Қадірлі керектіктер, ренжімеңдер))!!
Не ғой, біздің арна да баяғы, 2-мамырдан Фатмагүлдің екінші маусымын бастайды… соны айтайын дегем ғой жәй, сендер біле жүрсін деп, айтпақшы, ол сериалды Аршат пен Нұрғиса осында салып жүруші еді… не болып кетті өзі, түрлі түрік сериалдарын көремін деп, кей-кейде дубляж бөліміне көмектесетінді шығардым)).
Тағы бір қызығы 1 мамыр күні де сағат 20:00-де 31-ді қоссаңыздар, сол сериалдың үстінен шығасыздар, типа предпоказ, естеріңізге саламыз, осындай уақиға болған деп бір көрсетіп аламыз.
Бірақ, тек орыс тілінде болады ғой деймін, қазақша субтитрмен беріледі… Сол біздегі жаңалық))
Хабардағы Султан Сулейман туралы сериалда кеше түріктердің ойнау деген сөзін играть деп аударып жіберді. солайы солай ғой, бірақ Ойнау деп Билеуді де айтады. кеше Сулейманның әйелі Хюррем малай қыздарға «не тұрсыңдар, ойнаңдар» деді, яғни билеңдер деп еді
Фатмагүлдің жалғасы бұрынғыдай қызық емес, сағыздай созылып кетеді. Әлі біткен жоқ, осы жазда бітетін шығар. Фатмагүл мен Керим жатпақ түгіл әлі дұрыс сүйіскен де жоқ
Дениз бен Мәрттікі бұлардан тез болған екен ғой)))
мен де осыны айтқым келген, ол сөз бар екенін «естігенмін»
Fatmagul хикаясындағы рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алған актриса Берен Саат өміріндегі алғашқы махаббаты жайлы ашық әңгімелеп, жеке өміріне қатысты сыбыстардың негізсіз екенін дәлелдеп берді.
Ол тұңғыш рет театр сахнасына студент кезінде шыққан болатын. Анкарадағы колледжде оқып жүргенде мюзиклда басты рөлдердің бірін сомдайды. «Өмірі өз арнасына түспегенін сезсе де», әкесінің талабы бойынша бизнес саласын меңгереді. «Өзімнің айналысқан ісімнен рахат ала алмадым»,-дейді кейіннен бұл туралы актриса. Студент кезінде ол Эфе атты жігітті кездестіреді, оны үлкен киноға жетелеп әкелген де сол еді.
Бір күні ол маған: «барып анкета тапсырып көр, одан ештеңе жоғалтпайсың», деді. Мен сынақты ойдағыдай тапсырып, Стамбулдағы актерлік шеберлік курсына қабылдандым. Сонда қоныс аудардым. Бәрі түсім секілді еді», — дейді актриса кейін сұхбаттарының бірінде.
Актрисаның айтуынша Эфе – оның бүкіл өмірінің махаббаты. Олар 3 жылдай кездесіп жүреді. «Бір күні түнде ол жұмыстан қайтпады, кейін ағасы хабарласып, апат болғанын жеткізді. Ауруханада Эфенің қайтыс болғанын білдім. Бәрі тез арада болып, бәрі өзгеріп кетті. Сүйікті адамымның өлімі мені есеңгіретіп кетті, жаныма қатты батты. Кейін, қайғыға берілмей, өз арманымды жүзеге асыруым керек екенін, Эфенің де соны қалағанын түсіндім», — деп еске алады Берен. Осы оқиғадан төрт ай өткен соң ол алғаш рет көркем фильмге түседі.
Осыдан кейін, Берен Саат актриса ретінде табысы басталды. Жымиса екі бетінде кішкентай ойық пайда болатын актриса миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулады. Ол Түркияның ең үздік режиссерларымен жұмыс істеп, ең дарынды актерларымен бірге түсірілім алаңында жұмыс істеді. Оның рөлдерінің әрқилылығына кез-келген табысты артіс қызығарлықтай. Берен қорғансыз ауылдың қызынан бастап, айлалы әйелге дейін кез-келген бейнені келістіре сомдай алады.
Актриса фильмдегі әріптесімен бірге көпшілік алдына шыққан күні-ақ, жұртшылық оның жаңа махаббаты туралы сөз ете бастайды. Жас болғанына қарамастан, ол әйгілі актер Бюлент Иналмен некеде болған. Одан кейін екі жыл режиссер Левент Семерджимен кездеседі және Fatmagul хикаясының түсірілімі кезінде ол жігітпен де қош айтысады. Сары басылымдар бұл оқиғаны фильмдегі Фатмагүлдің (Берен Саат) ғашығы, Керемнің рөлін сомдаушы Энгин Акюрекпен байланыстырады. Бойжеткен оны жоққа шығарады: «Мен фильмдегі немесе хикаялардағы әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін. Мұның барлығы да баспасөздің жорамалы ғана», — дейді ол. Көрермен актрисаның махаббат майданындағы қарым-қатынастары туралы ешқашан жан-жақты біле алмайтын да шығар, өйткені ол өте сыпайы және жеке өмірі туралы ашық айтқанды ұната бермейді. Біз тек ол сомдаған басты кейіпкерлердің бірі Фатмагүлдің сүйіктісімен қарым-қатынасы қалай өрбитінін бақылай аламыз. 2 мамырдан бастап «31 арна» атышулы Fatmagul телехикаясының екінші маусымын көрсетуді бастайды.
