Идеалды қалаңыз қандай болғанын қалайсыз?

Яғни мәселе мынада.
Сізге сіз тұратын қаланың несі ұнайды, несі ұнамайды?
Қандай құрылыстар салынса екен дейсіз?
Тұрғындарға барлық жағдай жасалынған ба?
Адамдар мен транспорттың жүруі ыңғайлы ма?
Жалпы идеалды қала болу үшін не жетіспейді?



Идеалды қала — Пальманов жоспары
Бөлісу:

55 пікір

Armanjan
Сізге сіз тұратын қаланың несі ұнайды,
Тазалығы. Қазақстандағы ең таза қаланың бірі деп жұрт мақтанып жүред. Қала жолдарының барлығын дерлік жаңадан салып шықты. Көлік жүргізушілеріне жақсы болды. Қала Ертіс өзенінің жағасында болғандықтан, қала халқы жағажайда демалуға күшті жағдай жасалынған.
Zhan
1. Астананың суығы мен сапасыз салынған тұрғын үйлері, ауыз суы ұнамайды. Сосын ксерокс бастыру керек болса кеңселік қызмет көрсететін жерді таппай шарқ ұрып жүргенің. Аттап бассаң аптека, соған қарағанда Астанада дәрі-дәрмекке сұраныс көп-ау. Киім бутиктері мен дүкендері көп, Жұрттың киім алудан басқа шаруасы жоқ сияқты әсер қалдырады. Жеңіл-желпі асхана, дәмханалар көп емес. Қалғандары норма.
2. Ыңғайлы. Астана кең қала, қысылысып, қымтырылып жүрген ешкім жоқ әзірге. Кейін бір елу жылдан кейін болмаса… Көлік пробкасы Алматыдан тәуір )))
3. Жасалмаған. Қаланың бір жерінде адамдар құжынап жүрсе, кейбір жерінен адам баласын таппайсың. Қала архитектурасында шашыраңқылық бар.
4. Зоопарк салынса, сосын халыққа қолжетімді сапалы баспаналар салынса және оны шынымен сәндемесе.
Abilakim
Зоопаркті қайтесің? Абзал жетпей ме мына жерде?
Daniar-Alan
ия. тағы көкБөрі бар бізде зоопарктен несі кем?!
araika
Зоопарк салынса
Қалалық парктің қасында, Есілдің жанында бір үңгір бар. Алыстан табличкадағы жазуды «зоопарк» деп оқыдым. Және таңғалып «бізде зоопарк бар ма ед?» дегенімде, жанымдағылар «иә» дескен.
Сонда бар ма, жоқ па?
VKM
Ұнайды: мегаполис, жаңа құрылыстар, кең көшелер, жастар көп.Ұнамайды: бюрократия, жел, масасы, адамдары(жергілікті тұрғындар өзінше болғанды жақсы көреді)
Жаңа құрылыс болғанда, жастарға муниципалды не арендалық үйлер көптеп салынса.
Тұрғындарға барлық жағдай жасалмаған.Сары балшық аулалар, жолдар естеріңде ме,қар еріген кезде(
Адамдар мен транспорттың жүруі ыңғайлы.Мен қазір жаяу емеспін. Сол ең жақсысы!
Жалпы идеалды қала болу үшін не жетіспейді?
Әлі қайдааааа идеал болуға))))
FaraOn1
сол идеалға қалай жетеміз деген әңгіме ғой)))
Zhan
(жергілікті тұрғындар өзінше болғанды жақсы көреді)
Комплексовать етеді, астаналықтар. Оларға пысық болуды, өз жерінде мимырт, баяу жүре бермеуді жан-жақтан яғни өзге облыстан ағылып келген жұрттар үйретті. Сосын ғана олар естерін жинап, ұйқыларынан ояна бастады. Әйтпесе, бұлар баяғы қырық жылғы үйлерімен тұра берер еді.
sammita
ойпырмай, ә ал өзің «Не жақсылық жасадың, қалама деп»
Zhan
Мент әжейлердің тәртібін түзетуге атсалыссам деймін алдағы уақытта
Daniar-Alan
 шымкент жасасын
FaraOn1
Сауалнама ретіндве қарап, сұрақтарға ғана жауап бермей қосымша да ойларын айта беріңіздерші!
FaraOn1
Петропавлда жұмыстан кейін шығып бірдеңе сатып ала қояйын десең дүкендер жабық тұрады.
Сенбі жексенбі де ауруханаға бара қояйын десең дежурниый аурухана ғана істейді, банктер стоолар жабық тұрады.
қоғамдық қамтамасыз ету орындарындағы қызметкерлер дөрекі.
satibaldi
Қала ол — Пағиж, Ландан, қала дегеніміз — Милан, Флоренция. Қалғандары — қалаға арзан пародия ғана.
Идеал қала деп дым тұрғыны жоқ қаланы айтар едім, стивенкингсстің.
boztorgai
отырар

