Жоспар іске асты!

Сәлем Керекшілер!
Осыдан үш ай бұрын сіздермен бір жоспарым туралы бөлісіп едім. Сол Аллаға шүкір іске асып жатыр, тек өзіме блог-сайт ашып істі жасауды кейінге қоя тұрдым. Ең бастысы ісімді аз ақшамен бастадым. Астымдағы көлігімді саттым. Ол қаражатым түкке жеткен жоқ, бірақ басын бастап алуға себебін тигізді. Үш айдың ішінде 10 млн. тг табыс таптық деп айтсам болады.....

Сонымен компаниямның аты «APPLESIN», бұл атты таңдаған себебім, американдық Appple компаниясы өте қатты ұнайды(Бұл туралы әлі түсіндіріп жатармын). 10-нан аса сайт жасап қойдық. Біреуін өзіме сыйға тарттым, біздің футбол жайында, футболды қатты жақсы көремін. www.nashfootball.kz Ал визитка сайтымыз www.applesin.kz
Істі бастау үшін не істедім:
1. Жоспар құрдым(Қалай аз ақшаменен компанияны тез көтеруге болатынын)
2. Інімнің ашып бірақ 2007 жылдан іссіз тұрған ЖШС-сін(ТОО) алдым
3. Атын өзгерттім(Бұрынғы аты «МерейАрт» еді) ТОО «Центр технической поддержки и программного обеспечения ЭпплСин» (Атын естігеннен тік тұрсын деген ой болды

4. Электрондық қолтаңба алдым(ЭЦП)
5. Екі стартап проект дайындадық(Жақында ол туралы толығымен түсіндіріп беремін)
Жалғасы қызық болатын болса жалғастырайын, әзірге мұны бір пресс-релиз деп қабылдаңыздар!
Сұрықсыз деп тапсаңыздар қоя салайын!!!

1000 адам мың теңге беріп, ертеңіне миллионер болмаған соң,
песдунақ деп тастап кетеді.
Қалғандары біраз лох бола тұрад.
Сол лохтардан еріншектердің біраз тағы тастайды.
Қалған 5-6 жанкешті айына 5-6 мың доллар табысқа ақыры жетеді.
Ол 5-6 мың доллар айлық әлгі тастап кеткендердің мың теңгелерінен құралады басында.
Кейін тағы сондай «поток» жиыналады. т.с.с
Шанс бар екендігіне мысал боп әлгі 5-6 жанкешті келтірілед.
Солай ма?