Өткен күннен естелік
Халайық, архивімнен мына айтысты тауып, ортаға қосып отырған жағдайым бар.
Кезінде достық, сыйластық пен Отанға құрметті ескі Керектіктер былайша жырлапты:
Аспан:
Айтуға ауыз жеңіл, сөз де дайын!
Бәйтерек иілгенмен болмас қайың!
Достықты сипаттау мен жырлау бөлек.
Достарға кім болдық біз, ойланайық!!!
«Мен доспын деп» батыл айтар бәрі де.
Бала менен жаста айтар, кәрі де.
Онда неге адалдықтан, сатқын көп?
Айтыңдаршы, кәні достар бәрің де?
Нұрғиса:
Адал болу, адам болу — ұлы сын
Таңдау шарт-ау сара жолдың дұрысын
Кібіртіктеп қалып жатсаң, әй, достым
Өйткен күнің құрысын!
Ия, ия, адам болу ұлы сын
Хас дос болсаң сол адамға ұлысың!
Бетпердеңді көрсетпесең бірақ та
Ғафу ет, қалқам! Ұрысың!
Адам болу, дос та болу ұлы сын
Бай, кедейлер бәрі Алланың құлы шын!
Мұрныңды шікірейтпей аспанға
«Шын доспын!» деп қандыр құлақ құрышын
Семен болсын жұмысым!!!
Гуль:
Адам болу, арине, ага, улы сын!
Енді маган тусіндірініз дурысын.
Кіммен болмак ісініз,
Кышыпты-ау абден тісініз.
Адам болу, дос та болу улы сын,
“Шын доспын” деп кандырсам кулак курышын,
Кетпейсіз бе урсысып маган катты тым.
Адам болу, дос та болу шынымен де улы сын!!!
Курметпен карындасыныз Гул!!!
Айнура:
Давайте жить дружно!!!
Алла алдында адам болу парызын,
Ата-ананын сутiн актау карызын.
Екi шынды игерген сон, дос сыйла
Жетiм-жесiр жане жеме акысын.
“Дос” угымы улангайыр тусiне алсак,
Шындап оны, калжынды алып журе алсак.
Дос болайык, шатастырмай арненi,
Саткындык пен дос угымы тым алшак.
Жолаушы:
«Адам» атын сақтап өту ұлы сын,
Өмірімнің мәні дермін мұны шын…
Адамдар бар, жүрген бес күн өмірдің
Бір ұшына жеткізе алмай бір ұшын…
«Доспын» деумен дәлелденбес шын достық,
Кейбіреулер айтып жүр ғой күнде өстіп…
Нағыз досты көңіл сезер бұлжытпай
Достық жайлы біз осылай үн қостық…
Сатқындықтан Жаббар Ием сақтасын,
Дос адамдар жүрекке оқ атпасын!
Мені сатса — кешірермін, әйтеуір —
Отаны мен дінін, тілін сатпасын!
Нұрғиса:
Ия, Едеке, Отан мен дін, ождан, ар
Осыларды қорғағандар — озғандар!
Ұсақтықпен арпалысам деп жүріп
Қастерліні ұмытып қап тозбаңдар
Ықылас хәм ынта болса құп мақұл
Сезінуге жүрек керек сезімтал
Адам түгіл доссыз тіпті жұрт та тұл
Саралайтын бүгін екен кезің дәл!
Зейініміз татулыққа қадалған
Саналарды қору керек залалдан
Алдамшы боп көрінетін сағымдай
Жақсылық та, жамандық та адамнан…
Жолаушы:
Сол, Нұреке, адамнан ғой бәрі де,
Өмір мәні — тірлік емес, әріде!
Байғұс жандар байбалам сап бар елге
Байғұстығын байқамай жүр әлі де…
Достық күтсең өзгелерден шынайы,
Жүрегіңе сенім берер ұдайы —
Өзіңе үңіл алдыменен, ойлап көр:
Қай деңгейде достығыңның шырайы?
Өзгелерден күткен адал көңілдің
Артығымен сен бөлмесең — жеңілдің.
Алуға емес, беруге адам ұмтылса
Көп ауыры жеңілдер-ау өмірдің…
Айнура:
Саткындыкты, отан суйгiштiктi, достыкты жане байгус угымдарын аздап шатастырып алып жургендерге!!!
Дос сатканга, отан да кымбат болмас,
Саткындар, согыста та етпес талас.
Ар куыста ку басын куйттеп журер
Ондайлар кетсiн бiзден болсын алас.
