Әлеуметтік желі – Kazlife.com 1 жасқа толды!

www.kazlife.com әлеуметтік ақпараттық желі. Қазіргі таңда ол ақпаратқа қол жеткізу, ақпаратты бөлісуге арналған құрал болып тұрақты түрде дамып келеді. Қолданушыларымыз аталмыш желіде отырып ғаламтордағы алуан түрлі сайттар мен сан түрлі контенттердегі ақпараттардың ең таңдаулысына қол жеткізеді.
Kazlife -тың пайдасы:
— Қазақи өмір, қоғам, экономика, саясат, білім және ғылымның барлық саласындағы ақпараттар жиналатын ақпараттық технология желісін құру, әлеуметті қазақ ақпаратымен қамтамасыз ету, қазақ тіліндегі блог, веб-сайттарды қолдауға арналады.
— Әлеуметті жылдам әрі оңай пайдалана алатын ақпаратпен қамтамасыз етеді.
— Ана тіліміздегі әр түрлі саладағы ақпараттарды кез келген түп нұсқадан тікелей алуға қол жеткізеді.
— Kazlife — уақыт үнемдеудегі таптырмас желі.
— Әлеуметтік желідегі ақпараттар интернеттегі іздеу системасында жоғары дәрежеде көрсетілген.
— Өз сайт, блогыңыздағы мақалаларыңызды kazlife -қа жариялап, көптеген оқырмандарға жеткізе аласыз.
— Веб-сайт, блогтарыңызды әлеуметке танытып, райтинглерін жылдам өсіретін мүмкіндікті біздің желі ұсынып отыр
“Kazlife.com” — Сізбен, біздің ортақ жемісіміз!
16 пікір