Африкадағы Анаконда аулайтын ұлт

Алып жыланды көргенде қандай әсерде боласың?

(Бір отырыста жылан туралы сөз қозғалса керек. Ортада әңгіме айтып отырған адам бір кезде «ең үлкен жылан Оңтүстік Америкадағы анаконда, оның ұзындығы жиырма метрге дейін жетеді екен» депті. Мұндай кезде тыныш қала алмайтын Қабен атамыз сонда бір жөткірініп алып әңгімеге кірісіп кетіпті.
— Баяғыда кезек қой жайып жүріп Ақшағылға (Күршім өзенінің бойы) бармаймын ба,- деген екен ол,- күн ыстық, бір жалпақ тастың үстінде дамылдап жатсам, астында әлдене ысылдағандай болды. «Бұл не?» деп еңкейіп қарасам, сендерге өтірік, маған шын, ұзындығын біле алмадым, басы құлынның басындай жылан жатыр екен...) «Айқын». «Ауыл айтқыштары»
Өтіркті шындай, ақсақты тыңдай қылған сөз тапқыштығына болмаса, жаныңнан сондай анаконда түгіл жіп-жіңшке кәрі жылан өтседе, «Ойбаййй» деп қалатындарда ортамызда баршылық.
Ал, дәлірегі S Американың Галапагос аралдарындағы анаконданың ұзындығы 11 метір болып, жоғарыдағы әңгіме сапырғыш (көзін жұмып тұрып) өз қалтасынан 8-9 метір қосып жіберіпті.
Азығын аңшылықтан тапқан, Камерундағы GBAYAS ұлтының адамдары үңгірге кіріп анаконда ұстау сынды тәуекелшілдікке қызығады екен. Анаконда терісін алу үшін, жергілікті аңшылар (өте қайратты, жүректі) тар да терң індерге кіреді.

Олардың қатерге ұшырау мүмкіндігі өте күшті, анаконданың уыты болмағанымен, ініне басып кіргендерді тістейді немесе денесімен қатты орап, тұншықтырып өлтіреді.


Ал айлакерлердің оны ұстау барсы қарапайым, от жағып, назарын адарады немесе білегіне дейін терімен қапталған қолын уақытша беріп тұрып, мойнынан қысып ұстап алады.
Бөлісу:

42 пікір

zhanibek_nurish
қызық инфо екен, плюстедім. дереккөз қайда? және түзету бетіне барып қайшының суретін бір шертсең
ұзындығы 11 метір
-лік жазбаң қысқаратын еді,
Nurshat
тағы 9 метірды қоссай, қазақпыз ғой,
izbasar
Қызық инФО!
Nurshat
бірден қызық болды, рахмет
Elirgen
Анаконданың Африканы мекендегені қызық екен, «Он бес жасар капитанда» (©Жюль Верн) энтомолог Бенедикт шынымен қоңыз теріп кеткендей екен

Бірді-бірге бытыстыратын қазақ журиктерінің синдромы.

Ал шындығында, Анаконда Оңтүстік Американы мекендейді, ал Африка-питондардың мекені, әрине, суретті тамашалайтындарға жазба — поқи, дегенмен, шимай-шатпақ жазу үшін оны өзің түсінгенге не жетсін. Ал анаконда немесе питон туралы еміс-еміс естісеңіз әбжылан дей салыңыз
Nurshat
алып жылан (Әбжілан) немес Айдаһар деп атайын-ақ дегем, бырақ оқырманға түсініксіз бомас үшін суреттегі үлкендігіне қарай Анаконда дедім,
шимай-шатпақ жазу үшін оны өзің түсінгенге не жетсін. Ал анаконда немесе питон туралы еміс-еміс естісеңіз әбжылан дей салыңыз
түсініксіз дегенің қызық екен… қабылдадым.
SaWOK
мен де тақырыбын көріп, африкада қайдағы анаконда деп ойлап қойдым
Nurshat
әйтпесе оқымай қоясың
Gastarbaiter
Кеше «Назарбаевтың мұрагері анықталды!» деп жазып қойыпты бір жерде. Аңқаумын ғой, тырс еткізіп оқи бастадым.
Сөйтсем, президентпен фамилиялас біреу ұлды болыпты.
Gastarbaiter
Анаконданың Африканы мекендегені қызық екен, «Он бес жасар капитанда» (©Жюль Верн) энтомолог Бенедикт шынымен қоңыз теріп кеткендей еке