Нагыз байгус ердiн созшен болганы,
Байгус болса кайдан батыр ол дагы.
Бейбiт кунде-ак, ер боп журсе жiгiттер,
Нагыз бакыт жерiмiзге конганы.
Гуль:
Досын саткан елін сатар опасыз,
Калай гана оны адам санатына косасыз?!
Биік ойды айттым мен деп жотасыз,
Отанынызды озініз отка тосасыз.
Саткындыкты казак енді кешірмен,
Ерлер кайда келе жаткан кешеден?!
Досын саткан, елін ертен сатар деп,
Урпагына уран еткен ежелден.
Терен ойлан! Болсан егер білімді,
Саткындыкты кешіретін достым-ау,
Кайдан алдын әлемде жок ілімді?!
Коргаймын деп сатып журме ертен сен де дінінді!!!
Аса курметпен карындастарыныз Гул!
Бозторғай:
Сөз ұқпайтын, сөздің байыбына бара алмайтын Айнұр атты құрбыма:
Айнұржан, мәселе Башайда емес.
Бұл Бозторғай Башайды көрген емес.
Көрмеген адамын адам деген
Қарадан қарап тұрып сүйем демес!
Ер адамды құрметтеу еді айтпағым.
Құрмет пенен әдептен сен озбағын.
Жан ағалар асыл сөздер тізіп жатыр
Айнұржан, сол сөздерге тоқталғын!
Ау құрбым, ымыраға келейікші
Бос даудың жетегіне ермейікші
Едекем айтқан сөзге ой тоқтатып,
Достық кілтін өзімізден іздейікші.
Айнура:
Ерлердi кудды бiр кыздай аялай бiлетiн Бозторгай курбыма!!!
Соз укпады дейтiндей устазым ба ен,
Кеттiн жоннен алыстап тыскары сен.
Соз астарын тусiне алар жастамын мен,
Ал, озiн соз саптаудын мыстаны ма ен.
Курметте ердi, озiндi де силата бiл,
Сомен катар оларды ширата бiл.
Соз асылы шiрiмес, кам жемегiн,
Бекерге булкiлдемес комейде тiл.
Достыкты алдыменен тусiнбек болар,
Сонда гана ол кундылык журдек болар.
Сен мактаган ерлердi баптамасак,
Буркiт емес, балапан урпек болар.
Жолаушы:
Сөздің астарын жақсы түсінетін, нағыз ерлерді бүркітше баптай білетін аса құрметті қарындастарыма…
Сөзімнің мәнін,
Түпкілеу жағын
Түсінер терең ойлаған,
Ел үшін күйік,
Адамдық биік —
Жақындау сондай ой маған…
Түсінбей жатсаң,
Ойымды шапшаң
Өкпем жоқ саған, құрбылар,
Әр адам тегі
Бұрыннан бері
Түйсігіне сай жыр құрар…
«Биік ой айттым,
Төрінде сайттың»-
Деген жоқ едім, демеспін,
Бір шумақ жазсам,
Ойымды қазсам —
Арыммен әркез кеңестім…
Жинаған білім —
Нұр шашар күнің,
Білімге тоймас оқыған,
Білгенім — сегіз,
Білмесім — теңіз
Қағидам осы тоқыған…
Шын көңіл бөліп,
Дінімді берік
Сатпауға, құрбым, тырысам…
Ақиқат нұрын
Шырақ қып бүгін
Өмірмен ептеп ұғысам…
Отаным — арым,
Тіл мен діл — барым,
Қалайша отқа тастайын?
Елім деп жанған
Жүректе — арман,
Қосқан ем мен де жастай үн…
Үстіртін ойлап,
Сонымен қоймақ —
Жараспас бізге, қарындас,
Ақылмен біліп,
Жүрекпен кіріп
Тұңғиық сырға жаныңды аш!
Айтыстың сыры,
Көрінер қыры
Жұлқысу емес әмәндә,
Ой қосып ойға,
Сөз айтып қой да
Мағыналы жырды тәмәмда!
Құрбылар, білем
Ойларың кілең
Ниетпен түзу айтылған,
Сыйлаймын «біз» деп,
Бос емес қыз деп,
Қатарда ғана жай тұрған…
Жан-жақтан ұстап
Илеген пұшпақ,
Бір болса егер шынымен,
Мағына–мәнді,
Салиқа-сәнді
Жырлайық достық үнімен…
Дос көңілмен,
ұғымдарды аздап шатастырып жүретін, биік ой айттым деп жотатын, Отанын отқа тосатын, ертең байқамай дінін сатып жіберуі мүмкін бір жігіт…
Бозторғай:
Айнұр қызға:
Мерейін өсірсем мен ер адамның,
Үйреткені жастайымнан ол анамның.
