Құттықтау

Павлодар облыстық радиосында туған күн иелерінің құрметіне арналған құттықтау сазды бағдарламасының кезекті саны өтіп жатқан. Сазды әуен біткеннен кейін бағдарлама жүргізушісі сөзін әрі қарай сабақтады: “сонымен тыңдармандар назарларыңызды аудара отырайын. Ал тыңдаңыздар. Бүгіііін, яғнииии, біздіііің, кішкентай ғана “тыңдарманымыз”, Павлодар қаласының тұрғыны Әлішер 2 жасқа толып отыр. Оған ата-аналары Ерлан мен Гүлден (негізінде барлық туысқандарының аттары жеке-жеке аталады), атасы мен әжесі, нағашы атасы мен әжесі, мектепте оқитын оқу озаты ағасы, әпкесі, Астана мен Көкшетаудағы нағашы туыстары (облыстық радио облыс көлемінде ғана тарайды), Баянауылдағы құда-құдағилары (Әлішердің құдалары болғаны да) және басқа да ет жақын туыстары Әлішердің қуанышына ортақтаса отырып, өзі сүйіп тыңдайтын “Немерем” әнін “сазгер” Заттыбектің орындауында тарту етуді бірауыздан тілеп отыр. Ал кәне, Әлішер бұл музыкалық құттықтау саған арналады, қабыл ала ғой”. Әрі қарай музыкалық құттықтау жалғасып кетті.
Бөлісу:

10 пікір

ademi_alem
“Немерем” әнін “сазгер” Заттыбектің орындауында тарту етуді бірауыздан тілеп отыр.
))))))
a63a1
Қазақ радиоларының сәлем жолдау мен құттықтау айдарларын тыңдай қалсаң тойда отырғандай күй кешесің кейде
asaubota
облыстық ТВдегі құттықтау ваще өрт! туған күн иесі жоқ суреттер де беріле береді. біреудің альбомын көріп шыққандай болатынбыз.
Zhan
Радиода құттықтағаннан адамдар не ұтады? Соған түсінігім жетпейді екен. Теледидардан мейлі көресің. Ал радиодан оның не түрін көрмейсің, сосын ол маңызды да емес сияқты меніңше. Оны кім тыңдап, кім біліп жатыр? Газетке шыққан батпандай мақалалар мен телеарнаға шыққан сюжеттерді жұрт көріп үлгермей жатады.
Armanjan
сол жүргізуші «н» мен "ң" әрпін айырмайтын пенде кен, бәр жерде «н»-ды қолданып ұра беретінін қайтерсің. Айтпақшы Ұлттық арнаның Павлодардағы меншікті тілшісі де "ң"-ның орнына «ын, ын» деп айтады. Талай айтылып, талай сыналды сол (тіпті біреулер кезінде республикалық газеттерге де жазған), еш өзгерген нәтиже байқалмайды.
Maya
Дұрыс айтасың, Арманжан. Тыңдап отырып қарадай қарның ашады, "Ң" — ның орнына "н" дегенде тыңдағың да келмей қалады.
Tarazkyzy
Құттықтау сазды бағдарламасы Ақтауда да бар. Маған қызығы — клипі көрсетілген әншіге тиын-тебен түсе ме екен? Білмейсіз бе?
Abilakim
Дегенмен тыңдайтынбар көп құттықтауларды. Біздің ауыл жақтарда кей үйлер тыңдайды. Әжемізді құттықтағанбыз былтыр. содан көрші кемпірлер ертеңіне" сені радиодан айтты" деп әжемізді жарып кетіпті
araika
Кешке қарай жергілікті арналарды қоса қалсаң, осы бір құттықтау бағдарламасынан көз аша алмай қаласың Еще түнгі сағат 11-лерде беретінін қайтерсің?!