" Өкініш "

Қайран көңіл қамығып толғаған ән.
Амалсыз өз бақытым болмаған жан.
Сезбейсін ғой жүрегімнің жарасынан.
Қып-қызыл ыстық қаным сорғалаған.
Таба алмай даусыма сай қанатты әнді.
Арманым, алдамшы үнге алақтады.
Қайғыдан қайран көңіл қан жұтады.
Тапқанынан көп болып жоғалтқаны.
Мен сені ұмыта алмаймын,өзім үшін.
Ойдан кетпес, оралмас сезім үшін.
Бар сырды сөзіммен жеткізе алман.
Күйімді айтқызбай-ақ көзден түсін.
Сезім өлді, өзінің биігінде.
Мазалайды, ұйқымды ұрлап жиі түнде.
Өмірімнің баға жетпес бақытысың.
Және өзін бар өкініш күйігімде.
Қайран көңіл толқындай жағаны ұрған.
Ыстық жасың төгіліп жанарыңнан.
Аяулы аппак сезім аяқ асты.
Жаралы жүрегімнен ағады қан.
Қайран көңіл күл-қоқыс көміледі.
Ессіз сенің жанарың егіледі.
Тамұқтың хақ төрінде отырғандай.
Аяусыз неткен мынау өмір еді.
Бөлісу:

16 пікір

dark_nazgul
Хм. Көпті көрген апашкіңнің сөзіне құлақ салшы. Далбаса мұны бәрі.
kokbori
Апашка болғанда қандай десей?
dark_nazgul
яцыз болғанда яцыз енді.
kokbori
мен жария қылмайын деп отырсам, о несі ей?!
dark_nazgul
Сен жария қылатындай, өзің ғана білетін құпия ма еді?
kokbori
Блм, ана кафеге барғандар тым көп емес еді ғо дегенім еді, яцыз апашка
dark_nazgul
Ол кафеде менің есімде қалмаған бірдеме болып па еді?
kokbori
Мә, сіз көп ішіп қойғансыз ғо онда, не істемедік біз?!
dark_nazgul
қой-е. Ондайлық көп ішкен жоқпын.
Бәрі есімде.
kokbori
Ондайлық көп ішкен жоқпын.
Жоқ, тролл атыңды айтым қойдың ғо дегенім ғой, ондайлық деп нені ойладыңыз, азғынқиялыңдссс@Aldeken
dark_nazgul
өй жынды. ол менің тролль атым емес.
kokbori
енді, мен қателестім бе?
dark_nazgul
Мен қанша мас болсам да, шын тролль аттарымды жария қылмаймын.
kokbori
ойбууу, солай ма? Біз Яцыз апашканы тролл аты деп малданып жүрмі ғой