Долыланып ер адамға сөз қайтару
Қылығы емес еді қыз баланың!
Болып еді айтысымыз әп-әдемі,
Айдаладан адасып қайдан келді?!
Құдай-ау ақыл берші мына қызға,
Айтылар сөздеріміз тумай өлді!
Мәртебесін ерлердің
Көтеретін Аналар,
Көсегесін көгертіп,
Азаматын бағалар.
Тәрбие көрген текті қыз
Ұлылықты жағалар.
Көргенсіз адам- қайырсыз
Шошқаны да тағалар.
Біле білсең әр қазақ
Аталы сөзге тоқтаған.
Арзан сөз бен арсызға
Ат басын тіреп, соқпаған.
Бос сөзді бекер сапырмай,
Айту мақсат деп «аһ» ұрмай.
Ашу мен ыза шақырмай,
Тоқта!
Болды!
Жетт і енді!
Кісілікке тән емес,
Мағынасыз мән емес,
Қыз балаға сән емес,
Былғама,
Былықтырма,
Текті Елді!
Біздерге тән ғой әр кез ізет деген.
«Керекке» күз келсе де, сыз өтпеген.
Бәтуәсіз қаужай берген дауа таппай,
Сасқан үйрек артымен жүзеді деген.
Профессор:
Армысыңдар Керектің ақындары,
Өлең сөзге, пәлсәпаға жақын жаны
Әр жазған сөздеріңнің астарында
Сезіледі жиған терген білім бары
Сенде бар бір алма менде де бар
Ауыстырсақ алмаларды, айтшы не болар?
Сенде бар бір білген менде де бар
Ақылды алмасумен өзіне қосып алар…
Бұл ғұмыр өте шығар қысқа достар
Атамыз жоқ арамызда сөзіне тоқтар
Жас жігер, жас қайрат жастар кілең
Ойыңа қарсы шығар, керек қоштар…
Жүйкені жұқартатын бұл жер емес
Керектің пәлсәпәсі биік белес…
Көкжиекте мұнартқан қиял арман
Біз үшін ау ағайын болмас елес…
Сағыныш:
«Ауыздан шыққан суық сөз
Жүрекке барып мұз болар»
деген сөздер сіздерге
тоқтау болса, құрбылар..!
Бозторғай:
Aitsan boldi goi, Saginish.
Beke, sozderinnen ainaldim.
Erten Ramadan. Sondiktan keshirimdi bolaiik. Ainur, katti ketsem aiip etpe. Men buni oiin dep tysinem. Sen de solai tysingin. Ramadan aiinda ari karai soz talasriru jaramas.
Kurmetpen Boztorgai.
Al, akindar, bastandar mandi dodani. Koz sizderde!
Нұрғиса:
Едіге — дастан!
Желдірді-ау бастан
Қырағы менің қыраным!!!
Өрлесең өрге
Орының төрде
А қайнардайын бұлағым!
Жон арқа қызды
Ниеттер ізгі
Сарқыла қоймас, білерім
Жұмылып бір боп
Бытырат мір, оқ
Күштенер сонда білегің
Бозторғай, Айнұр
Сөз айтпас жай құр
Үстемдеу болсын мәміле!
Бітімге келіп
Жахұтқа семіп
Арбаны сүйре әріге!
Рамазан алда
Мейір төк, Алла!
Ниеттер кәміл түзілген
Татулық басым
Біріксін жасым
Жалғанып жіптер үзілген!
Айналайындар,
Аймалайын дәл
Сендердей кербез керімді
Бытырамастан
Құлпырсын аспан
Ертеңің сонда сенімді!
Көгершін:
Бәрекелді, нағыз жүйрік ақындар,
Түзу жолдан тайып кетпес батырлар!
Сөздерің қағып түсер семсер ма екен,
От па әлде қарып өтер, жалындар?
Шумақтарға тамсанамын түзілген
Әрбірінен терең ой мен өжет рух сезілген.
Марқаямын, масаттанам, мақтанамын сендермен,
Машаллаһ, болыңдар аман тіл көзден!
— депті дид бір апай
ПыСы: Көлемі үшін алдын-ала кешірім сұраймын. Айтыскерлерді логинімен қалдырдым, кейбірі қазір де белсенді қатысып жүр.
