Өте өкінішті
Шынымды айтсам дәл бұлай болар деп ойламап едім. Бүгін Мәскеуде Дүниежүзілік бокс сериясынан «Астана арландары» мен Мәскеулік «Динамо» кездесіп, ресейлік команда беске нөл есебімен жеңіске жетті. Шыны керек, Астанада өткен жарыста басымдыққа ие болған біздің команданың дәл осындай ірі есеппен ұтылуы мен үшін өте нашар жаңалық. Мен үшін ғана емес, барша қазақтың үкілеген үмітінің үзілуі десек те болатын шығар. Енді не болар екен, алдыңғы жылы екінші орын алғанның өзінде сөз естіген клуб енді тарауы да бек мүмкін. Бірақ амал қанша қаншама шығынды қажет ететін жобаның осылай сәтсіз аяқталғаны да.
Құрметті керектіктер, осы жеңілісімізді талқыға салайықшы. Және алдағы күндердегі біздің спортшыларымыз қалай жеңді, немесе қалай жеңілді? Не себепті, қандай жағдай? Бұл біздің сараптама жасай алуымызға өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Мысалы, бүгін «Астана арландары неге жеңілді? Барлық мықты спортшыларды апарды емес пе? Қанат Ислам, Абдельхафид Беншабла, Ержан Мүсәпіров елімізде ғана емес, әлемдегі ең мықты боксшылар екені белгілі. Мүмкін төрешілер кінәсі ме? Олай болса басқалар не қарап отыр? Тимур Құлыбаев AIBAның басшыларының бірі болып еді ғой? Сұрақ көп, соны талқыға салып көрелікші?
Пы.сы. Тек осыны ғана емес алдағы күндердегі жеңістер мен жеңілістерді талқылайық

12 пікір