен! Алдын-ала рахмет!
ияяяяяя бұлар араласса қиыыыыынннн
FaraOn1
өтінішіңе мені қоспасаң арласпас едім, өзің айтпақшы менің тақырыбым емес ед те
Abilakim
Араласпа десе араласпайық, ақыман, шәйнек екенімізді біліп отырсың ғой.
Офтоп: Баяғыда «Баклашка» деген бір қызды танушы едім)))

Жалпы, бұл тақырыпқа ешкім араласа қоймас пошта бұзғышхакерліктеріңдіссс…
Банктен ақша аударып алып жүргендей сөйлейсіңдер кейде
sammita
мені сенен кейін қойғанына іренжіп қалдым
FaraOn1
admin дегенің сайтта соңғы рет 17 қараша 2011 болған ғой. одан бері қаншам қилызаман өтті
Abilakim
кейінгі админімізді айтады-ау деп қалдым
konvict
Бұрынғы юзердің еріккен тірлігіне ерінбей пікір жазып жатырсыңдар ма
Daniar-Alan
енД біз сондаймыз. уақытымыз да көөөөпп. ерігіііііпппп сооооо
asaubota
ей, мүминдер, хакты қойып Хақ жолына түскендерің абзал!
alisha
HASP-emul-дердің ең басты қорғаныстарының бірі, әрине, мұны тіпті осындағы alisha -да білед:
Не менің басыма кіріп шықтың ба? Оны да бұза алатын қабілетің бар ма еді? Алиша байы мен баласын ғана біледі, о несі,әй!
Daniar-Alan
іскромничать етпеныз енД
alisha
Ламер екенімді мойындаймын

Оның не екенін жаңа біліп отырмын өзім
sammita
айтпа, біреуден сұрайын десем жаман сөз шығар деп, инеттен қарап алып
sammita
кіріспек түгілі бұндай жазбаны оқымаймын да, о несі-әй
alisha
Кірістіңіз ғой, 11-ден 4 алып, 7-сыныпта мектептен шығарлығанын «анықтаған» мен емес,сіз ғой
sammita
ламерша
alisha
Байғұс бала алдын-ала рахметін айтыпты, қойдық
Gastarbaiter
Жазбадан Сатыбалдыны танып отырған жалғыз мен бе, әлде бәрі соншалықты күрделі ме?
Лібә, базар жоқ пародия өтті. Сюжеттерге қосылсын!
Abilakim
(иәәә, баяғы Silicon Graphics есіңізге түсіп кетіп, бір жасап қалдыңыз ә, охх кевинмитник, охх крискасперски, охх бәлем!)

деген жолдар Сатекеңді еске түсіреді рас.Тек ол жолдар ғана емес
sammita
иә, иә мен де солай ойлап ем!
Aldeken
ІТ саласына қатысты жазбаларды қазақ тілінде түсінікті әрі қызықты қылып жазу тек Сатыбалдыға ғана бұйырған. өз ойым.
sammita
кейде біреудің ойын жазатын ба ең
Aldeken
иә, мойындаймын. бастықтың ойын қағазға жазып беретініміз бар, мемлекеттікқызметінсссс…
alisha
Әп дегеннен, тойыс Алиша дегенінен-ақ тануға болатын сияқты оны
Gastarbaiter
Есіме бірден гумиарабик шырыны мен есерсоқ математиктің «Елестетіп көрші нақ, елестетіп көрг!» Дейтіні сап ете қалды.
Есіміне шейін эталонды хаямбас хакерді (беті әрмен жұғып кетер нақ) кез келген мамандықты абсурд деңгейіне жетзкізіп әжуалау тек Сатыбалды мэтрдің қолынан келед, ол пародияның полиномы, сатираның салицилы, хард әдебиеттің хитині, бүкіл әлем әңгімелерін абсорциялаған алғашқы антропоморфты интермутант, үздік креатившілердің кросбридингісі, көркем сөздің коагулянты!)))))
Daniar-Alan
Есіміне шейін эталонды хаямбас хакерді (беті әрмен жұғып кетер нақ) кез келген мамандықты абсурд деңгейіне жетзкізіп әжуалау тек Сатыбалды мэтрдің қолынан келед, ол пародияның полиномы, сатираның салицилы, хард әдебиеттің хитині, бүкіл әлем әңгімелерін абсорциялаған алғашқы антропоморфты интермутант, үздік креатившілердің кросбридингісі, көркем сөздің коагулянты!)))))

лібәд, ауыр соқты…
Gastarbaiter
Шедеврды минустамаңдар дейм!
AL-ASTER
Ассемблермен жұмыс істегенде ұяшықтармен қарапайым операциялар ғана жасайтын білім бар  Ассемблердің түрі де көп көрінеді және төмен деңгейлі, бірақбарлық тілді жыртад сындыру бойынша, солай ма? Осы скайп, агенттерге кілт сөз енгізгенде соларды мәселен жүйелік папкаға немесе реестрге жөнелткендегі әректін (путьты анықтап үлгіруге) осымен ұстап алу оңайырақ па кен?