Тірілей туатын Анаконда суда мекендейтін сияқты еді ғой деп қоям Анимал Планетінс…
Шынымен де автордың неге питонды «питон» демегенін түсінбей отырмын.
Nurshat
"Құрлықта жүретін анаконда бар екен, ол африкада өмір сүреді екен, ұзындығы 11 метір екен. тауықтар секілді жұмртқа басады екен" Африка ақпарат агенттігі,
omarbirat
ең үлкен жылан Оңтүстік Америкадағы анаконда
деп бас жағында жазғаны тіпті қызық боп тұр
Nurshat
жылан анаконданың азған түрі
a63a1
Жыланның басын жесе температура көтеріліп, адам терлейді екен.
Nurshat
оны білмедім, жылқыға берсе семіреді
Adiletshu
Бірінші сурет масқара қорқынышты екен
Nurshat
солай, анау астындағы не екенін өзім де түсінбей қалды????
Marationok
Бәлкім, жұмырқасы шығар? Яғни, ұрығы?
omarbirat
Африкадағы анаконданы қайдам, Оңтүстік Қазақстан облысында кобра мекендейтіні жыландар хақында былтыр өзіме ашқан ең қызық жаңалық болды (шын айтам). Осы уақытқа дейін мен үшін Қазақстан аумағы мен кобра сыйыспайтын ұғымдар болып келген еді.
Nurshat
сол туралы Инфо күтеміз, Омарбрат
omarbirat
Жоғарыдағы «шын айтам» деген көк жазуды бассаң, сол жерде бәрі бар
Nurshat


Оңтүстік Қазақстан облысында кобра мекендейтіні жыландар ма? аты барма? нақты…
omarbirat
Ол емес, мынау. Сурет тым үлкен екен, кішірейтіп осында салуға ерініп отыр едім. Ортаазиялық кобра екен аты.
Nurshat
Көзілдірікті жылан деген тағы бар екен, сонымен қатысы барма?
Nurshat
тамаша, көзілдірікті жылан туралы білетіндер бар ма?
Elirgen
тамаша, көзілдірікті жылан туралы білетіндер бар ма?

Бар
Elirgen


Үнді кобрасын солай атайды, (лат. Naja naja)
Marationok
Буданның өзі, саусақ іздерін қалдырып кеткен деген аңызды естідім.
Nurshat
сыбызғы тартып, жыланды билеткенін айтсай…
Gastarbaiter
Рикки Тикки Тавиді оқығандардың есінде шығар әлі.
Aya
Өз басым жыланнан өлердей қорқамын және ұнатпаймын да. Біздің ауылда ұшатын жыландар болатын еді.
kokbori
Біздің ауылда ұшатын жыландар болатын еді.
Nurshat
Оқ жыландар ма?
Aya
Дәл өзі Мана атауы тілімнің ұшына оралып, келмей қойып еді.
Nurshat
ерте, ерте, ертеде, деп басталатын ертегігі кейіпкер болатын… есімде қалып койыпты)))
Elirgen
Көзілдірікті жылан 1965 жылы «Союзмультфильм» түсірген «Рики-тики-тави» мультфильмінде басты рөлдердің бірінде ойнаған



Nurshat
рахмет, жыландар туралы жазсаң болады екен.
Gastarbaiter
Әне, біреуі табылды.
Nurshat
Килиманджаро тауын бетке алған арыстан патша(Симба мен бимбо) жәйлі мультфильмде жағымсыз кейіпкер (тыңшы) рөлін сомдаған.
Janasil
Ауылда талай жыланның терісін сыпырып қармақтың ағашын қаптап алатын едік. Тіпті құмнан қып-қызыл жыланның терісінен белдік қаптап алатындар бар.