Кезінде достық, сыйластық пен Отанға құрметті ескі Керектіктер былайша жырлапты:
Аспан:
Айтуға ауыз жеңіл, сөз де дайын!
Бәйтерек иілгенмен болмас қайың!
Достықты сипаттау мен жырлау бөлек.
Достарға кім болдық біз, ойланайық!!!
«Мен доспын деп» батыл айтар бәрі де.
Бала менен жаста айтар, кәрі де.
Онда неге адалдықтан, сатқын көп?
Айтыңдаршы, кәні достар бәрің де?
Нұрғиса:
Адал болу, адам болу — ұлы сын
Таңдау шарт-ау сара жолдың дұрысын
Кібіртіктеп қалып жатсаң, әй, достым
Өйткен күнің құрысын!
Ия, ия, адам болу ұлы сын
Хас дос болсаң сол адамға ұлысың!
Бетпердеңді көрсетпесең бірақ та
Ғафу ет, қалқам! Ұрысың!
Адам болу, дос та болу ұлы сын
Бай, кедейлер бәрі Алланың құлы шын!
Мұрныңды шікірейтпей аспанға
«Шын доспын!» деп қандыр құлақ құрышын
Семен болсын жұмысым!!!
Гуль:
Адам болу, арине, ага, улы сын!
Енді маган тусіндірініз дурысын.
Кіммен болмак ісініз,
Кышыпты-ау абден тісініз.
Адам болу, дос та болу улы сын,
“Шын доспын” деп кандырсам кулак курышын,
Кетпейсіз бе урсысып маган катты тым.
Адам болу, дос та болу шынымен де улы сын!!!
Курметпен карындасыныз Гул!!!
Айнура:
Давайте жить дружно!!!
Алла алдында адам болу парызын,
Ата-ананын сутiн актау карызын.
Екi шынды игерген сон, дос сыйла
Жетiм-жесiр жане жеме акысын.
“Дос” угымы улангайыр тусiне алсак,
Шындап оны, калжынды алып журе алсак.
Дос болайык, шатастырмай арненi,
Саткындык пен дос угымы тым алшак.
Жолаушы:
«Адам» атын сақтап өту ұлы сын,
Өмірімнің мәні дермін мұны шын…
Адамдар бар, жүрген бес күн өмірдің
Бір ұшына жеткізе алмай бір ұшын…
«Доспын» деумен дәлелденбес шын достық,
Кейбіреулер айтып жүр ғой күнде өстіп…
Нағыз досты көңіл сезер бұлжытпай
Достық жайлы біз осылай үн қостық…
Сатқындықтан Жаббар Ием сақтасын,
Дос адамдар жүрекке оқ атпасын!
Мені сатса — кешірермін, әйтеуір —
Отаны мен дінін, тілін сатпасын!
Нұрғиса:
Ия, Едеке, Отан мен дін, ождан, ар
Осыларды қорғағандар — озғандар!
Ұсақтықпен арпалысам деп жүріп
Қастерліні ұмытып қап тозбаңдар
Ықылас хәм ынта болса құп мақұл
Сезінуге жүрек керек сезімтал
Адам түгіл доссыз тіпті жұрт та тұл
Саралайтын бүгін екен кезің дәл!
Зейініміз татулыққа қадалған
Саналарды қору керек залалдан
Алдамшы боп көрінетін сағымдай
Жақсылық та, жамандық та адамнан…
Жолаушы:
Сол, Нұреке, адамнан ғой бәрі де,
Өмір мәні — тірлік емес, әріде!
Байғұс жандар байбалам сап бар елге
Байғұстығын байқамай жүр әлі де…
Достық күтсең өзгелерден шынайы,
Жүрегіңе сенім берер ұдайы —
Өзіңе үңіл алдыменен, ойлап көр:
Қай деңгейде достығыңның шырайы?
Өзгелерден күткен адал көңілдің
Артығымен сен бөлмесең — жеңілдің.
Алуға емес, беруге адам ұмтылса
Көп ауыры жеңілдер-ау өмірдің…
Айнура:
Саткындыкты, отан суйгiштiктi, достыкты жане байгус угымдарын аздап шатастырып алып жургендерге!!!
Дос сатканга, отан да кымбат болмас,
Саткындар, согыста та етпес талас.
Ар куыста ку басын куйттеп журер
Ондайлар кетсiн бiзден болсын алас.
Нагыз байгус ердiн созшен болганы,
Байгус болса кайдан батыр ол дагы.
