Шива үшін 38 жыл қолын көтеріп тұрған Амар
Амар Бхарти бүгінде үнді елінде бірден бір қасиетті саналатын жан. Өйткені, ол қолын 38 жылдан бері суреттегідей жоғарыға қарай көтеріп тұрады екен. Оның айтуынша, 40 жыл бұрын баласы мен әйелін тастап, Индияға келіп Шива құдайға мінәжат еткісі келіпті.
Осыншама жыл қолын көтеріп тұрғандықтан қан айналым жүйесі тоқтап, оның қолы адам қарағысыз қорқынышты бірдеңеге айналып кетіпті.
Иә, 38 жыл Шива үшін қолын көтеріп тұрған бұл Амар амигоның қылығына бір қарасаңыз есерлік, бір қарасаңыз көзсіз берілгендік, бір қарасаң… енді қалғанын «Керекшілер» айтсын.
Мен өліп кетсем де, қолымды осылай көтеріп тұрмас едім. Адам сияқты өмір сүру керек емес пе? Бірақ, бұл үнді көкеміз құдай үшін құрбандықтың классикалық һәм ешкім қайталай алмайтын сара жолын таңдапты.
Дереккөз мына жерде...

Бас бармағын шығарып тұрғаны біртүрлі екен…
Бір жағынан, Гиннестің рекордтар кітабынан таба алмай отырғаным күмілжітіп отыр…
Үндістанның Шығыс штаттарында «Шиваның кесірінен» дегенді «Шива үшін» деп те айта береді екен. Амар Бхартидің қолы туралы түсінбеушіліктер тап сол лингвистикалық ақаудан пайда болған дейді дәруіштердің Марко Полосы атанған жиһанкез Әбдраззақ Кхаварадж Шри-Шри-Дхакарта.
Оның айтуынша, осыдан 40 жыл бұрын Амар Бхартиға Шива құдайдан "әйеліңді тастап Үндістанға кеп маған мінәжат қыл" деген аян келіпті… Түнімен ойланған Амар, таңертеңнен Үндістанға жол тартпақ боп жиналады. Соңғы рет қоштаспақ боп алдымен баласына, одан соң әйелінің тәтті ұйқыда жатқанына қарайды…
Ақыры (көріп отырғаныңыздай) аспан әміршілеріне тылағын шығарып «Тіпу, мә нақ!» деген екен. Содан қолы түспей қалған.
«Бұл амиго Шиваның қарғысына ұшырап осындай болған» деп аяқтады сөзін көрші-күндес индуисттік жамағатта мінажат қылып жүрген тыңшымыз Әбдраззақ Кхаварадж.
Қолды қаншама жыл жоғары көтеріп тұру соншалық орындалуы күрделі деп ойламаймын, денедегі мүше бір қалыпта қозғалыссыз тұрғаннан қан ұйып, қайта қозғалысқа келтіру тіптен азапқа айналып шыға келген болу керек… Сондықтан Гиннес те мойнын бұрмаған, расында да