Қытай халқының хертегісі. "Қайыршы мен Конфуций"
Бұл қараң қалғыр қу пәнидің пәтуасы болмағасын, суға кетіп өле қалайын дейсің ғой кейде. Бірақ діндарлар:"өйтсең — Аспандағылар артыңнан айдап алад нақ!" деп, алдыңды тағы кес-кестейді. Рухтың азабы мен тән құлқынының түрмесіндегі осындай қаншама жан, мынау көрмегені жоқ табиғат-мақанда жүр екенбіз? Бай-қуаттылар бай-қуатты болуы себепті "әділет әлдеқашан орнады!" деп сайрап жүр, нұртілеусстің. Олай болса, тағдырдың мынау мазағын кім түсіндіріп берер екен, шешесстің? Өткенде өз көзіммен көрдім!
Ғибадатхананың қасынан Конфуций өтіп бара жатты. Сол-ақ екен, оған сіңірі шыққан қайыршы алақанын жайып тап берді. Бес-он юань бере салса болады ғой? Жоқ, Конфуций өз әніне басып:
— Кедейге ақша бермеу керек, оның орнына қармақ беріп, балық аулауды үйрету керек! — деп, аштықтан алжуға қараған қайыршыға қармақ ұстатты да, кете барды. Мүсәпір қармақты ала сала сол жерде жығылды. Барып басын демеп, аузына су тамызбақ болған маған қайыршы тек:
— Лібә, ең жақын балық аулайтын жер — Сары Теңізге дейін 3 000 шақырым бар ғой, жарад нақ осы пәлсапашы! — деп сыбырлап үлгерді де, көз жұмды.
Шешесстің…

Қайыршының берген қармақты сатып, ақшасын ішіп қоятын версиясын да көргем өмірде.
кермешеге маңдай тірелгесін жамағатқа мамырдың 13-інен бастап
бұл жәндіктердің бал айы басталатынын жария қылу сүндет