Қымыз ішпейтін қазақтар («жақсы» мақалаға қарымта)

Нағыз қазақ әйелі осындай болуы керек!
Адам баласының табиғатында жыныстық жетілу он төрт жаста басталады екен. Яғни, осы жаста қарсы жыныстыға деген қызығушылық оянып, онымен қатынасқа түсуге деген табиғи қажеттілік пайда болады. Ал қажеттілік бар жерде, ол өтелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, табиғаттың жазасы қатал болмақ.
Статистика бойынша ма, әлде жай өмірден алына салған мысал ма, қазақ жігіттері (опшым жігіттер) орта есеппен 22-27 жаста шаңырақ көереді екен. Тіпті, соңғы кездері «жас отбасына» қойылатын жас талабын 35 жасқа дейін көтеру жөнінде әңгіме шығып жатқанына қарағанда, әскерге кеткен жарынан солдат хат күтіп, бесік тербетіп отыратын үлбіреген келіншекті емге таппайсыз ба деп қалдым.
Сонымен, есептен хабары бар адам жыныстық жетілу мен үйленіп үй болу арасында кемі сегіз, артығы он үш жыл бар екенін аңғарады. Ол жылдарда жас жігіт не істейді? Әрине, қызға барады. Өйткені, ол еркек, «шыбығы сыздайды» (менің сөзім емес, Шерхан Мұртазадан ұрлап алдым). Ол қыз кім, қандай, оған дейін кіммен жатып-тұрды, бұнымен болғаннан кейінгі тағдыры не болатыны оны (қазақ жігітін) алаңдатпайды. Өйткені, ол өзінің болашаққа құрған жоспарына сай өмір сүреді: мектеп бітіру, инстөт бітіру, жұмысқа тұру, машина алу, содан кейін ата-анасына жақсы келін, өзіне адал жар, болашақ балаларына керемет ана болатын идеал қызды іздей бастайды. Міне, сол қыздың арғы-бергі тарихы ғана алаңдатады қазақ жігітін. Сперматиксикоздан зардап шегіп жүрген безеубет бозбала кезінде талай болашақ адал жар мен жақсы келіннің обалына қалғанын астында көлігі бар дипломды жас маман есіне алады дейсің бе?
Хош. Туыстарының алдында бойдақтығына ақталып «Қыздардың бәрі бұзылған, таза қыз жоқ қазір» деп қызарақтап алады да, кеш батқасын жорыққа шығады, қалған-құтқан таза қыздың түбіне жетіп, «пісілген күбінің» санын көбейту үшін. Бойдақ кезінде бәрібір, жуындыға да малып жүре береді, бірақ үйіне әкелетін күбісі стерильный таза болуы тиіс. Үйленгеннен кейін де, сырттан күбі пісіп келуге кетәрі емес, тіпті қажеттілік деп санайды: «Еркекпіз ғой» ©.
Болашақ жарына қоятын талаптары да бар: әдемі болуы керек, күтімді болуы керек, еркекті рахатқа бөлеудің қыр-сырын бес саусақтай білуі керек. Бұл ең алдымен жүретін талаптар, де факто. Ал де юре: ата-анамды сыйласа, туыстарыма ойнап-күліп шай берсе, бар-жоқты ұқсатса, балаларымды жақсы тәрбиелесе… Де юрені қатырып отырған әйелі де фактодан ақсап жатса, оны басқа жақтан тауып ала саламыз. Екіжүзді өңкей… Де фактоны қатыратын әйел оның бәрін іштен біліп туды ма? Жоға, оқиды да бір жерден, көреді. Мысалы, «Айқаракөз» сияқты сайттардан. Ал үйдегі адал жары ондай сайттарды оқымауы керек, өйткені ол қазақтың жары, қазақтың келіні, қазақтың анасы. Оқымауы керек, бірақ ананың бәрін білуі керек. Білмей жатса, өз обалы өзіне. Бәйбіше деген құрметті «бас» рольді «под бурные апплодисменты» орындау қалған өмірінің басты міндеті болмақ. Тоқал алғыштар, қазақтар көбінесе екінші әйелді әйелді бірінші әйел неше бала тауып әбден шаршағанда, оны келіндерімен жағаластырмау үшін алғанын бір сәт ойланып көрдіңдер ме?
