Мәзір: "Зебра" пирогы
Сәлем бердік «Керекинфо» қауымы.
Бүгін сіздермен бірге дайындайтын мәзіріміз: «Зебра» пирогы. Жылдам әрі дәмді пісетін тәтті пирогтың мен жасаған нұсқасын назарларыңызға ұсынайын. Онда, бастадық.
1. Тазалық!

2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде!

3.Құрамы:
— 4 дана жұмыртқа;
— 50-70г сары май;
— 200г қаймақ;
— 300г қант;
— 2 стакан ұн;
— сірке суына басылған ас содасы;
— какао.
4. Аталған заттардан қоспаны әзірлеп аламыз.


5. Осы қоспаны екіге бөліп, екіншісне какао қосамыз.


6. Дайын болған екі қоспаны, кезекпен табаға құямыз.



7. Табаны қоспамен толтырғаннан соң, оның үстін қалауымызша сәндеп, түрлі жеміс пен тосаптарды қосамыз.


8. Ыстық пеште 180-250 градуста 20-25 минут ұстаймыз. Пирог дайын! Тез әрі дәмді.


Жеміс салғандықтан пирогтың формасы сәл өзгерді. Жалпы, тәтті болып шықты. Астарыңыз дәмді, дастархандарыңыз берекелі болсын!

қайда жүрсіңиии, агентке шықшишжыныма тимемәәәзбін)))Маладес, Ака!
Бірақ Қостанайды сілекейге батырмасам болғаны