Қазақша эротика §1

Қазан төңкерісінен алдын қой үстіне торғай ұялаған заманда бір болыс өмір сүріпті. Болыстың кемпірі ертерек бақилық болған, бір тал ұлы мен келіні болыпты. Мамыражай тіршілік жүріп жатады. Біркүні түн ортасында болыстың жылқысына жау шабады. Барымташылармен болыстың жаңғыз ұлы арпалысып жүріп, басына шоқпар тиіп сол жерде тіл тартпай кетеді. Артында әкесімен екіқабат әйелі қара жамылып қала береді. Ауыр қайғыны көтере алмай болыс та баласының қырқына жетпей о дүниелік болады. Сонымен шаңырақта тек жас келіншек қалады. Тірі тіршілігін жасап жүріп жатады. Уақыт сәті жетіп аман-есен шекесі тостақтай ұл босанып алады. Жас келіншекке болыстың атқосшысы Қотанәлі да бұрынғы тіршілігін істеп, мал-палын жайғастырып жүреді. Жас келіншек те белін бекем буып, күйеуімнің ошағын өшірмеймін, шаңырақты ұстап қалам, осы жаман немені әкесін жоқтатпай жеткіземін деп серт береді. Күндер жылжып болыстың да күйеуінің де жылдық асын береді.
Бірақ түн баласы келіншектің ұйқысы қашып, таңертең мазасыз оянып жүреді. Түсінде бір албасты ма, әйтеуір сұлбасын дәл суреттеу мүмкін емес бір бейне бұны мойнынан қылқындырады ма, қинай ма әйтеуір түнімен қыстығып шығатын болды. Көктем жақындаған сайын бұл бейне тіпті күшейді. Күндіз оны-мұны шаруалармен есінен шықққандай болып жүрет те, ал түн болды күндегі көрініс тағы қайталайды.
-Жоқ!-деп, келіншек бүгін тағы оянды.
-Мүмкін емес, менің олай істеуге қақым жоқ, ақ төсегімді былғамауым керек, мына жаманның өмірі үшін!.. Сыртқа шықса таң рауанданып атып қалған екен. Қотанәлі биелерді байлап, құлындарды ағытып жүр екен. Көзінің астымен бұған мүләйімси қарағанын да байқады. — Осы байғұс болмаса күніміз тіпті қараң қалар еді, жаны жоқ бейшара!- деп Қотаәліге де бір сәт жаны ашып кетті.
Елдің бәрі жайлауға дайындалып жатты. Бұлар үйді жығып, жүктерін артып көщке ілесті. Ымырт үйірілген шақта болар қоныққа ыңғайлы жер қарастырып, бір шөбі шалғын бұлақтың жағасына түнемек болып шешісті. Кешкі астарын мосыға шәй қайтанып, бұйырған несібелерін ішіп-жеп алысқан соң келіншек баласын қасына алып көктемнің жайлы түнінің самалына маңдайын тосып тәтті ұйқының құшағына ене берді.
Шошып оянды. Қара терге малынған маңдайын сүртіп отырып есін жинауға қанша тырысса да, түсіндегі қара әзәзіл шықпай қойды. Соңғы күндері онша қинай қоймай еді. Бүгін тіпті жаман болды. Келіншек сыртқа беттеп, ақырындап бұлақтың жағасына барып екі аяғын суға батырып, жерге жамбасын тигізді. Солай мең-зең хәлде ұзақ отырар ма еді кім білсін бір кезде ту сыртынан сытыр еткен дауысты құлағы шалып қалып, артына сәл мойнын бұрды да дірілдеңкіреген дауыспен:
— Бұл қайсысың?
— Мен ғой, Қотанәлі!
— Кім болсаң да келші бері!..
Бөлісу:

