Классификация: таза қалалық, ауыл мен қала арасындағы будан, таза ауылдық.
Аядай Шыңғыстаудың күнгей бетіндегі Баршатас атты ауылдан тағдырдың жазуымен оңтүстіктегі Алматы шәріне топ ете қалдық. Алғашқыда үйренісе алмай, сықсыңдап Алматымен бірге жылап жүретін күнім көп болатын.
Әр тараптан жиналған түрлі адамдар қауымын көрдім. Киім киісі, сөз сөйлесі әрқандай. Ауылдан келгендер, қалалықтар дегендей. Жүріс-тұрысы, киім киістеріне қарап мендегі «тарының қауызымен» Алматыдағы көріп жүрген студенттер қауымын үш классқа бөлдім. Яғни, таза қалалықтар, қала мен ауылдың арасындағы будандар, таза ауылдықтар.
Таза қалалықтар. Бұл типтегі адамдар қауымына қалада туып, асфальтта құлдыраңдап жүгіріп ойнап, тумысынан қаланың ауасымен демалып, балконда өскен адамдар жатады. Алматы қаласының өзінде туып-өскен қыздардың «Алматинка» деген өздерінше статустары бар. Көшеде көрсеңіз бірден ажыратасыз. Себебі, орыс тілімен сусындап өскеннен соң, түрі, кейпіде соған негізделген, өзгешелеу болады. Барлық нәрсеге қол жетімді болғандықтан, өздерінің ынта-ықыластарын кеңінен пайдалануға мүмкіндіктері болған жандар. Мысалы, би үйірмесін айтуға болады.(мен балетті керрремет жақсы көремін. Алайда, ауылда ондай затты теледидардан-ақ көргенсін, арманда қалып кеттік, Бекжан Тұрысыңдыссс)Тілі: орысша басым, реті келсе қазақшадан да бас тартпайды. Бірақ сирек.
Ауыл мен қаланың арасындағы будандар. Алматы қаласындағы басым топ деп атаса болады. Негізінде жоғарғы курс студенттері мен магистранттарды, жұмыс істейтіндері жатқыздым. Бұл типтегілер ауыл тұрмысын ұмытпастан, қаланың тіршілігімен ұштастырғандар. Қанша қалалық болып, сәнді киінсе де бастапқы негізінің бір ұшығы жылтиып тұрады.Тілі: қазақша басым. Реті келсе орысша, ағылшыншадан да іркілмейді.
Осы типтегі «бір қыздың» айтуынша: «таза қалалықтар типіндегілер басқа шалғай аймақтардан келгендерді бастапқыда менсінбейді. Оларға „гастарбайтер“ сияқты қарайды. Кейін келе лаждың жоқтығынан мойындайды» дегенді айтады.
Бұл типтегілердің кейіп-кепсірі жылы болып келеді.
Таза ауылдықтар. Бұл типтегілерге негізінен бірінші курс студенттерін жатқызуға болады. Балалық қылықтары сол қалпында, қоғамның қатыгез талқысына түспегендер. Айналасына таңдана қарап, ауылдағы тәрбиесінің үддесінен шыға алмай жүреді. Мысалға, түнгі клубқа бармау деген сияқты қағиданы берік ұстанып деген сыпатты. Қайда жүрсе де аңқылдап, шаштарына еш «прическа» жасамай, боянбай жүре береді. Тілі: судай қазақша.
Сосын, біздер ауылда барлығымыз бір-бірімізді танитын болғандықтан үлкендердің барлығына «сссәәәлметсіз бе» деп үнемі амандасып жүретінбіз. Сол әдетімді Алматыға келіп жалғастырып, танымайтын үлкен ата-апаларға, аға-апайларға амандасып қоя беретінмін. Кейін келе, әзер дегенде қойып, есесіне ауылға барғанда амандаспайтын қызық мінез пайда болғандай.
Міне, өз ортамдағы студент жамағатын осылай жіктедім. Тағы алып қосарларыңыз болса, «жазба-құсық, аффатарды зынданға» дегілеріңіз келсе, оны да айта отырыңыздар деймін.

Егерде, мысалға қалай атсам ба екен, қазаққа келетін болсақ, жергілікті деуге келетен қазақ табылмайды, яғни алматинка деген статусы бар.Алматылық қазақтар дегеннің өзі күлкілі бір нәрсе екен, бәріміз де ауылдан шықтық. Менмендіктерін бір жеріне тереңірек салып қойсын.
satibaldi
Айтпақшы, балетке деген талғам жағынан дөп түседі екенбіз
сәбет кезінде қазақтар ауылда ғана тұрған, сәйкесінше барлық игі-жақсылар ауылдан шыққан. егер қалада тұрған қазақтар болса, қаладан да шығатын еді.
Түркістан ауыл болса, ауылдан шыққан игі жақсылар қатарындасың
Түркістан қала болса, қаладан келген понт қуатын жақсы екендігің күмән туғызатын дүбәрасың…
асфальтта өскен қазақ қой, көрінбей тұр ма?