Әңгіме неден басталып еді? Ааа, иә, айтпақшы. Қазір жігіттер қызға қарамайтын болып кетті. Қыздармен сүйіспейді, олардың арына тиіспейді, тек маңдайынан ғана иіскейді. Жігіттерді арандатып, күнәға батыратын қазіргі қыздардың өздері. Ал «Қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз айтпайды» деген қазақтың сөзі әдірем қалды. Жалпы, жігіттерге қатысты қазақтың көп сөздері әдірем қалып жатыр. Ендеше, қызға сөз айтпайтындар, демек, қазақ емес. Ал өзің қазақ болмасаң, қазақ қызы қандай болуы керектігі туралы сын айтуға қақың жоқ!!!
Бөлісу:

124 пікір

AKY
satibaldi
AKY , екеуміз былай… көрсек қайтеді?.. Кім біліпті: бәлкім, адам боп кетерміз???
AKY
иятсыз агашкі
satibaldi
Құрметті мақала аффтары! Қымыз ішіп көргіміз-ақ келеді. Бірақ өзіңіз көріп отырғандай — артынан келгенді теуіп, алдынан келгенді тістеп, саууға жолатпай жатыр.
dark_nazgul
алды артын айналмай, мінер жағынан бірақ келмейсің бе.
satibaldi
Анайы сіңлішка.
AKY
айтпанақ, алдымыздағы үлгі тұтар аға-әпкелеріміздің түрі мынау…
ken
на айтсаң (жазсаң) да, дәлел келтіріп айт (жаз) (Ahi)
boztorgai
курсоры ұшталған жанның жазбасы екені көрініп тұр
satibaldi
«шыбығы сыздайды»
Ох Шерхан, ох дон Жуан, ох Каззанова, ох кәрі сайтан!
dark_nazgul
қайта, қазақ жазушыларының ішінде Шерхан Мұртаза эротикасы аздау, «скромный» ғой
Adiletshu
Баяғыда "Ғашықтарды" тығылып оқушы едім
Gastarbaiter
Толық келісем. Бірақ осы мақаланы Абай.Кз ке жазсаң қызық болар еді. Меніңше бұ көбәріпті мақаланы керекинфоға жазғанша, жас сіңлілеріңе үлгі болып, еркекті қалай ұстап қалу, немесе клиторалды оргазм мен вагиналды оргазмның айырмашылықтары жайлы тоқ ішегіңді толғандырсаң қызық болар ед, әйтпесе алды Асаубота, Патик, Сатыбалды, Омарбырат, Нұрғиса, Жалғастар бұрын осыған ұқсас пікірде, осыдан пәленбай жыл бұрын білдіріп те жазып та жүр кейбірі, Жалғас демекші, бүгін «Игры Престоловтың» жалғасы шығыватыр, қой көріп келейін… ия…
dark_nazgul
клиторалды оргазм мен вагиналды
клиторлық және вагиналық
Gastarbaiter
Олай болса, орыстарда клиторный, вагинный болу керек. Клиторалис латын сын есімі, clitoral" ағылшын тілінде. Бірақ оргазм алып жатқаныңда, саған ол жәйт аса маңызды болады деп ойлайм
dark_nazgul
Оргазмнан қол бос кезде логика қосылады ғой. Логикаға сай «клиторлық».
Gastarbaiter
Олай айтуға болар еді егер клиторалды оргазм ұғымын қазақтар кеше ашып, клитор деген терминге сөзжасам тәсілімен лық-лылықты қосқан болса. Әйтпесе оральды сексті Орлық секс деуге мәжбүр боламыз. Анальді тесікті Андық тесік дейміз.
Қысқасы, не зацикливайся. Оргазмнан бос уақытың шамадан тыс көп болса да
Adiletshu
Сол сөздердің қазақшасы жоқ па
asaubota
клитор оргазмы, вагина оргазмы деген атауларды ұсынамын. қазақ тіліне үлес қосайық!
dark_nazgul
клитордың қазақшасын білмейді екем. Вагина "қынап".
asaubota
қазақтар одан бейхабар болған ғой сонда, аты болмауына қарағанда.
dark_nazgul
бар шығар. соны қазбалап көрмеппін.
