Неге екенін білмеймін, көз алдыма балалық шағым елестеп отыр. Алаңсыз кезде ештеңені аңдамаймыз, айтылған сөзге мән де бермейміз. Сексеннің сеңгіріне жетіп қалған апам бірде «Менің де уақытым таяды. Мына қар еріп, жерге сіңген уақытта мен де жер қойнауына кіремін» деп күбірлеген еді. Мен ішімнен «бұл не сандырақ?» деп күліп, өз жөніммен кеткенмін. Арада ұзақ уақыт өтпей апамның айтқаны болды…
Бірақ айтпағым бұл емес. Өмірден кететініңді сезу бір басқа, көз жұмар сәтте ауыздан шыққан сөз бір басқа сияқты. Қадыр Мырза Әлидің «Жазмыш» атты кітабында бірқатар ұлы адамдардың көз жұмар алдында айтқан соңғы сөздерін оқыдым. Үзінді келтіре отыра, сіздермен бөліскім келеді:
Байронның соңғы сөзі шаршаған адамнын сөзіне ұқсайды. Ол қабырғаға қарап аунап түсіп: «Енді ұйықтау керек! » — депті. Онысы қай ұйқы? Кіші ұйқы ма? Үлкен ұйқы ма?
Осыған ұқсас бір сөз Илья Эренбургтың да, аузынан шықса керек. «Енді демалатын шығармын, сірә!» — депті ол. Бұл да көп мағыналы.
«Жарықты молырақ беріңдерші!», — депті Гете.
«Қағаз, қарындаш», — депті Гейне.
«Енді мен өз қолындамын, Жаратқан! » — депті Таркватто Тассо.
Вальтер Скотт: «Мен өзімді анамнан жаңа туғандай сезініп жатырмын! », — десе керек.
Біз, әрине, ұлы адамдардың ақырғы айтқандарынан бір құпия, бір жұмбақ сыр естігендей боламыз. Шынында да солай ма, олай емес пе? Әлде жай ғана бір сәттік көңіл күйі ме? Кездейсоқ соз бе? Өкініші ме, күйініші ме? Тағы немене?
Соңғы күні, соңғы сәттері кітапханасына қарап жатып, «Қош болындар, достар!» — депті Александр Пушкин. Төңірегінде толқып отырған достарына айтты ма, әлде қабырғадағы кайысқан қалың кітаптарға айтты ма? Ал ең соңғы минутындағы ақырғы сөзі жаны қиналып, қатты өкінген қатардағы адамның сөзіне ұқсайды. «Өмір бітті! » — дейді. Естіңкіремей қалып, қайталап сұраған достарының біріне «Өмір бітті! » — деп жауап береді де: «Тынысым тарылып бара жатыр», — деп жалғастырады.
Гогольдің соңғы бірер жылдағы іс-әрекетін жалпы түсіну қиын: не ауру деп айта алмайсың, не сау деп айта алмайсың. Ол біреулер сияқты сандырақтамайды, ақылынан адаспай, әдемі жатып, дүние салады. Сонда айтқан соңғы сөзі: «Өлу деген қандай рақат!»
Төсек тартып жаткан Чернышевскийдің соңғы күндері өте ауыр өткен. Есі бірде кіріп, бірде шығып жатқан. Сондай алмағайып сәттердің бірінде: «Бұл пенденің тағдыры шешілген: ол енді адам болмайды. Оның қанында асқынған ірің бар, — дейді де, қайтадан есінен айырылады. Содан кейін ол ләм-лим демейді. Есін жимаған күйде көз жұмады.
Лев Толстойға дәрігерлер дұрыс демалу үшін отгегін береді. Қанына камфора тамызғаннан кейін біртүрлі дұрысталып қалғандай болады. Бауыры Сережаны шақырады.
— Сережа!
Сережа келген кезде ол былай дейді:
-Ақиқат… Менің сүйетінім көп… солар секілді...»
Бұл — Лев Толстойдың соңғы сөзі. Одан Сережаның не түсінгенін біле қою қиын. Не дегісі келді екен ұлы жазушының?
Енді есіме түсіп отыр: «өлгелі жатқан адамның сөзі өте мәнді болады», — деген Лев Николаевичтің өзі. Сөйте тұра сол данышпанның соңғы сөзін анықтай алмағанымыз өкінішті, әрине...
