Препати не болатын болды?

Сонымен, мейрамхана 80 адамға тапсырылып қойған соң, міндетті түрде сол адам саны қатысу керек. Бір жағынан, бұл мейрамхана бізге жақсы жеңілдік жасады: бағасының төмендігін қоспаған да, бір салат орнына тәттіге келіскем, оған қоса ақшасын жиналған күні алуға келісті. Болмаса, елу пайыз көлемінде алдын ала ақысын төлеу керек-ті. Сол себеп, давайте, белсендірек))))
1. Мен
2.Сіңлім
3. Акы
4. Талғат
5.Вика
7. Админко
8. Алдеке
9. Жанасыл + жұбайы
10. Данияр-Алан
11.Ботик
12.Айкона
13. Лейла?
14. Ернұр
15.Мәншүк
16.Гүлістан
17.Қасым Олжас
18.Абзал
19.Маратенок
20. Қисық
21 Дарк Назгүл
22. Конвикт
23. Алтыградус
24. Ақзере
25. Ұшқын
26. Гульфайруз (
27. Розатай
28. Әбіләкім
29. Фараон
30.Ізбасар
31. Жанның саясы
32. Айжан кербез
33. Эстетика
34. Тимуррр
35. Салта???
36. Мадлен
37. Садко
38. Теріскей
39. Розатай
40. Аль Астер
41. Жанасалдың жұбайы
42. Марко
43.Марконың жампозы))))
44. Жанылай
кімді ұмыттым, кімді жазбадым?

Мәә, күн жақындаған сайын нервым сыр беріп жатыр ((((
Бөлісу:

40 пікір

Aizhantabyn
Айтпақшы, туған туыспен, екінші және үшінші жартыларымен келемін деушілер бар ма? Әлде, бәріміз де в гордом одиночестве келеміз бе?))))
AKY
Гүлфайрус келе алмайтын шығар
satibaldi
29. Фараон
А что, без ментов — никак???
ken
Тапсырыс берерден бұрын тізімді белгілеп алмадыңдар ма?
Aizhantabyn
өте ақылды. Келер келмесін әлі күнге дейін білмейтіндер болмағанда, міндетті түрде солай істер едік. Шыны керек, қазір жүйкемнің тозып тұрғаны соншалық, алысқа алысқа сілтеп жібергім кеп тұр сені.
ken
не қылсаң да өз еркің
asaubota
көп адам әкелуге тырысайық бәріміз. Қытайдан келген екі жігіт және оларды күтіп алған Ұларбек деген жігіт те келеміз деді.
Aizhantabyn
рахмет, Админко))))
araika
Теріскей тізімде жоқ
meirzhan
Мен сенің соңыңнан түссем, сен Теріскейдің.
asaubota
тіркелген адамдардың бәріне хабарлап шығу керек.

Фейсте жұртты қызықтырып жарнама жазып кеттім. соны шейір етіңдерші.
TERISKEY
meni jazbaganiniz duris boldi, jumis 10-ga deyin, jibermey koydi
Kipshakkyzy
Сіз елес сияқтысыз ғой. Бар-жоғыңыз білінбейді!
Aizhantabyn
уже жазып қойдым, келесің и точка))) маған адам жинау керек))))
TERISKEY
tochno adam jinau kerektigi bilinude, Rozataydi eki ret jazip koyipsiz
asaubota
Айжанко, егер адам саны сексенге жетпесе (солай болатын сияқты) 2500 теңгеге үстінен қосатын шығармыз тағы, да?
Aizhantabyn
придется((((
сосын, анау келмеген адамдардың тамақтарын алып кету керек болады, егер төлесек әрине, Админко)))
asaubota
150 адам келетін болса ертең кешке бәрі келіп болады. солардың жартысы келсін ең болмаса.

мен сосын КВНшілерді шақырдым. олардан ақша алу ұят болатын шығар.
Kipshakkyzy
КВНшілер тегін тамаққа тойып кетеді деңізші.
asaubota
олар негізі өнер көрсетіп, ақша алатын адамдар ғой. керісінше өнер көрсетіп және ақша төлесе ұяттау болатын сияқты.
zztop
Өнер көрсетеді, тамақ ішпейді… біз тізімге ілінбей қалдық! ең болмаса осы отырысқа қатыса аламыз ба?
zztop
сондайы бар ма еді…
Gastarbaiter

Мә, мынандайды естігенше… Тамағыңның да блогкемпіңнің де әкесінің аузы дер едім))))
kozildirik
Тура сондай ой келіп тұр…
Aizhantabyn
Сізді көріп ерекше қуандым, расы керек)))))))
kozildirik
Мен де біраз адамды көрдім, қуандым, тек кімнің кім екенін біле алмай кеттім)))))
Janasil
Айжан менің жанымдағы сұрақ белгінің орнына жұбайымен деп жазып қойсаң болады.
Karakyz
Мына жерде екеу болып келеміз деп пікір жазғандар бар екен, сондай сондай хабарын бермей келетіндер бар шығар…
Zhanylai
мен танитындардан (мына тізімде жоқ) 20 дан асады-ау. Мен жоқпын
Marco
Айжан, мені жампозыммен бірге қосып қой) Кеш айтқаныма кешірім сұраймын!!!
asaubota
бүгін менің бір практикантым хабарласты. Түркістандық он блоггер келеміз деді ертең.

домбыра, гитарасы барлар ала келсін, көңілді отырайық.
Aizhantabyn
Келсін)))) Санап қарасам, талай жұрт болйын деп тұр.
Gazizkizi
Семейден Тоты келді ғой, ол да келеді. Мен мүмкін барамын, кішкентайым ауырып қалд.Алла қаласа барып қаламын!
Arys_arlany
Блогкэмп туралы оқыған, қалып кетіппін деген ой келе береді, қызыға да қызғана оқимын!