Қыздар неге сұрқиясыңдар?!

Дәл қазір менің қыздарға деген өшпенділігім, өкпем қара қазандай болып қайнап тұр. Неге дерің бар ма? Сол. Себебі мен ұл достарымнан күннен күнге айырылып, қол үзіп бара жатқандаймын. Олар үйленеді, немесе бір шүйкебаспен махаббат құру кезеңін басынан өткере бастағанда-ақ менімен араласуларын біртіндеп тия бастайды. Тіпті болмағасын олардың өзінен тікелей сұрап көріп едім, пақырлардың жауабы мынадай болды: «сол, сенімен араласқанымды ол қаламады..»-деп басын төмен салбыратып тұрғаны. Мен соны бір «сүртейін» деп тұрғанымдай-ақ!

Кей-кейде достарыммен жиналып қалғанда қасында ырбиып, өтірік момақансып, монтансып тұрған қызының әр әрекет-қимылынан, көзінен маған ғана байқалатын ерекше зымияндылық пен сайқалдықты көремін. Көремін де өз-өзімнен безініп, қыз болып туғаныма өкініп бас ауған жаққа қашып кеткім келеді. «Қыздар неге осынша сұрқия болды екен?!» деп жауабын таппай, әлек боламын.

Әй, қыздар-ай… мені сырлас, мұңдас, бір тілек, бір жүрек достарымнан айырмаңдаршы…
Бөлісу:

118 пікір

Aya
Барлық қыздарға қатысы жоқ, кейбір бір қыздар ренжімең!
e_zhalgas
жігіттердің достығы — достық, ал қыздардыкі — тауық достық
aikarakoz
Жалғас мырза! біздің тауықтар сырласу, достасу дегенді білмейтін еді… қыздардың достығы одан жоғары бір тауық қонақтайтын ағашқа
aikarakoz
не жазғанымды өзім де түсінбедім
Adiletshu
Ондай-ондай болады @
Aizhantabyn
Жалпы, шын дос болса, үйленсін, балалы болсын-қарамайды. Ал, ол қаламайды, мамам қаламайды, анау-мынау бла бла бла — демек сен оған керек емессің. Кім болса, қандай дос болса да. Ешнәрсе мәңгі емес, қоя бер. Сен оған, ол саған берерін беріп болды. Кезек оның сүйіктісінде))))
Жалпы, достық деген жақсы ғой, тек оның да шегі бар же)) Өзім реально қызғаншақпын, левый движениелерді жек көрем. Сол себеп, пождружка дегендерді жақтырмаймын)))
Aldeken
Сен оған, ол саған берерін беріп болды. Кезек оның сүйіктісінде))))
ужс…
Zilola
Менің сондай дос-балдарым көп, тфай-тфай. Олар жұбайларының көзінше менімен құшақтасып, телефоныма хабарласса «жаным» деп қысылмай айта береді. Жұбайлары онча емес болып жатса, өзім-ақ қарамды көрсетпей таюға тырысамын негізі.
Barshvariya
Дәл осындай тақырыппен жігіттер пост жазса, «лағынетке» ұшырар еді…
MickThatsMyNick
Бір танысымның басынан дәл осындай жағдай өтті. Ол жігіт үйленген, қыз дүниеге келді, достары болды, достарымен бірге жай көңіл көтеру, сергу үшін жиналатын. Ал әйелі ешкімді жолатпай, оны «изоляцияда» ұстағысы келген, ақыр соңында ана жігіттің достары қашып кетті, әйелің тым қызғаншақ деп. Сосын ол ажырасып тынды, ал ана жігітпен еркекше сөйлесіп, өзінің сырын айтқанда, әйелінің көзіне ешқашан да шөп салмадым дейді. Тіпті жігіттің апасы мен қарындасы үйіне келмеген, әйелің жаман деп, әйелі қонақ келгенді жақтыртпаған. Әр ұсақ түйек бойынша, мамасына қоңырау соғып сөйлесе берген. Жүрген кезде ондайы жоқ еді деді. Сонда әйел таңдауда қателескенсің бе десем, енді солай болып тұр ғой дейді. Қыз Шалқардікі. Қазір туған қызы әйелінің қолында, жігіт қызды өзіне алумен соттасып жүр.
AL-ASTER
Сен де бір кірпіш хип-хоп группаға, Кетігін тапта бар қалан дегеннен басқа айтар жоқ
dark_nazgul
Ох, сұрқиямыз, қайтеміз енді.
meirzhan
Әлгі минусшылар әскері түнде де ұйықтамайды
FaraOn1
«Еркектің басын көрге де төрге де қаратын — әйелден» демекші бұл проблемнің еркектерге де қатысы бар ау. достарымның үйіне барғанда қабағын түйіп алатын қатындарды ұнатпаймын. байын ішкізіп жіберет деп кінәлай қарайды.
Daniar-Alan
байын ішкізіп жіберет деп кінәлай қарайды.
 бар ондай досымның қаншығы
ademi_alem
Мұны заңдылық деп қабылдаған жөн сияқты, Ая. Ештеңе мәңгілік емес, жанымызға жақын достар әр түрлі себептермен (арақашықтық, әр түрлі оқу орындары, отбасын құру т.б.) себептермен алыстап кетіп жатады. Бірақ бұл арадағы достыққа нүкте қойылғандықтың белгісі емес қой, ең бастысы ол сенің іштей тілеулесің болып қала береді. Уақыт өте келе өзің де тұрмысқа шығасың, ана боларсың. Сол кезде алдыңнан басқа мақсат, басқа міндеттер шығады. Өмірлік жарың да отбасын құрмаған, бойдақ достарыңмен араласуға тыйым салуы мүмкін. Ол кезде қаласаң да, қаламасаң да кейбір достардан «бас тартуға» тура келеді ғой. Бәрі мүмкін өмірде. )) Сол кезде сенен достарың алыстаса, күндердің бір күнінде өзің де жақын достарыңнан алыстай бастағаныңды түсінесің.
Daniar-Alan
міне, мәселен мен де кеттім дейсің ғо  Бауы берік болсын
dark_nazgul
Ая, осы агентте екі аккаунтпен жүруіңнің сыры неде?
Aya
Бір жоспармен ашылған еді, қазірлері керек болмай қалды
dark_nazgul
қос аккаунтты әдетте тролльдар ашатын еді
Aya
ОООсыны айту үшін сооол сұрақты қойдыңыз ба
dark_nazgul
жоқ, соңғы жауабыңнан туындаған ой ғой.
Aya
Қыздар сұрқиялықтардыңды қойыңдарш шшш
araika
Сенің достарың осы Керекте көп пе дедім ғой