51 пікір

serjan
«Шолпанның күнасі» ме, жоқ әлде «Бақытсыз жамал» ма еді, осындай бір әңгіме оқып едім ертеректе соның желісіне ұқсайды екен.
AKY
Мұхтар Әуезов, "Қаралы сұлу".
Аффтар, уішівөл, саған дейін де бұдан жақсырақ версиясы жазылып қойған
zholantai
Дәл таптың, аффтар қиналып өл, дені дұрыс шығарманы өзіңше өңін айналдырмақ болғаның ба?!
patick
Эротикаға жыным келетіні: маңызды көріністер басталып болмайды, кіріспесінссс
a63a1
басталмай қойғанымен қоймай, қойып қоятын әуендері барлық фантазияны астан кестен қылад
patick
Әй, бірақ парноқы да оңып тұрған жоқ. Оны ешкім ешқашан соңына дейін көрмейді
a63a1
 көретін интеллигенттерді көргем соңына дейін, әр бір эпизодтан рухани ләззат алып:
— мына акт болып жатқанда Моцарттың 40-шы симфониясын қойса ғой деп
Gastarbaiter
Интеллигенттерден бұрын қыздар көред аяғына дейін, оларды жігіт қызға ақыры үйлене ме деген сұрақ мазалайд.
konvict
Ық ық, басталмай жатып бітіріп қоясың ба
Makashkara
білә пездес әжуалап тастапсыңдар!
saltanat23
Осы тақырыппен тағдырлас Бексұлтан Нұржекеевтың романы бар. «Күнәлі махаббат» сияқты шығарманың аты.
dark_nazgul
жоқ «Күнәлі махаббатта» мұндай ештеңе. «Күтумен кешкен ғұмырда» бар, біраз.
saltanat23
Мүмкін шатысқан шығармын. Бірақ «Күтумен кешкен ғұмыр» емес. Ол кітап үйде бар, мана қарағанмын сол шығар деп, ол емес. Бір танысым Бексұлтанның 2 кітабын сұрап алған, соның ішінде кеткен шығар.
Менің айтып отырған романымда соғыс жылдарында қалған жесір әйелдің тағдыры. 3-4 баласы болады әр түрлі еркектен тапқан. Ата-енесінің үйінде жүріп те, соғыстан жарымжан болып қайтып, сол үйді паналаған бір еркекпен жата ма сондай бірдеңе
Abilakim
үлкен баласы ата-енесімен қалады ия? Кейін екіншісі атпен біріншісін іздеп келетін жері бар ма бірдеңе
Abilakim
«бір өкініш, бір үміт» емес пе еді?
saltanat23
Ия, сондай жері бар. Атпен іздеп келетін. Романның аты солай сияқты, бірақ нақты білмеймін. Сондай романы бар екенін білемін бірақ.
Abilakim
сол ғой деймін Шеген, Бүбіш деген кейіпкерлері бар.Жақсы шығармалар қатарына енеді менің топтамам бойынша
saltanat23
Маған жалпы Бексұлтанның шығармаларының барлығы ұнайды. 4 томын да алғам шығармалар жинағының. Керемет!
«Ерлі-зайыптыларын» оқыдыңыз ба?
dark_nazgul
былтыр «жұлдызға» бір әңгімесі шықты ғой, Ақан сері туралы. оқыдың ба?
dark_nazgul
ондағы Жәмихан мен «күнәлі махаббаттағы» Зеріптің прототипі бір ме дедім.
saltanat23
Зеріп «Күнәлі махаббатта» емес «Ерлі-зайыптыларда» сияқты еді ғой.
dark_nazgul
Ерлі зайыптыларда Зерен.
saltanat23
Мен оқыған «Ерлі-зайыптыларда» Зеріп — Мұқа мен соның әйелінің қызы болатын. Зерен емес точно.
dark_nazgul
қайта оқып шық, қолыңда бар екн ғой. менде жоқ.
saltanat23
Жалықтырмайтын шығарма. Қайта оқуға тұрады
dark_nazgul
білем білем. атауын есіме түсіре алмай отырмын… аааа, мен «бір өкініш, бір үмітпен» шатастырып отырған екем ғой. дұрыс, дұрыс, «Күнәлі махаббат».
vebred
Басқасын қайдам, өзіме Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегінен» асқан эротика жоқ!!!)))
Мағжанның эротикалық өлеңдерін де ұнатам))
SaZhaM
Эротикалық өлеңдерді жазудың хас шебері — Асылзат ақын!!!
SaZhaM
Ең бастысы ес жия алмай…
Өлеңді жазған: Асылзат Арыстанбек