Бейбiт кунде-ак, ер боп журсе жiгiттер,
Нагыз бакыт жерiмiзге конганы.
Гуль:
Досын саткан елін сатар опасыз,
Калай гана оны адам санатына косасыз?!
Биік ойды айттым мен деп жотасыз,
Отанынызды озініз отка тосасыз.
Саткындыкты казак енді кешірмен,
Ерлер кайда келе жаткан кешеден?!
Досын саткан, елін ертен сатар деп,
Урпагына уран еткен ежелден.
Терен ойлан! Болсан егер білімді,
Саткындыкты кешіретін достым-ау,
Кайдан алдын әлемде жок ілімді?!
Коргаймын деп сатып журме ертен сен де дінінді!!!
Аса курметпен карындастарыныз Гул!
Бозторғай:
Сөз ұқпайтын, сөздің байыбына бара алмайтын Айнұр атты құрбыма:
Айнұржан, мәселе Башайда емес.
Бұл Бозторғай Башайды көрген емес.
Көрмеген адамын адам деген
Қарадан қарап тұрып сүйем демес!
Ер адамды құрметтеу еді айтпағым.
Құрмет пенен әдептен сен озбағын.
Жан ағалар асыл сөздер тізіп жатыр
Айнұржан, сол сөздерге тоқталғын!
Ау құрбым, ымыраға келейікші
Бос даудың жетегіне ермейікші
Едекем айтқан сөзге ой тоқтатып,
Достық кілтін өзімізден іздейікші.
Айнура:
Ерлердi кудды бiр кыздай аялай бiлетiн Бозторгай курбыма!!!
Соз укпады дейтiндей устазым ба ен,
Кеттiн жоннен алыстап тыскары сен.
Соз астарын тусiне алар жастамын мен,
Ал, озiн соз саптаудын мыстаны ма ен.
Курметте ердi, озiндi де силата бiл,
Сомен катар оларды ширата бiл.
Соз асылы шiрiмес, кам жемегiн,
Бекерге булкiлдемес комейде тiл.
Достыкты алдыменен тусiнбек болар,
Сонда гана ол кундылык журдек болар.
Сен мактаган ерлердi баптамасак,
Буркiт емес, балапан урпек болар.
Жолаушы:
Сөздің астарын жақсы түсінетін, нағыз ерлерді бүркітше баптай білетін аса құрметті қарындастарыма…
Сөзімнің мәнін,
Түпкілеу жағын
Түсінер терең ойлаған,
Ел үшін күйік,
Адамдық биік —
Жақындау сондай ой маған…
Түсінбей жатсаң,
Ойымды шапшаң
Өкпем жоқ саған, құрбылар,
Әр адам тегі
Бұрыннан бері
Түйсігіне сай жыр құрар…
«Биік ой айттым,
Төрінде сайттың»-
Деген жоқ едім, демеспін,
Бір шумақ жазсам,
Ойымды қазсам —
Арыммен әркез кеңестім…
Жинаған білім —
Нұр шашар күнің,
Білімге тоймас оқыған,
Білгенім — сегіз,
Білмесім — теңіз
Қағидам осы тоқыған…
Шын көңіл бөліп,
Дінімді берік
Сатпауға, құрбым, тырысам…
Ақиқат нұрын
Шырақ қып бүгін
Өмірмен ептеп ұғысам…
Отаным — арым,
Тіл мен діл — барым,
Қалайша отқа тастайын?
Елім деп жанған
Жүректе — арман,
Қосқан ем мен де жастай үн…
Үстіртін ойлап,
Сонымен қоймақ —
Жараспас бізге, қарындас,
Ақылмен біліп,
Жүрекпен кіріп
Тұңғиық сырға жаныңды аш!
Айтыстың сыры,
Көрінер қыры
Жұлқысу емес әмәндә,
Ой қосып ойға,
Сөз айтып қой да
Мағыналы жырды тәмәмда!
Құрбылар, білем
Ойларың кілең
Ниетпен түзу айтылған,
Сыйлаймын «біз» деп,
Бос емес қыз деп,
Қатарда ғана жай тұрған…
Жан-жақтан ұстап
Илеген пұшпақ,
Бір болса егер шынымен,
Мағына–мәнді,
Салиқа-сәнді
Жырлайық достық үнімен…
Дос көңілмен,
ұғымдарды аздап шатастырып жүретін, биік ой айттым деп жотатын, Отанын отқа тосатын, ертең байқамай дінін сатып жіберуі мүмкін бір жігіт…
Бозторғай:
Айнұр қызға:
Мерейін өсірсем мен ер адамның,
Үйреткені жастайымнан ол анамның.