Баяғыда бір «поэма» оқығам, «Жалын» журналынан ғой деймін. бір еркектің әйелі жүргіш болады. тойымсыз. Анау өзі гинеколог. Бір күні әбден шыдамай кеткенде ұйықтап жатқан әйелінің клиторын кесіп алып, киіз күйдіріп басып қояды. Содан есімде қалғаны: «гүмпиген клиторды кесіп алып»…
satibaldi
Лібәәәә, етіктің шегелерінен атты нақ, біләәәә Жалын журналы???
asaubota


біздің әлі ононистік кезеңге жетпей тұрған кезімізде әдеби тұрғыдан ауызданған әдебиетіміз Арай журналы еді. Махаббат дауасы деген тақырыптары болды. соны асыға күтіп оқитын едік үйде ешкім жоқта. небір сөздер бар еді, гауһар қақпа, алтын балға деген сияқты.
dark_nazgul
бір күні тәтем соны оқып отырғанда иығынан сығалап қарап, «Махамбет дауысы» деп оқып алып, ол қалай деп ойланып жүргем. Кейін оқып көрсем, кәдімгі «Дао» екен ғой.
19852407
 "Қазақстан әйелдерін" пүлістеп қой. Арнайы қыз-келіншектерге сабақ жүргізетін. Дымын қоймай жер-жебіріне жеткен хаттар да жетіп жататын апа-әжелерден
dark_nazgul
сол кездің Айқаракөзі ме?
19852407
Тошна! «Бүгінгі ұрпақтың сауатын ашатын — «@Айқаракөз» деп қосайын дедім де, и жарар, жарнамашы болмай-ақ қояйын, Эльвира ақшасын төлеген жоқ қой деп қоя қойғам
zholantai
маржан көл деген де бар еді,
19852407
«Жалын» журналынан
Басқан Жалын да, оқыған сен те ептілердің қатарынан екенсіңдер  жақсы мағынада
dark_nazgul
жалпы, қазақ әдебиетінің қасында Золяның натурализмі ойнамай қалады.
ErNur
Клитордың қазақшасы бар, ол-шошақай немесе шүртекей.
Мысалы, қазақтарда «шошақтың шөлінен келдің бе?» деген тіркес бар ғой естіген болсаңдар. Уот сол бір естігенім, бірде бір кемпір шай сұрап жылай берген баласына шошақтың шөлінен келдіңбе деп ұрысқанында келініне, көргенсіз неге жаман сөз айтасын балаға деп ұрысқан. Келіні ол қалай жаман сөз дегенде кемпір, ол бұтыңдағы бәленшеңнің шошағы деді.
Aldeken
сонда, не ғо, клиторальный оргазмдарың — шошақтың шөлін қандыру болып аударыла ма? терминкомдарыңдыссс…
ErNur
солай шығар, енді
Aldeken
онда прелюдияны қынаптың қытығына тию деп аудару қате болмайтын шығар…
dark_nazgul
естімеппін. біздің елде мұндай әңгімелер табу.
dark_nazgul
ок. тек «клиторалды» демеші. Оргазмның құрамында клитор бар сияқты болып кетеді. тым құрыса «клиторалдық» деші.
Сам не зацикливайся.
satibaldi
Ең құрығанда — менде бар ғой, мен білем деЧ.
Gastarbaiter
Медициналық терминді екі филолог пен бір сискаадмин ...әлгі… анау айтпақшы… нетіп жатқаны қызық болды. Сұрайық десек сексолог та жоқ.
Амал жоқ, «клитордің иесі мен» деген аргумент те осал емес)))
Gastarbaiter
Өзі үстінен көретінім жүз-ақ теңге, бер алмайм, апа, түскенім сол, сағандамес-; мағандамес 750ге ала қойыңыз!
— Алайын, бірақ "қ" -сын қосып бересің!
— Өзіме қалмайд апа, болми апа, Жарайд, апа. Рахатыңызға пайдаланыңыз…
— Саудаң жүрсін, балам))
dark_nazgul
Бір шал бір келіншектен көкөніс сатып алып жатса керек.
— Ата, ар жағында он теңгеңіз қалды, соған тұрып бере салсам қайтеді?
— жарайды, айналайын. Бірақ, мен кәрі адаммын ғой, үстіне тағы он теңге қосайын, жатып-ақ берші.