Маңдайыңды өбіп келе жатырмын,
Таңдайыңда еріп бара жатырмын,
Тал бойымды керіп бара жатырмын,
Тұңғиыққа еніп бара жатырмын;

Төзімімді түйіп қана жатырмын,
Сезіміңе күйіп бара жатырмын,
Құмарыңа иіп бара жатырмын,
Құйғаныңа ұйып бара жатырмын;

Кірпігімді жұмып қана жатырмын,
Тылсымыңа тынып қана жатырмын,
Тіл қата алмай күліп қана жатырмын,
Күшім қалмай құрып бара жатырмын;

Қылығыммен еліктіріп жатырмын,
Құшағыңа еніп, кіріп жатырмын,
Балғасына көрік болып жатырмын,
Бермесімді беріп тынып жатырмын;

Саумалыма сүңгіп кетіп жатырсың,
Селт еткенде үркіп кетіп жатырсың,
Сыбырыма елтіп кетіп жатырсың,
Сиқырыңа ертіп кетіп жатырсың;

Көрігіңді басып болып жатырсың,
Келбетіме ғашық болып жатырсың,
Шаттығыма шалқып кеңіп жатырсың,
Шашуыңды шашып, төгіп жатырсың;

Жанталасып, аласұрып жатырмыз,
Тән таласын таң асырып жатырмыз,
Жағалауға талып шығып жатырмыз,
Жан шақырып, жаңа суып жатырмыз;

Сөзімізді ести алмай жатырмыз,
Тәттімізді еш қия алмай жатырмыз,
Еркімізді тас түйе алмай жатырмыз,
Ең бастысы ес жиа алмай жатырмыз.
SaZhaM
Алтын асық
Өлеңді жазған: Асылзат Арыстанбек

Жаһанның құшағына сиясың ба,
Жарық күннен жатқам жоқ түк қысылып.
Ойығыма қорғасын құясың да,
Асықтай иіресің бүк түсіріп.

Жалғыз асық болса да… қызық ойын,
Ханталапай алаңы – тар төсегім.
Сенің дағы белгілі бұзық ойың,
Сақаңның салмағында бар кеселің.

Асығымды түсіріп алшысынан,
Айызың бір қанар ма алақайлап,
Сақаң келіп тигенде дәл тұсынан,
Қағып ал да қақпайла талапайлап.

Таңдайыма тамызып тәтті сезім,
Маңдайымды, құдай-ау, жарамысың.
Иіргенде не бүк, не шік түсемін,
Ұтқан сайын ұлғайып барамысың.

Гүлге толып көңілім, тәнге тоят,
Жеңген сайын жеңімпаз жай таба ма?
Алақанда аймала, нілге бояп,
Алтын асық қалмасын айдалада.
dark_nazgul
Бір-ақ жылға әрең шыдаған, шынымен-ақ…
Abilakim
Қасым Олжас та ешкімнен қалыспайды эротикалық шығармалар тұрғысынан)))
SaZhaM
Күрең атың шөлдесе…
Өлеңді жазған: Асылзат Арыстанбек

Күміс көлден ойылған,
Күрең атты суарған,
Сен де шықтың ойымнан,
Мен де шықтым құмардан.

Жағасында көлімнің,
Жай жатпайсың, жырғайсың.
Күрең атың шөлдесе,
Күнде келіп тұрғайсың.

Тұңғиығы тап-таза,
Табиғаттың ғажабы:
Қысы-жазы көлімнің,
Тарқамайды базары.

Күліп-ойнап кеткейсің,
Күміс теріп тереңнен.
Күрең келсе кісінеп,
Көл де шығар кемерден,

Тыныштықпен таласып,
Тілегіңе жеткейсің,
Күреңіңмен таң асып,
Қазық қағып кеткейсің.

