жеңістен жеңіске-Барселона!
Бүгін түн тағы бір қызыққа толы футбол матчымен есте қалды.
Қонағын құдайдай силайтын әйгілі Камп Ноу стадионы.
УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай шешуші матчы Испандықтардың Барселонанысы мен Италияндықтардың Миланы арасында (әділетті) өтті.
Есеп 3:1, Хосеп Гвардиола сарбаздарының еншісінде, (дау жоқ солай боларына сеніп, бәс тіккем)
Бұдан бұрынғы кездесулерде “«Барселона» – «Милан», 2:2 (1:1)” тең түскен еді.
Азулылар бұл түн аянып қалған жоқ, талайды таңдай қақтырған үздік үштіктен (Месси, Хави, Иньеста) құралған алаң иелерінен Лионель Месси қонақтар қақпасына бірінші голын (11 минут) сүңгітіп алды.
Одан соңғы ойын барысы миландықтардың қарсы шабуылына ұласып, Ночерино (32 минут) қарымта қайтарып үлгерді. Жұртқа керемет футбол өнерін көресуден жалықпаған Месси бұнымен тоқтағысы келмеді, алаң шетінде ақырған Хосеп Гвардиолланың үні жігер берді ме қайдам, екінші голын (41 минут) да қақпа ішінен көрсетті. Cонымен алғашқы 45 минут тамам.
Теледидар алдында қалғып кетіппін, комментаторлардың жарқын түсіндірулері, арадағы ГОЛДАР туралы айқайынан ояндым. Үзілістен кейінде ойын өз деңгейінде, мүмкіндіктерін өткізіп алған Миландықтар соңғы 45 минуттан өз жеісін таппақ болды, алайда Пуйоль сынды (таскене) қорғаушылардың қорғанысын бұза алмады. Патоның сәтсіздіктері алаңнан кетіуіне мұрындық болса, Ибрагимович, Робинью түк бітірмеді.
Мессидің ауыр соққысынан қаңғыған допты Иньеста (53 минут) ұтымды пайдаланып, ГОООЛ соқты. 90 минут зу етті де кетті.
Милан шарасыз, жеңілске мойын ұсынды, жолдама Испандық Барселонаның қанжығасында.
Екі гол авторы: Лионель Месси (біздің спартак). ұйқысыз түн еш өкінішсіз…
-Ой, қарағым, менің көзіммен қарап көрші