дым тұрғыны жоқ қала
Adiletshu
Жол бытшыт. Бір шұңқырдан қашсаң еңіншісіне түсесін. Мәшіне 1-2 жылда салдырлап қалады.
— Жол жөнделсе
— Кішігірім көшелелерге асфальт салынса

Халык банкісінде жаман очередь.
— Филиалдары ашылса

Алматыдағыдай Мегацентр, Максима, Домиллион сияқты ойын-сауық орталықтары салынса.
a63a1
Идеалды қала. Ойда бар идея. менікі бірақ қала емес ауылдан бастасамба деген ой. Жоспарларым да бар. Тек әкім қылып сайлайтындар жоқ
a63a1
Америкөттік арман
Adiletshu
Нағыз әкім болатын жігітсің ғой
a63a1
Жемес едім, ішпес едім, тек рухани ләззат алар едім
a63a1
менің арманым осы, қыздар жақтырмайд сосын үйленбей жүрм нақ.
— Ауылда нестиміз, баллар қараңғы болад дит.
FaraOn1
қалада барлығы машне үшін емес адам үшін салыну керек.
Егер машне жолдары азайып, адам жолдары көбейсе, тиісінше жыл сайынғы асфальтті жөндеуге кететін шығын да азаяр еді. Әйтпесе жыл сайын қыс өтіп қар кеткен соң негізгі даңғылдар жөндеуден өтеді. Ал адам жүретін жолдар тек тазартылып қана қояды. Мысалы тек адам ғана жүретін Қызылжардағы Қазақстан Коституциясы(Ленина) көшесі бар болғаны тазалап отрғаны болса болды.
Машне жолын азайтса машнеде азаяр еді, ауа тазарады. Әйтпесе нақ 100 метрдегі жұмысына машнемен барады ғой бұл сорлылар.
Есесіне велосипедттерді прокатқа беретін орындарды көбейту керек.
satibaldi
Тоз-тозы шығып жүрген үш юзерден тұратын сайттардың басын біріктіру керек.
FaraOn1
Сосын бізде Вай Файды тек кафелерде отырып қана рақатын сезіне аласың. Жаз келген соң Ленина көшесіне де бір Вай Фай қосса.
satibaldi
Ленина көшесіне
Еленаның көшесі?
Adiletshu
Газ жоқ. Жақында келеді дейді
Simona
Идеaлды қaлa мен үшiн:
— әр ықшaмaудaны сaябaққa ие
— жaстaрғa/кәрiлерге aрнaлғaн мәдени ортaлығы бaр
— бaлaлaр сaнынa қaрaй бaлaбaқшaсы бaр
— бiрнеше қоқыс жинaу фирмaлaры қызмет еткен
— велосипедпен емiн-еркiн жүретiн aрнaйы жодaры бaр
— метросы қaлaның сыртындaғы aудaндaрғa дейiн жеткiзетiн
— көшелерi гүлденген қaлa
satibaldi
Қуыс-қуыста саяси мәлімдеме жасау мүмкіндігін неге ұмыттыңыз?
Simona
Неге қуыс-қуыс болсын? Aшық-aқ мәлiмдеу мүмкiндiгi болсын делiк.