Gastarbaiter

Біреу кафеде отырып, даяшыдан шабдалы шырынын сұрапты.
Даяшы шалақазақ, «персик па?» десе, анау «алдымен шабдалы, сосын перісе жатармыз» депт.
asaubota
кеше пикникте кВНщиктерге осы әнекті айтып бердім, қаттық
19852407
 өлтіресіңдер осы
zholantai
қайдан ғана шыға береді екен,
asaubota
ал мен мастурбация істемейтін, порно қарамайтын, қыздың емшегі мен жалаң санына көзі түспейтін ұлтшыл қазақ жастары бар екеніне сенемін.
Nurshat
Есіме түсіп кетті, жәй, авторы белгісіз, "Қымыз ішіп, қыз қойнына кірмесең" негізі Қазақтың тұрмыс-салт жырларындағы «БӘДІК ӨЛЕҢ». дәл сонда осылай жазылған.
Aya
Мен сеніп қана қоймаймын, көріп те жүрмін.
19852407
 Сондайларың страшнее страшного болатыны дәлелді қажет етпейді
zholantai
ұлтшыл қазақ жастары бар екеніне сенемін
, мастурбация жігітке қарасты да айтыла ма? ұлтшылдықпен еш байланыс көріп тұрғаным жоқ,
Gastarbaiter
Жалпы радикалист ұлтшыл адамдар мен «бәрі екіжүзді сұмырай» дейтіндердің ортағы көп. Аршат пен Аяның айтқан ойын жалғастырғым келеді. Секс тақырыбы ересек адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. Бірақ басты рөлді неге беретінін әркім өзі таңдайды. Көрпе асты тақырыптарға қарсы емеспін, іздеген адамға табыла білген тақырып жақсы ғой, алайда оның да жөні, орны мен уақыты болады.
Статистика бойынша порно көп қарайтындардың сексуалды өмірі кедей болады.
Мастурбация да насихаттауды қажет ететін дүние деп ойламаймын.
Біржақты болмау үшін секс тақырыбына байланып қалған адамның көбіне жеке өмірі мәз емес болатынын да айтқан дұрыс. Белгілі бір тепетеңдікті ұстамаса, адам мал боп кетеді.
omarbirat
Бойдақ кезінде бәрібір, жуындыға да малып жүре береді, бірақ үйіне әкелетін күбісі стерильный таза болуы тиіс.
СТЕРИ́ЛЬНЫЙ, стерильная, стерильное; стерилен, стерильна, стерильно (лат. sterilis-бесплодный).
 Құдай сақтасын.
Barsa
Мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, кінә масондық ұйымдардың американдықтардың қолымен жасап отырған «гендерлік теңдік», «ашық қоғам», «пәксіздікті насихаттау», «ерте сексті насихаттау», "қауіпсіз сексті насихаттау (гармоналдық таблетка қабылдаған қаншама қыз бедеу болып қалып жатыр)", «гомосексуализмді насихаттау» секілді теорияларынан болып отыр. Бұл механизм бір елді ерте, біреуді жай, әйтеуір жер шарының демократияшылмын деген барлық мемлекеттерін жайпап келеді. Кезек ислам мен шива, буддаларды ұстанатын елдерге келіп тұр.

Трансұлттық компаниялардың қожайындарынан құралған байлар үшін жер шарының 7 млрд адамы құрығанда 500млн-ға түсуі керек.
Пікір өшірілді
Gastarbaiter
"Қыздардың аңын тігу" дегенді гуглға терем деп, осында түсіп қалған сен бе едің?
salamat
оргазмның қазақшасы тоят
dark_nazgul
ох, әкең. тояттап көрмеп едім да, білмей отырғам. Рахмет.
