Жығылған күреске тоймас

Құдіреті қаламның
Мұхтар аға мен Сізге қарыздармын,
Сізді оқып өмірде бүгін бармын.
Дерт мені жан алқымға алған кезде,
Сізден ғана араша таба алғанмын.

Меніңше Сізді оқып біздің қазақ,
Болмысын,Ұлттық Рухын қалған сақтап!?
Немесе көк бөрідей жалап жазған,
Жарақатын қызыл төбет кеткен талап!?

Қаламыңның ұшы неткен асыл еді,
Сиясы оның кәусар бұлақ суы ма еді?
Оқығанда Сіз жазған сөйлемдерді,
Дәрі еккендей жаным тыныш тауып еді.

Әсіресе “Абай жолын” оқыған мен,
Ұмытып мына өмірді сонда кеткем,
Көргендей болдым бәрін өз көзіммен,
Серік болып жүргендей Абайға мен.

Бірге жүріп Абаймен қуанғанмын,
Әкесінен тапсырма да бірге алғанмын.
Ел аралап халықтың жайын көріп,
Абаймен бірге кейіп, мұңайғанмын.

Мен де ғашық болғанмын Тоғжан қызға,
Барған кезде Сүйіндіктің үй жағына.
Тоғжанменен Абай түнде кездескенде,
Мен отырғам Ербол кеткен кезде үйіне.

Қодарға қара күйе жағылғанда,
Таспен атып, түйеге таңылғанда.
Әріптерге көз жасым тамып кетті,
Сенгім келмей иттердің үргеніне.

Мен Бөжейді бәрінен жақсы көрем,
Ақсақалға араша да түссем деп ем.
Бірақ барма амалың заман бөлек,
Күйіп іштей отырдым ернім тістеп.

Болдым риза Абайдың ерлігіне,
Бөжейді елі еске алып ас бергенде.
Анасы мен Абайдың дәл қасында,
Үй тігісіп, кісілерді күткем мен де.

Мейлі болсын,
Ол шындық- көркемдік те,
Себебі Абай сонда болған бесте.
Деп жазыпты Т.Жұртбай ғалым,
Мақаласында арналған М.Әуезовке.

Семейге де онымен бірге барғам,
Апамызға шәй құйған риза болғам.
Абайдың бірге өткізген достарымен,
Кештерінде мен де отырып ән тыңдағам.

Алшынбайды Абаймен бірге көргем,
Ділдаға ұрын барғанда мен де жүргем.
Семейдің көшесімен кеште жүріп,
Шөже ақынның өлеңін мен де естігем.

Құнанбайға тісімді қайрап жүргем,
Әлгі иттердің үргеніне сеніп жүрген.
Бірақ ол өз айыбын жуып кетті,
Батылдығын көрсетем деп нағыз ерен.

Мен оның қайран қалдым ерлігіне,
Заңгеріңді бопсалаған бүргенінде.
Тартып алып қағазын оның жиған,
Өртеткені қара пешке әлі есімде.

Ұлты татар, аңқау-адал Сармолданың,
Қазасына болып куә қайғырғанмын.
Сондықтан көрсем енді молдаларды,
Ала түскім кеп тұрады жағасынан.

Семейге кеп тығылған ғашықтарға,
Абай болған арашашы,қамқоршы да.
Сол жастардың қуанып,қайғырғанын,
Мен де көріп күлгенмін, күрсінгенмін.

Саудагерлер самаурын қайнатқанда,
Мен де көріп таң қалдым жарандарға.
Бір самаурын ақшамен қайнататын,
Қазір енді жоқ шығар бұл жалғанда?
(Болса да олар қайнатар қанды ғана.)

Абай барып кіргенде әлгі Ұлыққа,
Тыпыршып мен де тұрғам елмен сыртта.
Мен білсем мысы басты оны Абайдың,
Кіріп келіп отырғанда қарсы алдында,
Таудай болып өзгелерден тұрқы басқа,
Хабары мол өнер, білім,ғылымнан да.

Шыны керек қиналдым дәл Абайдай,
Әбіш төсек тартқанда сырқаттанып.
Кейін Мағыш сырқатқа шалдыққанда,
Күйреп кеттім Абайға жаным ашып.

