БОЛАДЫ ДЕП АРМАНДА!
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге!
(М.Мақатаев)
"Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп" қабылдап, салы суға кететін жандар көп бұл жалғанда. Қос қолынан айрылса да тағдырына налымай, алдына мақсат қойып, сол мақсатын іске асыра білген мына бір адамға таңқалып, еріксіз басымды шайқадым...
41 жасар қытайлық Хуан Гофу аузы мен аяғының көмегі арқылы сурет салады. 4 жасында электр тогы соққысы салдарынан екі қолынан айрылып қалған бала 12 жасынан бастап аяғының көмегімен сурет сала бастайды. Қос қолының жоқтығы оның суретші болам деген арманынан бас тартуына кедергі болмады. 18 жасқа толғанда әкесі ауыр дертке шалдығып, оны емдету үшін өз бетімен ақша табуға мәжбүр болады. Оқуын тастаған ол Қытайды аралап, қала көшелерінде сурет салып, өткен — кеткен адамдарға сатады. Бүгінгі таңда ол өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі суретшілер үшін қауымдастық құрды.



, іздемеймін, кездесіп жатса орналастырамын,
кездессе, іздемегенім
оларды кезінде батыстықтар «Азияның жарымжандары» деген....
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, жалғанға…
Ал енді мен ақыл айтам, ақыл айтам, таңданба,
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, жалғанға…
Мына өмірде, жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам, ақыл айтам, таңданба.
Әзіріңе, мәзіріңе әулекі боп алданба.
Бататұғын күндерге де, ататұғын таңдарға
Үмітпенен қарағайсың, бойыңда ыстық қан барда.
Өтер кетер, өтер кетер, дейміз ғой біз мұңайып,
Дейміз дағы жалғаймыз кеп, бір айыпқа бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен, құзға барып құлайық!
Қоңырсыған қоламса емес, артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында біз тұтатқан от жансын!
Ей, болашақ, ей, болашақ, ошағыңда от жансын,
Мүмкін бізді сағынарсың, кім біледі, жоқтарсың…
пы.сы «Мазақ ете» деген сөздің ауырлығы маған жүк болмасын,
cам дурак©
Екі аяқты әңгүдік адамдардың ойларынан сақтану керек.