Екінші маусымда бірнеше ай бұын болған қайғылы оқиғаға қатысушылардың өмірі толықтай өзгереді. Керем (Энгин Акюрек) ендігі жерде Фатмагүлдің (Берен Саат) қас жауы емес, керісінше бойжеткен бұл жігітпен бірге ғұмырын өткізуді қалайды. Мұстафа (Фырат Челик), Фатмагүлдің бұрынғы жігіті күлге ұшқан арманы үшін кек алғысы келеді. Яшарандар әулетінің балалары Селим (Энгин Озтюрк) және Эрдоған (Каан Ташанер) жан достары Вуралды өлтірген адамды іздеп таппақ.
Бұл аралықта Фатмагүлге қатысты іс көпшілікке жария болды. Қоғам тарапынан қолдау тапқан бойжеткеннің бойына сенімділік ұялады. Яшарандар бұл жолы жеңілулері мүмкін екенін түсінеді. Заң алдында жалтару үшін әйгілі әулеттің өкілдері қандай амал қолданады? Фатмагүлдің махаббатымен сеніміне ие болу үшін Мұстафа қандай қадамға барады? Жаңа бақытты өмір бастау үшін Керем мен Фатмагүл қандай қиындықтарды жеңуі тиіс?
Fatmagul хикаясының түсірілімі барысында түрік баспасөз беттерінде екеуінің махаббаты жайлы жиі сөз болып, олардың болашағын бір отбасына тоғыстырған болжамдар айтылып, көпшілік алдына бірге шыққан сәттерін папарация суретке түсіруге үлгеріп жататын. Берен Саат пен Энгин Акюрек тосын жаңалық іздеушілердің басты құрбанына айналғанына біршама уақыт өтті.
Алайда, сұхбаттарының бірінде актриса «актерлар арасындағы достық – табиғи құбылыс, өйткені біз тәулігіне 20 сағат, аптасына 5-6 күн бірге боламыз. Алайда, телехикаяға бірге түскен әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін»,-деп ағынан жарылған болатын. Соған қарамастан, мұндай сыбыстарға тоқтау болмай тұр. Басты себебі – олар сомдаған кейіпкерлер Фатмагүл (Берен Саат) мен Керемнің (Энгин Акюрек) хикаядағы махаббаты.
«Фатмагүл» мелодрамасының сценарийі 30 жылдай бұрын жазылған еді. Әр уақытта түрлі сценаристер филмге түрлі атау берген: «Үмітсіз таңдар», «Бұл әлемді қарғыс атсын». Алайда, сценаристердің ешбіріне шығарма авторының көңілі толмайды, сондықтан да ол фильм түсіруге өз рұқсатын бермей келген. Тек, 1986 жылы Веджат Тюркальдың тартымды сценарийі бойынша, режиссер Сурея Дуру «Фатмагүлдің кінәсі неде?» деп аталатын көркем фильм түсірген болатын. Ал, 2010 жылы телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленген осы аттас телехикая жарық көрді. Өткен жылдың қыркүйек айында хикаяның жалғасы түсіріле бастады…
Естеріңізге саламыз, қайғылы жағдай себеп болып, Керем мен Фатмагүл ерлі-зайыпты атанады. Бір шаңырақ астында, бірін-бірі жау тұтқан екі жас тұрып жатты. Алайда, екеуі де жүректерінің түбінде ыстық сезімнің оянғанына хабарсыз еді…
Атышулы хикаяның екінші маусымында жастардың бақытқа жету жолындағы күресі сөз болады. Кінәсіз екеніне қарамастан, Керем – зорлықшылардың бірі Вуралдың өліміне жалғыз күдікті ретінде түрмеге жабылады.
Керемнен алыста жүргенде ғана Фатмагүл бұл жігіттің өз өміріндегі маңызын сезінеді. Кездесу бөлмесіндегі қысқа жүздесулерде бір-біріне деген сағынышы басылмаса да, осы бір сәттер екеуіне де күш берді. Бір-біріне сырларын айтып ашық хаттар жазады. Айырылысар сәт туған шақта ғана, бұл тағдырдың жазған кезекті сынағы екенін түсінеді. Фатмагүлдің өмірге деген құштарлығы қайта оянып, қасындағы жігіт өмірлік серігі болатынына кәміл сенеді.
Фатмагүл жауларына қарсы ашқан күрес шоқтан жалынған айналды. Қоғам тарапынан қолдау тапқан бойжеткеннің өзіне деген де сенімі арта түсті. Ол енді әділет үшін күреспек! Бір-біріне ынтызар Фатмагүл мен Керемнің арманы орындалар сәт таяу…
Мысалы, Хавва мен Юсуф хикаясының өмірде өз жалғасын табуы.
Дениздің Кериммен кезедесетін жері толқытып жіберді. Ал аэропортта қоштасу сәтті тым мұңды…
Мукаддестің роліндегі әйел қалай мықты ойнайды?!
Маған Ф пен К-дан гөрі, Хавваның тағдыры қызығырақ болып тұр.
Айтпақшы, кеше олар сүйісті