Жақсы қыз іздеп жүрген жігіт

Аяқ астынан он жыл бірге оқыған сыныптасы кездесіп қалды. Мектепті бітіргеннен кейін көріп тұрғаны осы. Есейіп, зор денелі еркек болыпты. Амандық-саулықтан соң, шағындау бір кафеге барып екеуі әңгімелескен. Әлі үйленбепті. Бір кездері оған ғашық болған қыздар көп еді ғой.
— Осы уақытқа дейін неге үйленбей жүрсің?
Осы сауалды оған қоюы қойса да, бір түрлі өкініп қалды. Қап, сұрап нем бар еді деп ойлады іштей. Кімнің қырыққа келгенше үйленбей жүргісі келеді дейсің? Алла тағаланың бұйрығы болмай тұрған шығар.
— Жақсы қыз іздеп жүрмін.
Оның жүзіне таңдана қарады.
— Жақсы қыз дейсің бе?
— Иә…
— Айтшы, жақсы қыз деген қандай болады?
— Арақ ішпейтін, темекі тартпайтын… Ата анамды сыйлайтын…
Жауабы күлкілі емес болса да, күлген. Ішек-сілесі қатып, ішін ұстап күлді. Содан кейін алдында тұрған шараптан ұрттап алып, жігіт жүзіне тура қарап сөйлеген.
— Білесің бе, бір кезде мен де жақсы қыз болатынмын. Арақ ішпейтінмін, темекі тартпайтынмын. Өте әдепті едім. Институтта оқып жүргенімде бір жігітті қатты жақсы көрдім. Оған тұрмысқа шықсам, жақсы жар боламын, ата-анасын сыйлаймын деп ойладым. Бірақ, ол өз мақсатына жеткеннен кейін, мені тастады да кете барды…
Жанарынан мөлт етіп жас тамып кетті.
— Сен жылап отырсың ба?
— Мен күнде жылаймын. Жаман жолға түскенім үшін… Тағдырымның бүлінгені үшін… Бірақ, бірақ… менің жақсы қыз, жақсы адам болғым келген… Болмады…
Жігіт үнсіз қалды. Өйткені ол да талай жақсы қыздардың обалына қалып еді…

/авторы Мейрамтай Иманғали деген журналист/
Бөлісу:

