Ат тұяғын тай басар...

«Серпер» деген топтың болғанын біреу білсе біреу білмес. Сол топтың негізін қалаушы Тұтқабеков Биғазы Фазылұлы автокөлік апатынан көз жұмған еді. Медет атты інісін қоса ерте кеткен болатын. «Серпер» тобының ұстанған бағыты қазіргі "Қоңыр" тобының бағытына ұқсас еді. "Қоңырдың" ән қоржынында тіпті бір әндері де бар -ау деймін.
Енді міне, сол Биғазы ағамыздың ұлы Алмас өзінің "Әке көрген оқ жонар" деген мақалдан алыс кетпегенін дәлелдеуде.
Fazyilov Almas білемін жаным
Бөлісу:

15 пікір

urimtal
Ұнады! Ойдың қарапайымдылығы, салмақтылығы ұнады. Әнді тамаша әрлеген екен. Рахмет, Әбеке!
Abilakim
оқасы жоқ.Беталды қылжақтай бергенше сіздерге жақсы әндерді де ұсына отырайын деген ой ғой
urimtal
Қорабай Есеновтің өлеңдеріне де сусап жүр едім. Кеше ФБ-дағы статусыңнан көріп, бірнеше рет тыңдадым. Бардтар туралы жинақтап танымдық жазба жазғым келеді. Бірақ дәл сен тәрізді жаза аламын деп ойламаймын. Әнге қатысты талғамдарың ұнайды. Әншілерді де жақсы танисың. Мүмкін бардшылар туралы жазарсың? Табылды, Қорабай, Қуаныш тағы кімдер бар еді…
Abilakim
Қуаныш ағамызбен бес-алты рет кездестім.Әйтеуір қолы тимей жүреді. Өлеңдерін беремін деп еді,әлі сол беремінмен жүрміз))) Батыстық Жанат Есентаев деген бард бар.Бірақ ол саяси бард)))
a63a1
біздің ауылдың дисотекасы
a63a1
ептеп қызып алғасын
Abilakim
Жаңаарқаның баласы ғой))) Ескене Алға!
omarbirat
"Қоңырдың" ән қоржынында тіпті бір әндері де бар -ау деймін.
"Қаракөз қалқа" деген әні ғой.

Мына клиптеріне жыным келетін бастапқыда. Пендешілік десеңші
urimtal
Шынымен де клипке біраз шығындалғанымен, қай аудиторияға арнағанын түсіне алмадым. Бақсы-құшнаштарды клиптің өзегіне айналдыру «ауруына» душар болған клип екен-ау. Сосын қыздардың үстіндегі киім мен өзге әртістердің үстіндегі киімдердің арасындағы контраст көзге оғаш көрінді. Шамасы, аспан, жер, су стихиясы деген тәрізді бір пәлсапалық ойды жеткізгісі келді ме екен…
zhanibek_nurish
"Қоңыр" тобының «Алтын бесігі» ғана ұнайды,
Rozatai
Биғазы ағамыз өзі бір келбеті де келіскен, даусы да қоңыр, сырбаз әнші еді ғой. Баласы да өнерлі боп өсіп келе жатыр екен, тілекшімін
Abilakim
Алмастың түрі әкесіне тартқан
Rozatai
онда ол сөзсіз красавчик болды ғой
Abilakim
Бүгін Алмаспен сөйлескенімде бұл әнді «Домажор» тобына бергенін айтты.Жақын араласатын достар екен.Ән авторы өзі болып шықты