Қазіргі заманғы айтыс. Бізге ШОУ керек!
1 сурет 2 сурет
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы өткеннен бері газет-журналдардан, оны қойш, әлемтор бетінен Жүрсін мен Ринаттың, айтыстың атасы мен айтыстың баласының арасындағы бетжыртысты тамашалаумен келеміз.
************************************************************************************************
Айтыс сахнасындағы екі азулы тұлға вампирге айналып кетті. Бір-бірінің қанын ішеміз деп жүріп, айтыстың артын ашып тастады.
Жүрсін ақындар айтысқа келісіп щығады, сол үшін алдын ала жұптаймын деді. Ринат оны растады. Болды ғой. Басқа ақындар болса мұны мойындағысы келмейді. Несі бар, ел алдына тек шындықты айту үшін шығатын ақындар болса, мұны да ақиқат деп қабыл алулары керек. Меніңше ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты.
Сурырып салма айтыс — бәлкім ауыз әдебиетінің соңғы тұяғы шығар. Дегенмен «көнетоз күндер, тоздырып кешенің бәсін» деп бір ақын жырлағандай қазіргі заман талабына сай құбылу керек, бейімделу керек, эксперименттер жасау керек сияқты. Қашанғы самауырға ауыр сөз айтқан, екі бұты таранған шалбар кигісі келмеген «зар заман ақындары» болып қала бермекпіз. Ол кезде олар газ-плита, тоқшәйнектердің пайда болатынын білмеген ғой. Ал ұлдар үшін шалбар ең тамаша ойлап табылған дүние. )))
Қатып қалған қағиданы морозилниктен алып шығып, қажетімізге жарататын уақыт жеткен шығар.
Жүрсін өзі айтыс арқылы нәпақасын тауып жүргенін мойындады(Димаштың айтысында ХАММЕР мінді). Бірақ демеушілердің арқасында.
Егер реально ақша тапқысы келсе айтыс-шоу жасасын. Келісіп айтысудың өзі — өнер. Алдын ала дайындалса қаншама ұйқас, қаншама түйін ортаға тасталып, халықтың проблемасы оданда көркем түрде бейнеленер еді. Театрланып кеткенде ештеңе жоқ. Зато эффектісі екі есе, немесе одан да көп болар еді.
Облыста жүрсекте, айтыс ақындарының арасында біраз жайға куә болғаным бар. Келіудің де түр-түрі болады. Ринат айтпақшы мәтінді толық көретіп келісу, яғни қарсыластар кәдімгідей а-дан я-ға дейін не айтатындарын дайындайды. Бірақ көбіне «мен аған мынаны айтамын, сен маған мынаны айт менің соған загатовкам бар» деген сияқты келісу қолданылады. Соңғы келісуді шоуға айналдыруға болады. Бәрібір мәтіні әр ақынның өз шамасына байланысты болады. егер екеуі де мықты ақын болса келісілген айтыстың сапасы кучти, өтімді, халықты жалықтырмайтын болады.
Меніңше онысызда қалыптасып қалған келісілген айтысты тұсамай, кәдімгідей жолын ашып беру керек. Сонда екі типті айтыс болады. Біріншісі келісілген айтыс. Ондағы қырғын айтыскерлер супер айтысқа, яғни суырып салма айтысқа өтеді. Қазіргі заманғы айтыс типі осылай болу керек…
идея ұнасы плюсті, ұнамаса минусаваттандар.
Херметті FaraOn1 ! Қазір, таңғы сағат 3:45-те Бунин шығармашылығы туралы пост жазбас па екенсіз?
Ал, ақындарға келсек… Мысалы Сара. Қытайда айтысқан дискісін көрген ем, сондағы айтқан сөздерін еліміздегі тағы бір айтыста ұялмай соғып отыр. Бұл тек Сараға ғана қатысты емес, көбінде бар үрдіс.
Кез келді бәске басты тігетұғын,
Құрыққа құтырғанды ілетұғын.
Қырғыз бауырым, қош келдің елімізге,
Тұлпарын тәуекелдің мінетұғын.
Еліңдегі атыс, шабыс, төңкерістен,
Демалуға келдің бе бір – екі күн?
Қазақтың ақындарын жамандайтын,
Мықтының көріңіздер міне, түрін!
Сен емес пе біздерді интернетте,
Білімсіз, ұятсыз деп күлетұғын!
Қазақтар қырғыздардан тарайды деп,
Қайдағыны әңгіме ғып жүретұғын.
Абылай ханды Бұхар жырау азғырған деп,
Сөз айттың намысыма тиетұғын!
Құдайдың, шүкіршілік, әмірі ме,
Туды ғой жауап берер міне, күнің!
Қамшыламасам саған тер,
Шаба алмасам маған тер,
Айтыспай кейін шегінсем,
Несіне қазақ боп тудым,
Бір қырғыздан жеңілсем?!
Аалы дегенай сенбісің?!
Алатаудың қырғызы,
Айғай сап жүрген сыртымнан,
Интернеттің жұлдызы!
Бүйіріңе бүгін қадалар,
Ринаттың тілгізі.
Бастасам Абылай жолымен,
Түгіндеп оңын, солымен.
Қандай ақын болсаң да,
Сөйлеген дұрысай жөнімен.
Басымен әркім көтерер,
Істеген ісін қолымен!
«Мен олай айтқан жоқпын! деп,
Кете алмассың бетіңмен!
«Картаны ашып қарасаң,
Қазақ деген ел жоқ!» деп,
Айтқанға бола ма төзуге?
Сұрап алған ауруға,
Ем жоқ деген қазақта,
Ал өз обалың өзіңе!
«Сөзімнін басы бисмілдә,
… халқым бисмілдә,
Айтыстың басы бисмілдә,
Ардакты халқым бисмілдә» деееп. мүмкін құлағым қате естіп қалуы да мүмкін, бірақ мен осылай ұқтым. ))))))
Ешқашан төбесіне шығармайды!" дей келе, сөз соңында
"Қазақ осы бір Аллаға сенетін,
Қонағына қолда барын беретін,
Қарғызға "Қазақ жоқ!" деп сөйлеген,
Астанадан төрден орын беретін" деп жалғастырады. Мына жолдарды жазуын жазып алдым да… ))))))))) Сатыбалды ағаның бір жазбасы есіме түсіп кетті: Your text to link...
"Қонақ болсаң, ол рас, қарсы аламын,
Менің елім қонақжай, біл ондайды.
Қонақ бірақ қойдан жуас болу керек,
Демеймін оны сені ұға алмайды.
Біздің қазақ төрін беріп қойғанменен,
Ешқашан төбесіне шығармайды!" дей келе, сөз соңында
"Қазақ осы бір Аллаға сенетін,
Қонағына қолда барын беретін,
Қарғызға "Қазақ жоқ!" деп сөйлеген,
Астанадан төрден орын беретін" деп жалғастырады. Толық нұсқасын тыңдамай, пікір айту керек емес.
Интернеттегі айтқандарын тыңдап көріп жатырмын. Айтып-айтеееп тастапты кәдімгідей. Бірақ, «Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап» деп, айтыстан соң жазғандары екен