52 пікір

satibaldi
Оны қойш, әлгі — өзің екіқабат қылып жіберген Семейдің қызы қайда өзі, неткен безбүйрек адамсың өзің?
Armanjan
менің қолымда тұрған жоқ қайтейін енді.
Abilakim
екі жарты бір бүтін болып қосыла салмаған ба,қымбатты Миләтжан?
aikarakoz
Бүгін махаббатты оңынан да, солынан да сипаттаған күн болды ғой…
Анау Мейрамтай ағаңызға айтыңызшы: мына екеуін өйтіп-бүйтіп қоса салсын
Armanjan
Айқаракөз не ғо, өйтіп-бүйтіп дейсің, жігіт өмірде қанша өйтіп-бүйтіп қойса да, қыздың өйтіп-бүйтіп қойғанын кешіре алмайтын көрінеді ғой. Яғни жігіт қаншама налево кетіп қалса да, үйленетін қызы пәк болғанын қалайтын көрінеді.
aikarakoz
ааа, қайдан білейін…  Ойлағам ғой, анау екі жасты (жас па, жастаулау ма) қосу, үйлендіру аптырдың қолында емес па деп
Armanjan
көрдің ба үйлендірейін десе қыз андай болып тұр.
aikarakoz
біздікі адамдар бақытты болсын деген ниет қой
AL-ASTER
Мен де ойлағам, кажся автордың жынысы қыз сияқты)
ademi_alem
/авторы Мейрамтай Иманғали деген журналист/ «Дидардагы» ма?
Abilakim
Теледидардағы десе
ademi_alem
«Дидар» — облыстық газет Өскемендегі.
a63a1
сонда ана қыз тойыс әйел жезөкеше боп кеткенбе?
salta
егер тұрмысқа шықпай, үйленбей жүргендер болса, кемшілікті(егер солай айтуға болатын болса) өзінен іздеу керек…
dark_nazgul
Бір кезде мен де жақсы қыз болатынмын. Арақ ішпейтінмін, темекі тартпайтынмын.
salta
мен ваще қыз болғанмын
izbasar
Қазір неше жылдық стажың бар
salta
трудовой жазып берейін деп пе едің?
izbasar
Мамандығың қандай стажың қалай басталды, ғұмырдерек барма?
kokbori
мен де (тек еркекпін), мектеп бітіргенге дейін арақты да, темекіні де ауызға алмадым. Кейін бастадым, бірақ қазір оның бірі де жоқ, демек қоюға болады екен. Бір қисайдым деп, өмір бақи бүгіліп өтпейсің ғой
izbasar
Тамаша! Нағыз еркек! Өмір бойы еркек болып қала бересің енді.
dark_nazgul
Өмір бойы еркек болып қала бересің
Біз ғой, ол, байғұстар, біресе қызбыз, біресе қыз емеспіз…
MickThatsMyNick
қысқа әрі нұсқа мақала екен.
Kipshakkyzy
Әңгіме әсерлі екен. Әңгімеде айтылғандай жігіттер де өмірде өзгелердің өміріне құрметпен қараса екен.Барлығы да тәуір, жақсы қыздарды іздейді айналып келіп.Өздері де сол құрметке лайық болсын.
Mutlu_kiz
«Білесің бе, бір кезде мен де жақсы қыз болатынмын. Арақ ішпейтінмін, темекі тартпайтынмын. Өте әдепті едім. Институтта оқып жүргенімде бір жігітті қатты жақсы көрдім. Оған тұрмысқа шықсам, жақсы жар боламын, ата-анасын сыйлаймын деп ойладым. Бірақ, ол өз мақсатына жеткеннен кейін, мені тастады да кете барды…»
  oi ishegim aiiii, temekii shekpei, arak ishpese birak uilenbei srazu bireudin astina tusse jaksi kizdardin nagiz sipaty eken.
jaksi kiz bosa turmiska shikpai ma aldimen?! vot kuginbaikaaa
dark_nazgul
Тағы біреу шықты, етегіне намаз оқып жүрген.
Мадес! Жарайсың!
AL-ASTER
мәссағаннан оқығам, осындай әңгіме көөөбәққо ояхта
Adiletshu
В натуре ғой. Қанша жақсы қыз боп тұрса да бәрі сол нәрсеге келіп тіреледі. Пломбысы бір шешілген соң оның бір рет болғанын, мың рет болғанын блмейсің. Сосын біреулер сыртыңнан саусағын шошайтып мазақ қылып көрсетіп жүрсін
dark_nazgul
Вот айтшы. Кімнің қандай шаруасы бар, сенің пломбысы шешілген қызбен жатып жүргеніңде?
Өздеріңнің кембағалдық комплекстеріңді ақтап алу үшін мәселенің бәрін қыздың пломбысына апарып тіреп қоясыңдар.
Adiletshu
Мәселе тек біреудің пікірінде ғана емес. Біреуден қалған киім киіп жүргендей күй кешкіміз келмейді
dark_nazgul
Тәйірі, бір тұтам ішек ары да жүгірер, бері де жүгірер, одан ұрғашының түгі де кетпейді. Одан бері талай рет түзге отырған шығарсың, талай рет дәрет алған шығарсың. (Қалихан Ысқақтың бір пьесасының кейіпкері бір жесір келіншекке тоқал бол деп сөз салып тұрғандағы репликасы)
dark_nazgul
Сенің логикаң бойынша, әйелдер де бұрын қызбен жатқан жігітпен жүрсе, секонд хэнд киім кигендей әсерде болуы тиіс.
Adiletshu
Еркектердікі бүлініп қалмайды
Aizhantabyn
қалады.
dark_nazgul
Әр қызбен жатқан сайын бір градусқа қисаяды.
Adiletshu
Қай бағытқа қарай?
dark_nazgul
Ал қыздардыкіне не бола қояды екен?
қане, негіздеп бере қойшы, бір жапырақ терінің жыртылғанынан басқа, қандай өзгеріс бола қояды екен қыздардың бойында?
Aizhantabyn
уахахахах))) Арақ ішпей, темекі тартпай, үлкендерді сыйласып жүріп-ақ жаман қыз болуға болады)))))) Афигеть, қандай таяз мышление. В топку.
Adiletshu
Ол енді арақ ішіп, темекі шеккеннен де жаман
Aizhantabyn
уот именно. Сол себеп «жақсы» деген сөзді біреуге қолданбас бұры, терең бойлау керек.
dauitov
Жоғарыдағы қыз бен жігіт жайына қапты ғой.Өмірдің бір қызығы, жақсы қыз, не жақсы жігіт болуың емес, онда — жақсы әртіс болуың керек.Өмір ұсынған рөлді ойнап шығатын.Кімді жек көрсең сондай адам алдыңнан шыға береді -қас қылғандай.Сондықтан барды бағалап, біреуге сене білу керек.Отбасылы көп адамдардан шыныңды айтшы десең, арамызда махаббат емес сыйластық қана бар дейтіндер де бар.Ешкім жаман болайын демейді.Болдырып кетеді.Мәссағанда Кабас Аскаровтың Жезөкше тағдыр деген поэмасы бар.Соны оқымасаңдар оқып шығыңдар.Бірақ ол қызды алдап кеткен.Ал бүгінгі қаптап кеткен жезөкшенің бәрін солай мәжбүр болды деп ойламаймын.Сондықтан ерлердің шошитыны рас.Кейін,қыздың қызды қорғаштауын бәрібір біз түсіне алмаймыз.Қыздарға кеткен өшіміз болмаса да.Анамыз,әпке,қарындасымыз бар.Дулат Исабековтің если о недостатках и упущениях говорит президент это нормально, а если о том же буду говорить я то обвиняемый,- дегені тағы бар.Мұндағы текетірестерге қарап бұл әңгіме айналасындағы пікірталастар керекинфоны тесіп шыға жаздайтынына күмәнім қалмады.
dark_nazgul
Бір есептен, сенікі дұрыс, бауырым.
Бір рет алдандым екен деп, бірден жезөкшелік немесе жәлептік жолға түсу міндет емес қой?
қайткен күнде де адамдық бейнеңді сақтап қала білу керек бұл өмірде.
Gastarbaiter
Жәлептік пен үйленгенге дейінгі секстің арасында байланыс жоқ. Болмысыңа жәлептік тән болса, үйленгенге дейін қыздығыңды сақтап, орал, аналдың бар түрін меңгеріп алуға болады, пердені анонимді желімдеу де аса қымбат емес операция. Қыздардың ақымақ жігіттерді алдау әдістері де көп. Көзіңе шөп салам деген әйел ебін табады. Қызғанып тұрған дұрыс анда санда, тек оның көтіне түсіп аңду ақымақтық, өзіңді сыйламау.
dark_nazgul
Ақылды камент, бірақ кішкене невтему и композициялық құрылымында біраз ақау бар сияқты.