Көл жағасы құрақ-ты,
Келіп тұрғай құс аулап,
Арғымағым, біржола,
Алайын ба тұсаулап.

Келсең дағы таң асып,
Тыншымайсың, тынбайсың.
Күрең атың шөлдесе,
Күнде келіп тұрғайсың.

Таңға жеткен тілегің,
Тоят түннің пірі едің.
Шорт үзетін шідерін,
Шөлі қанбас күреңім.
zholantai
— Қарағым, Қарагөз, немене? — деген үн шықты. Сөзін ұққан жоқ, кімнің үні екенін де аңғарған жоқ. Бетіне де қарамастан, қолын шалқасынан созып, бұлғағандай болып:
«Келші бері!» деді. Келе берген кісіні өзіне қарай жыға құшақтап, құшырлана тістеп сүйе бастады…
Дүние құмарлық мастығына батып, көзден өшіп барады…
Денедегі жыландар енді қуана ойнақ салады. Бұл күйдің кінәлісі Болат еді ... ©М. Әуезов
SaZhaM
Ештеңе де болмаған сияқтанып…
Өлеңді жазған: Асылзат Арыстанбек
2008-07-16
Қос жанарың шақырды келе ғой деп,
Тобығыма сусыды ала көйлек.
Тап бергенде мен тұрдым жеп қояр деп,
Қос алмамды қолыммен көлегейлеп.

Мамық төсек шарапсыз мас қылардай,
Аласұрдық жын буған бақсылардай.
Жаншығаның жанымды шығарардай,
Жаным деген сөздерің жақсы қандай.

Не қойып, не болғанын ұғына алмай,
Құшағыңды жазбайсың құны бардай.
Айрап-жайрап жатамыз сонан кейін,
Бағанағы ұяттың бірі қалмай.

Терезеде сөнбеген шырақ қалмай,
Тәнімізден тарайтын шуақ бардай.
Сабырыңды сарқығым келетіндей,
Сандығымды жатырмын шын ақтармай.

Түгелімен от құшып жатқандайсың,
Түніменен тәттімді татқандайсың.
Сандығымды айқара ашқан кезде,
Сен де бәрін жайқала ақтарғайсың.

Жүз иілтіп денемді, жүз бүктіріп,
Жүз тараптан жатқандай кездік кіріп.
Үркіп қашып жатамын, іркіп қалып,
Үлгертпейін дегендей… үздіктіріп.

Шыңғырсам, шабыттанып шалықтайсың,
Тындырсам, талып барып қалықтайсың,
Теңізіме сүңгіген сайын семіресің,
Жағаға шыққан сайын арықтайсың.

Жұптасқанда жалаңаш… жарасарсың,
Жан шақырып, тебініп, таласарсың.
Оймағыма кіргенде кептелерсің,
Орманыма енгенде адасарсың.

Тілді тілмен табарсың, сорып-сүйіп,
Сәл дірілдеп қаларсың тоңып, күйіп.
Қимасымды алғанда қиналармын,
Бере салдым екен деп неғып қиып.

Тамағымнан қытықтап талдырарсың,
Өшкенімді өптіріп жандырарсың.
Құмарыңнан шығарсың, құлшынарсың,
Құмарымды менің де қандырасың.

Сырғалықтың түбінен үн қатарсың,
Жүрегіңнің лүпілін тыңдатарсың.
Жүз шақырып жаныңды, жүз өлтіріп,
Жұмағына ләззаттың бір батарсың.

Түннің түріп етегін, түрленерсің,
Тәтті күйге енерсің, гүлденерсің.
Тағат таппай, тыншымай, талып түсіп,
Таңға жетіп бәріне үлгерерсің.

Кездігіңді соңғы рет сұғынарсың,
Кереметін ләззаттың ұғынарсың.
Көрпеңді де жабуға шамаң келмей,
Көлденеңдеп жатқалы тынығарсың.

Ең керемет түс көріп, мияттанып,
Елітерміз кеудеден күй ақтарып.
… Ертеңгісін кетерміз екі жаққа,
Ештеңе де болмаған сияқтанып.