Берлиндегi «Берлинер плaтцтa» сaлaфистер өз құрaндaрын тaрaтып жүр.
satibaldi
Рақат а?
Simona
Рaһaт, бiрaқ «Про-Сaрaззин» тобы қaрсылық тaнытты.  Ток-шоуғa сaқaлды еркектер шaқырылып, қырғын боп жaтыр.
sammita
мен тұратын үйдің жан-жағы жап-жасыл, таза: екі үлкен саябақ бар. Сол жағалауға 5-7 минутта зыр етесің, автобустар ағылып жатыр. Ұнайтын жеріме барамын, өзіме керекті қайдан алуды/табуды білем, не ұнамайтында шаруам жоқ екен. Әзірге шүкір
satibaldi
Ұнайтын жеріме барамын
Бұдан, Иорданның оң жағалауында тұратындарды ұнамайтын жерге баруға мәжбүр бейбақтар обрызында елестете берсем бола ма?
sammita
бір қаланы 100 адам жүз түрлі көреді ғо. Бұл қаланың өзгерісін 12 жылдан бері көріп келем. сондықтан жақсылықтан үмітім бар)))
asaubota
Астана идеалға жақын, тек сол жағы
FaraOn1
Әр шағын ауданда өзінің саябағы болу керек
Gulistan
Сізге сіз тұратын қаланың несі ұнайды, несі ұнамайды? — Мен тұратын қала… бір сөзбен айтқызу қиын. Басқа жаққа сапарлап кетсем, қатты сағынам. Ал өзінде болсам, көңілім толмайтын заттарды санамалап бере алам.Меніңше, ең басты кемшілігі — біз қалаған бақытта дамымай жатқандығы.
Қандай құрылыстар салынса екен дейсіз? — мәдени орындар көбейсе ғой.
Тұрғындарға барлық жағдай жасалынған ба? — өкінішке орай, жағдай жасалмаған. Мүгедек адамдардың қозғалып тұруына кедергілер көп, қағазбен шаруа лезде шешіле кетпейді. Жайық жағасында арнайы жасақталған жағажайдың қазіргі халі үлкендерге де, балалfрға да оңтайлы болмай тұр.
Адамдар мен транспорттың жүруі ыңғайлы ма? — көлік кептелісі аз, 6 көпірдің пайдасы болар. Бірақ жол ережесін сақтамай, құйғытатындар жетіп артылады.
Жалпы идеалды қала болу үшін не жетіспейді? — Идеалды қала болмай-ақ қойсыншы, бірақ көптеген қазақстандық қалалармен салыстырғанда көп жағдайда кенжеміз. Менталитет, психологияны қосып қойыңыз.
Мен үшін,әзірге идеал қала — Лондон! Аптаның 5 күнінде жұмыс жасап, қалған екі күнінде «адам құсап» демалуға керектінің бәрі бар ғой, ешқайда бармасаңыз да, парк, бақтардың өзі үлкен демалыс сыйлайды.
Time Out арқылы қайда не қашан болып жатқанын біліп, жоспарды соған сай құруға болар еді. Қателеспесем, бұндай жүйе елімізде тек Астана мен Алматы үшін шығарылған. Аз болса да, басқа қаларда мәдени шаралардың тізімін жасақтап, ел-жұртты соған тартуда осындай ақпарат көздері көбейсе жақсы болар еді.
AKY
мен ше… түсін пихайть ете берді демеңдер, сені түсімде көрдім, алтыградус екеуің біздің ауылдағы үйде ет жеп отырсыңдар
ken
тұрмысқа шығады екенсің, демек
AL-ASTER
Жабық қала болатын шығаррррррр, солтүстікте Пальма өссе ғұә)
ken
1. Қазақтарының көптігі ұнайды. Орыстарының аздығы ұнайды сосын. Суығы ұнамайды.
2. Метро керек сияқты.
3. Қазақстанның мен болған басқа қалаларымен салыстырғанда, түрғындарына жағдайлар жақсы жасалған.
4. Ыңғайлы.
5. Әркімнің талғамы/қалауы әртүрлі. Демек адамдардың идеал қала туралы ойлары да ортақ емес, әр қилы болып шығады. Біреу үшін анадай қала — идеал болса, енді біреуге мынадай қала — идеал. Осы шындықты ескере отырып, сенің «Жалпы идеалды қала болу үшін не жетіспейді?» деген сұрағыңның орынсыз және мәнсіңз екенін аңғарғандаймын, томмаззокампанеллаңдыссс…
FaraOn1
өз қалаңды идеал деп есептемесең, знашит оған себептер бар. мейлі болашақта идеал болмасада, сал армандап қалшиш)))
Rozatai
Алматыда мәдени, демалыс орындары көп, ЖОО көп, сәйкесінше мұнда білім алатын студенттер де жетерлік. Кейде маған Алматы студенттерімен ғана әдемі сияқты көрініп кетеді.
Ең жаманы, мұнда көлік кептелісімен бүкіл өмірің өтіп кетеді, қысқасы, өмірзая. Бір күнде бір жерге барып, бір шаруа бітіргенің үшін аспан әміршілеріне шексіз мадақ айтасың. Өткен жолы Астанада болғанымда, бір күнде бес жерге бардым, сондағы таңғалысымды көрсеңіздер! Менің де жастық өмірім көшеде (кептелісте) өтіп бара жатқанын сол кезде анық сезіндім  © Тұманбай ақын
(Мегаполистің өзге де плюс, минустары көп қой, оны басқаларға қалдырдым)
sammita
көшеде (кептелісте)
«тығын» деп жазбағаның үшін рахмет саған
Rozatai
тығын деген сондай ерсі, тым қарабайыр естіледі
sammita
солай айтатындар көп қо.
Rozatai
сөздердің мейлінше сауатты нұсқасын жазуға, айтуға тырысып бағамын
satibaldi
Бикеликс, өте-мөте сенімді, сахабадай адам хабарлайды(маған көрсеткен вариантында — аудиожазбасы да бар):
«Аццсотоноға келген жапондық архитекторлар:»Қазақстан сияқты жеріміз болса — 2 қабаттан биік үй салуға тиым салар едік, сонда шет-қиыры жоқ, гүлзарлармен көмкерілген коттедждерден тұратын үлкен қалалар пайда болар еді. Негізі бұларға айттық, бірақ қаззақтар тыңдағысы жоқ. Дәл қазір-ақ Әмпайыр істейд Билдиң салып бер деп талап етіп отыр. Қызық, өте-мөте қызық халық".
Simona
Әмпайыр істейд Билдиң салып бер деп талап етіп отыр.
edige
Тарихи құнды үйлерді, құрылыстарды реставрация жасап қалдырсашы… Барлық жер алюкобонд қапталған жылтырақ обьектілер, Рамстор…
тарихы жоқ елге ұқсап келе жатырмыз… көшпенді болсақ та отырықшылыққа өткенімізге біраз болды ғой