Надандардың күйдіргені аздай оны,
Тағдыры да қатал сынға алған оны.
Өзіңді емес перзентіңді, не анаңды,
Көз алдыңда қандай жаман қинағаны?!

Жаратушы Бір Құдірет жоқтан бәрін,
Жақынымның көрсетпеші қиналғанын.
Анамның да, ағамның күрсінгенін,
Көргенімше бірге сонда неге өлмедім?

Түсінемін қинарыңды жақсыны асқан,
Төзімдірек дейсің сірә басқалардан?
Әйтпесе біз қырсықпыз әуел бастан,
Қасарысып тәтті алманы үзіп қашқан.
* * *
Бірақ оқып Абайдың жазған хатын,
(Сенаттан әділдікті сұрап жазған)
Кірерге тесік таппай қатты састым.
Себебі мен де ұлымын бұл қазақтың,
Дейтін кейде жоқ пышақтың сабы алтын,
Не асылын тасқа шауып қор қылатын!?

Осыны да қарай отырыңдар.Кітаптың әркімге әсері әр түрлі ғой.Оны түгел тізіп шығу да мүмкін емес.Кемшін тұстарын, ананы неге айтпағансың десеңдер өз еріктерің.Қолымнан келгені осы болып тұр.
Бөлісу:

21 пікір

dauitov
Жығылсам не жер, не керекинфо көтерер.
kokbori
Немесе көк бөрідей жалап жазған,
Жарақатын қызыл төбет кеткен талап!?
Абай Амангелді атанбасам нетті? алашайнасыңдсс
kokbori
Тәке не ғо, жақында мен психологиялық әңгімелерге арналған қауымдастық ашам соған кірерсің, ал қазір муза шешейдің мазасын алма, демалсын. Шамасы сендерге ұйқасты әріппен үйретпеген ғой, әлде маған ба? а, б, в, г, ғ, д деп кете беретін ұйқасты еш жерден кездестірмеппін. Соған бетімнің оты шығып отыр. Одан да мені ұялтпай прозаның погребін қазып көрші, қалған құтқан бірдеңе шығар, ал мынау керектің қаншама жерін бекер алып тұр
satibaldi
Жоқ, сен оны AKY -ге жұмса, сосын ол өзі жіберед прозаға
kokbori
Оны неге сүйеніп айттың?
aza
Шынымен, өзі бір талапты бала екен, аззамат! Сынға ұшыраса да қапталдасып әлі қалмай келе жатыр!
Aizhantabyn
ужас(
satibaldi
Өмірімде бірінші рет Сіздің сезімдеріңізді түсіндім
dark_nazgul
Мен де ғашық болғанмын Тоғжан қызға,
Барған кезде Сүйіндіктің үй жағына.
Тоғжанменен Абай түнде кездескенде,
Мен отырғам Ербол кеткен кезде үйіне.
вуайерист, йопты.
Abilakim
бұндай шумақтары да бар ма? Толық оқу керек болды ғой)))
sammita
Деп жазыпты Т.Жұртбай ғалым,
Мақаласында арналған М.Әуезовке.
мынау тың жаңалық екен
satibaldi
Тэ., Эм. — деп, қысқартып оқымасаң, ұйқас бұзылад
Abilakim
аптыр кіммен күресіп, кімнен жығылып жүр?
konvict


Мен де ғашық болғанмын Тоғжан қызға,
Барған кезде Сүйіндіктің үй жағына.
Тоғжанменен Абай түнде кездескенде,
Мен отырғам Ербол кеткен кезде үйіне.
Баяғыда «Мың бір түнді» қайта-қайта оқитын едім анандай жерлерін
satibaldi
Мейлі болсын,
Ол шындық- көркемдік те,
Себебі Абай сонда болған бесте.
Деп жазыпты Т.Жұртбай ғалым,
Мақаласында арналған М.Әуезовке.

MERmukhanov , өлең жазудың мынадай техникасын білмесең, несіне жер басып жүрсің?
danakyz
қалай зынданға ляқтырмайатсыңдар мынаны??
danakyz
ееее атам заманғы жазба кенғой