Gastarbaiter
Қынаптың тояты мен шүртекейдің тояты десем ымыраға келеміз бе??))
asaubota
басталайын деп жатыр ма? күтейік ендеше балаларды жатқызып тастап
dark_nazgul
басқа әңгіме бастайық та.
aikarakoz
АКҮ!!! Боооол, керосин әкел! Тезек, көмірлерді де ала сал
dark_nazgul
баяғыда жатып қалған ол.
asaubota
қара түстің қыздарға және келіншектерге жарасымдылығы туралы тақырыпта әңгіме бықсытып жатырмын, сонда келіңдер
Daniar-Alan
бәсе деп қоям, менің постыма қалай келді десем
dark_nazgul
балаларың әлі жатпады ма? кеш болды ғой.
salamat
боқтап рахмет айтуың түсініксіз
dark_nazgul
ол боқтық емес, ол «связка слов».
salamat
қазақша жазу үшін қазақша ойлау керек
қара түске адамдар назар аудармайды
dark_nazgul
жаз, жаза түс, тояттап алайыншы бір.
aikarakoz
Сіз сонда қай тілде ойлайсыз?
dark_nazgul
пунктуациясы жоқ қазақ тілінде.
aikarakoz
 Қазақтарда үтір, нүкте болмаған
Adiletshu
бүгін сіздердің бенефистарыңыз ба
dark_nazgul
риза болып қол шапалақтаудан жалығып кеттің бе?
aikarakoz
Ішім пысып отыр. Ұйқы қыдырып кеткен)
dark_nazgul
батыс империалистерінің әкеліп таңғаны ғой. лағнет атқырлар.
aikarakoz
Ваще қазақша ойласақ қой, ондай нәрселер жұқпас еді
dark_nazgul
арылайық та әлі де кеш емес
salamat
оральный секстің қазақшасы (анайы секс)
dark_nazgul
түк те анайы емес, нәрмальный секс. осы жерде оның кейбір түрлерін жақсы көретіндер де бар.
Gastarbaiter
Жалпы секс деген талқылауға келгенде ең іш пыстырарлық тақырып, айналысудың жөні бір басқа. Сенбесеңдер қызық үшін кондомның инструкциясын оқыңдарш.
Айтыңдаршы, еркектер қандай детальді нұсқаулық болса да, сезімдердің гаммасын құрғақ сөзбен жеткізу мүмкін бе?
Секстің тілі тілсіз тіл.
Gastarbaiter
Қауымдастықта шығармыз десем)))
dark_nazgul
айтпа. "қант, қант" деп айта бергенмен, аузыңның дәмі келе ме…
aikarakoz
Не деген ақылды едіңіз?!
salamat
жақсы көретіндердің ашық айтпағандары жөн
анайылықты насихаттауға болмайды
қазақтан басқалардың насихаты жетеді
zholantai
қазақтан басқалардың насихаты жетеді
, біз пайдаланылғанды пайдаланбаймыз))))
salamat
пунктуция дегенің ықшам жинақы деген мағынада ма?
aikarakoz

Пунктуация — сөйлемдегі тыныс белгілерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
dark_nazgul
о. прогресс. пунктуация деген сөздің өзі тыныс белгілерін қоюға санасыз түрде итермелейді, иә?
salamat
Мен енді бұл сұхбаттан шығайын.
Мені секс емес, тіл саясат түйткілдері толғандырады.
dark_nazgul
сөйте қойыңызшы, айналайын.
Gastarbaiter
Қашқан адамның ізінен қуып жүріп шабады дейд Шыңғысханның тактикасы дейд біреулер, сен осы Төрелерден емеспісің?)))
dark_nazgul
жоға, дөртуылмын.
тек, тақырыбыма келіп бірдеме деп тұрған адамды жауапсыз жібергенім «жақсы түс ережесіне» жатпайтын сияқты көрінеді.
бауырымен жорғалаушыларға да дәм татқызып жіберетін қазақ емеспіз бе? )))
Adiletshu
Бұныңыз жүн екен
dark_nazgul
тықырдан құдай сақтасын.
Gastarbaiter
Көкбөріге ұқсап бара жатырмыз, лібә жұқпалы екенін білсем жоламас едім, битбоксыңдысс…
dark_nazgul
«Наз апалап» еркелеп жүруші еді, көрінбей кетті, жүгермек.
Adiletshu
Сол нестеп қойды? Содан кейін көрінбей кетті
meirzhan
Шақа-шақа тахты оқығаннан кейін жазуға да ұялып жүр ))
meirzhan
Бұл сұхбаттан шығу үшін «выйти из коференции»-ді басу керек
Marationok
кульминациясын түсінбедім…
Rafaello
Уош! Мына тақырыпты қалай көрмегенмін?
dark_nazgul
Уош! мен мына каментті қалай көрмегенмін?