«ҚАЗАҚСТАН - НҰРХАЛАЛ» САЙТЫ АШЫЛДЫ


Жақында ғана өз қызметін бастаған «Қазақстан – нұрхалал» тұтынушылар кооперативі өзінің екі тілдегі (қазақша, орысша) сайтын (www.nurhalal.kz) ашты. Онда дініміздің харам мен халалға қатысты ұстанымдары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары, алуан тақырыптағы діни танымдық материалдар, Ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен артықшылықтары, жат ағымдардың теріс іс-әрекеттері мен ниет-пиғылы жан-жақты көрініс табатын болады. Сонымен қатар еліміздегі халал өндірісінің жай-күйі, жаңа құрылған тұтынушылар кооперативінің қызметі және оған мүше болудың шарттары мен талаптары, жеңілдігі, тұтынушылар құқын қорғаудың жолдарына қатысты берілген сұрақтарға жауаптар, т.б. жедел ақпараттар жарияланады.
Бөлісу:

13 пікір

Rafaello
Сайттарға да халал статусы беріле ме екен болашақта?
neoaskar
Сайттағы мақаланы дұрыс түсіну керек. Бұл тұтынушылар кооперативінің сайты. халал сайт деген емес. Халалға қатысты ішіп-жейтін тағамдардың сапасын тексеру үшін құрылып отыр кооператив. алдағы уақыттары кең ауқымда жұмыс жасайтын болады.
KILYZAMAN
Сайттың атын айқайлап қойған қай халал болды екен? Ұялмайсыңдарма?...
neoaskar
Тұтынушылар кооперативінің сайты. енді сайтты қалай атаймыз, жай сайт сондай бір сайт деп қоя салу керек пе еді
KILYZAMAN
Құлдық пен жағымпаздықтан араны неғұрлым алысырақ салған сайын халыққа жақындай бересің…
bazuka
Сұрақ: ренжімеңіз, жауап бермеуіңізге де болады. неге Нұрхалал? жәй халал болуға болмай ма?
neoaskar
Қазақстан халал деген тіркеуде бар екен. нұр Алланың бір есімі деген соң кооператив тұтынушылар осыны қолдаған соң, нұрхалал деген атты жөндік көрдік. басында Қазақстан халал деп тіркеу ойымызда болған.
KILYZAMAN
нұр Алланың бір есімі деген соң
— жақсы ниет әрине… Бірақ, Алланың мазасын алмайақ қойғанымыз дұрыс сияқты. Пендешілік :-(
neoaskar
Дінді түсінген адамға мұнда тұрған ештеңе жоқ, қайта нұр үстіне нұр, қайта есімдердің де жақсы болғаны жақсы, Пайғамбарымыз да балаға да ат қойғанда жақсы есімдерден қойыңдар деген, жақсы есімдердің ішінде Алланың есімдерімен қосыла айтылған есімдерді де айтқан. Игі бастаманың да атын осылай қоюды жөн көрдік.
e_zhalgas
маған лого ұнамай тұр!
asaubota
сайт әлі көпшілікке көрсету үшін дайын емес сияқты. Джумланың по умолчанию тұрғандары сол күйінде тұр. сайт қай тілде екені де түсініксіз. дұрыстап дайындап алыңдар, сосын көрсетіңдер. мынандай асығыс шаруамен жасалған нәрсеге жұрт бір көргеннен кейін кіргісі келмей қалады.
neoaskar
Оларды қай жерден өзгертеді, негізі сайтты енді ашылып жатыр, әлі кемшіліктері аз демес ұят-ау көп, көмек берсеңіз де болады
asaubota
осында бар Джумланы білетін жігіттер. негізі серьезный сайттарды арнайы тапсырыс беріп жасатқан дұрыс және тек толық дайын болған кезде ғана жарнамалаңдар. мына қазіргі келбеті өте нашар.