КерекИнфоМания

Бұл бір дерт! Тығылып қарайсың, жасырынып қарайсың. Әуелі басқы бетті түгендеп шығасың. Сосын қоғамдастық, сонсоң жекеге көшесің. Екі эксельдің арасында үш пост оқып үлгересің, төрт уорд документтің арасында бес пікір оқып үлгересің. Кабинетте адам жоқ кезде шанс пайдаланып осылай «во весь экран» ашып алып, «отдуши» оқисың. Әйтпесе… бірдеңе жетпей тұрады.

Бөлісу:

20 пікір

aikarakoz
Анооооооу тұрған менің постым ғой
asaubota
менде Вкладкаларда тұрады
FaraOn1
жауып тастаймын. бірақ керек тақырыптар бойынша яндекстен бірдеңе іздегенде қайта шығады. қазір жаппайтын болдым)))
asaubota
Гуглдан көп шығады екен, әсіресе қазақша жазып сурет іздесең.
timurrr
Иә, әсіресе асқабақтың суреті шығады. Іздеген тақырыбыңа қатысы болсын-болмасын.
kokbori
менде спорттық сайттан кейін міндетті түрде ашатыным жасырын емес
asaubota
менде фейсбукомания болып кетті. комптан алыста болсам телефон арқылы кіріп отырам, туалетте де Фейсбук, ұйықтарда да.
timurrr
Ол жаққа арасында, атым аталған кездерде, туиттерден кеткен хабарламаға нотифкфктар келген кезде бас сұғам көбіне)
aza
КерекИнфоман болып алдык кой, коп болды. Мирден кейин осы сайт, фб мен массагет аралас бастап жур кейиндери. Бирак, керекке не жетсин)))
Daniar-Alan
мен массагет аралас

 ай быратт… ай быраааттт..
madlen
Уақыт таба алмай жүрмін керекиноға
ademi_alem
Мен де соңғы кезде (осы жерге тіркелгелі) осы жерде көп отырам. Тәуліктін үштен екі бөлігінде отырсам да, отырмасам да, оқысам да, оқымасам да осы сайт ашық тұрады үнемі. Бұл жердің басқа сайттардан айырмашылығы жасандылық, көзбояушылық жоқ. Жасырын атпен, бетпердемен болсын ашық, шынайы көзқарасын білдіріп, пікір қалдырады. Кей адамдардың жазбалары сондай қызық, ал кейбір адамдардың жазбаларынан гөрі жазған пікірлері қызығырақ. )) Бұл жер "Өмір жақыннан қарасаң трагедия, алыстан қарасаң комедия" екенін айғақтайтындай. Өзгеге ғана емес, өзіңе күлуді үйренесің. Өзің үшін жағымсыз көңіл күй сыйлайтын кейбір оқиғаларды бұл жерге жазсаң, қалдырылған пікірлерді оқып отырып өз өзіңнің сәтсіздіктеріңе қалайша күле қарап отырғаныңды білмей қаласың. «КерекИнфо» менің көптен бері жоғалтып алған күлкімді қайтарды. Сол үшін рахмет!
asaubota
сол шынайы пікір көп адамға ұнамай, кірмейтін болып кетті. сен шыдадың
ademi_alem
Шыдадым ғой (бір екі рет жылап алғанымды есептемегенде) ))))
Nurgisa
Тимур, сен тілген еткен манияны ертеректе «керекомания» деуші едік. Ол кездегі шатырсыздық сан мәрте еселенген сипаты еді қазіргінің. Бүгінгі реалияны ademi_alem өте жақсы суреттепті. Алып-қосары жоқ.
Aikona
мәссаған, басқа — басқа сізде керекинфомания екенін білмеппін . Менде үш сайт тұрақты ашылып тұрады: керекинфо, фейсбук, массагет
monti
да жууу мен соңғы кезде кіріп пікір жазбаймын жағдай солай боп қалды бірақ таңғы 8де жұмысқа келе сап, оқып тұрамын со баяғы сат ғо сосын обед кезде тез/тез асығыс қарап шығам
Rafaello
Жұмыстағы қыздар күнде кіреді. Мен ешкімге көрсетпей жасырып әлекпін
Abilakim
жалаңаш суреттері болмаса жасырмаймын
temir1986
Күнде дерлік кіретінмін. Бірақ тіркелуін кеше шаққа тіркелдім.