Долыланып ер адамға сөз қайтару
Қылығы емес еді қыз баланың!
Болып еді айтысымыз әп-әдемі,
Айдаладан адасып қайдан келді?!
Құдай-ау ақыл берші мына қызға,
Айтылар сөздеріміз тумай өлді!
Мәртебесін ерлердің
Көтеретін Аналар,
Көсегесін көгертіп,
Азаматын бағалар.
Тәрбие көрген текті қыз
Ұлылықты жағалар.
Көргенсіз адам- қайырсыз
Шошқаны да тағалар.
Біле білсең әр қазақ
Аталы сөзге тоқтаған.
Арзан сөз бен арсызға
Ат басын тіреп, соқпаған.
Бос сөзді бекер сапырмай,
Айту мақсат деп «аһ» ұрмай.
Ашу мен ыза шақырмай,
Тоқта!
Болды!
Жетт і енді!
Кісілікке тән емес,
Мағынасыз мән емес,
Қыз балаға сән емес,
Былғама,
Былықтырма,
Текті Елді!
Біздерге тән ғой әр кез ізет деген.
«Керекке» күз келсе де, сыз өтпеген.
Бәтуәсіз қаужай берген дауа таппай,
Сасқан үйрек артымен жүзеді деген.
Профессор:
Армысыңдар Керектің ақындары,
Өлең сөзге, пәлсәпаға жақын жаны
Әр жазған сөздеріңнің астарында
Сезіледі жиған терген білім бары
Сенде бар бір алма менде де бар
Ауыстырсақ алмаларды, айтшы не болар?
Сенде бар бір білген менде де бар
Ақылды алмасумен өзіне қосып алар…
Бұл ғұмыр өте шығар қысқа достар
Атамыз жоқ арамызда сөзіне тоқтар
Жас жігер, жас қайрат жастар кілең
Ойыңа қарсы шығар, керек қоштар…
Жүйкені жұқартатын бұл жер емес
Керектің пәлсәпәсі биік белес…
Көкжиекте мұнартқан қиял арман
Біз үшін ау ағайын болмас елес…
Сағыныш:
«Ауыздан шыққан суық сөз
Жүрекке барып мұз болар»
деген сөздер сіздерге
тоқтау болса, құрбылар..!
Бозторғай:
Aitsan boldi goi, Saginish.
Beke, sozderinnen ainaldim.
Erten Ramadan. Sondiktan keshirimdi bolaiik. Ainur, katti ketsem aiip etpe. Men buni oiin dep tysinem. Sen de solai tysingin. Ramadan aiinda ari karai soz talasriru jaramas.
Kurmetpen Boztorgai.
Al, akindar, bastandar mandi dodani. Koz sizderde!
Нұрғиса:
Едіге — дастан!
Желдірді-ау бастан
Қырағы менің қыраным!!!
Өрлесең өрге
Орының төрде
А қайнардайын бұлағым!
Жон арқа қызды
Ниеттер ізгі
Сарқыла қоймас, білерім
Жұмылып бір боп
Бытырат мір, оқ
Күштенер сонда білегің
Бозторғай, Айнұр
Сөз айтпас жай құр
Үстемдеу болсын мәміле!
Бітімге келіп
Жахұтқа семіп
Арбаны сүйре әріге!
Рамазан алда
Мейір төк, Алла!
Ниеттер кәміл түзілген
Татулық басым
Біріксін жасым
Жалғанып жіптер үзілген!
Айналайындар,
Аймалайын дәл
Сендердей кербез керімді
Бытырамастан
Құлпырсын аспан
Ертеңің сонда сенімді!
Көгершін:
Бәрекелді, нағыз жүйрік ақындар,
Түзу жолдан тайып кетпес батырлар!
Сөздерің қағып түсер семсер ма екен,
От па әлде қарып өтер, жалындар?
Шумақтарға тамсанамын түзілген
Әрбірінен терең ой мен өжет рух сезілген.
Марқаямын, масаттанам, мақтанамын сендермен,
Машаллаһ, болыңдар аман тіл көзден!
— депті дид бір апай
ПыСы: Көлемі үшін алдын-ала кешірім сұраймын. Айтыскерлерді логинімен қалдырдым, кейбірі қазір де белсенді қатысып жүр.
8 пікір