Қадыр Мырза Әлидің ақпаратына сенсек, осылайша көз жұмған екен. Енді есіме түсіп отыр: «өлгелі жатқан адамның сөзі өте мәнді болады», — деген Лев Николаевичтің өзі. Сөйте тұра сол данышпанның соңғы сөзін анықтай алмағанымыз өкінішті, әрине... дейді. қызық
Осы кісі деген кім? Қадыр мырза Әли ме?
«Бір құдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз- cол қайғы...» деп жырлағанына қарағанда, ол айтқан бір құдірет пұт болмаса керек…
«Енді мен өз қолындамын, Жаратқан! » — депті Таркватто Тассо.
Шын айтам, осылайша екі шал, бір кемпір қайтты көзімше (ауылда үйреншікті жағдай негізі, жиылып тұрып, бақұлдасу). Бірақ бұл сөзді мынабір Таркватто Тассо(бұ гім, нақ???) дегенің айтқаннан кейін мәні артып, жүзейіп сала берген екен. Бұл ғұламаның атын бұрын естімегеніме қатты қынжылып отырмын. Естіген осыған ең ұқсас адам есімі — «Авраам Руссо» деген екен. Әлгі, қаззақтарды құлақтан теуіп, концертпен тиын істеп кететін кипрдің күпір азаматы.
Торква́то Та́ссо (итал. Torquato Tasso, 11 марта 1544, Сорренто — 25 апреля 1595, Рим) — один из крупнейших итальянских поэтов XVI века, автор знаменитой поэмы «Освобождённый Иерусалим» (1575). «Жазмышты» оқысаңыз, бұрын соңды естімеген есімдердің түр түрі кездеседі екен. ))))) Your text to link...
))) енді солай ғой енді. ))) Ол кітапқа артына із қалдырмаған адамдардың сөздері енгізілген жоқ қой. Сіз бен біз танимағандықтан Таркватто Тассо ешкім емес болып қалмайтын шығар!) Бәрі салыстырмалы түрде…
Өзің мойындағаның жақсы болды ғой… Ал енді сізге тосын сый, көзіңді жұм, кабинетке жақындағанша көзіңді ашпа, біреумен таныстырам! Бір, екі, үш, көзіңді аш — уау, Наполеон Буанапартенің өзімен бөлмелес боласыз!!!
Әне, бір бастап берсең боооолды сізге! ))) Бұл жазбаны менің жеке басыма тиіссін деп жазбағаным анық. Жарайды, болды, бәрін өз еркіңізге қалдырайын не десеңіз де. сізге сот жоқ емес пе )))
Бәрін айт та, бірін айт, мен өлім туралы ойлап кеттім. Шынымен де, қалам мен қағазын қолына алып, жазу үстінде көз жұмғысы келмейтін ақын, жазушы жоқ сияқты ғой. ұйықтап жатып өлгенге не жетсін немесе әйтеуір соған ұқсас… қиналмай, айналаңдағыларды қинамай, аяқ астынан, үн-түнсіііз.
екі үш жыл бұрын, жалын журналында «ажал алдындағы сөз» деген атаумен(тақырыбы анық есімде жоқ) ұлылардң, тағы сол сияқты ұлылыққа жетемін деп жүргендердің, өлер алдын айтқандары жарияланған еді. сол еске түсіп отыр,
Қайырлы түн бәріңе! Жазбаны оқып марқұм Еркін Ібітановтің теледидардағы сұхбаты есіме түсті.М.Мақатаев қайтыс болатынның көп алдында, Еркіннің өзіне кітап сыйлағанда қолтаңбадан соң 27.03.76 деп қойып беріпті.
Түн қайырлы болсын сізге де! иә, М.Мақатаевқа қатысты естеліктерді оқып отырсам шошып кетем ғой. Өзі көз жұмар күнмен бірге, кейін қай көшеден, қандай пәтер берілетінін де айтып кеткен ғой. қызық…
«Бір құдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз- cол қайғы...» деп жырлағанына қарағанда, ол айтқан бір құдірет пұт болмаса керек…
Торква́то Та́ссо (итал. Torquato Tasso, 11 марта 1544, Сорренто — 25 апреля 1595, Рим) — один из крупнейших итальянских поэтов XVI века, автор знаменитой поэмы «Освобождённый Иерусалим» (1575).«Жазмышты» оқысаңыз, бұрын соңды естімеген есімдердің түр түрі кездеседі екен. ))))) Your text to link...