Жалпы сұрқиялықты қайдам, қызғаныш деген қызыл ит бар емес пе маза бермейтін? Соның кесірінен болады мұндай жағдайлар.
dark_nazgul
қызғаныштан бұрын қорқыныш.
Gulzhanat
«Дұрыс» қорқыныш. Солай болуы керек. Отбасының тыныштығын қорғау үшін кейбір подозрительный особаларды ликвидировать ету керек!
dark_nazgul
Егер ол жігіт ол қызбен отбасын құрғанға дейін дос болып жүріп, бірақ жарым деп басқа қызды таңдап, сонымен отандасса, қаншама жыл дос болған жаннан қандай күдік болуы мүмкін?
Gulzhanat
Ол жанды жігіттің жары да жақсы танитындай араласқан болса, сенетін болса, әрине жөн басқа.Егер күйеуінің сондай жан досы бар екені вдруг обнаруживается — повод для опасения бар.Немесе, Ая айтпақшы, дос қызы әйелін сұрқия деп ойласа, және оны әйелі біліп қойса, жолатпайтын жөні бар да
satibaldi
Сөз, сөз, сөз, сөз. Не көп — сөз көп.
dark_nazgul
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Gastarbaiter
Мен соны бір «сүртейін» деп тұрғанымдай-ақ!
Олай болса, оның несі дос?
Неге қынжыласың? Жай қызғаныш. Жанұялы болғанда тынышталасың деп үміттенем.
Диагноз:
Острый недотрахит.
dark_nazgul
диагноз қойғышын, шіркіннің.
Zilola
доғдыр келді ауылға
Anar70
хахаха, мынадай да диагноз бар екен ғой, өлтірдің)))))))))))))))
satibaldi
Жұрт біледі, күледі
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошаметшілердің амалын.

Сонда да олар қайда жоқ:
Ептеп айтса — ересің;
Саның соғып артынан
Өкінгенмен пайда жоқ. ©
dauitov
Басында, мұны жазған жігіт шығар деп ойлағам.Кейін қыз бала екенін біліп таң қалдым.Бұл негізі бар адам баласына тән.Досымыз да әйел алғанда көз алдыңда өзгеріп шыға келеді ғой.Оның не сылтау, не басқа екенін кім білсін.Өз қолыңда болмаса әкең де жат, жалғыз атың болса арқандап жат.Өзіңнің жартыңды тапқан сәттен мына ойларына өзің күлетін боласың әлі деп айта аламын! Бұл әлгі көңіл ғой.Бір салым шәй, не атым насыбайдан қалатын.
Abilakim
бұл мәселеде кінәлі жігіт те қыз да. Мысалы, мен жүріп жүргенімде қызымен бірге барлық достарыммен кездесе бердім.Үйленген соң да, олардың келіншектері автоматты түрде біздің келіншектің құрбыларына айналды. Ал, отбасылы болған соң бойдақ достарыңмен беталды шапқылауды қоясың шыны керек.Бірақ, ол мүлдем жалғыз қыдырмайсың деген сөз емес.
Zilola
уот, бұрыннан жақсы араласып жүрсең әйелі қызғанбайды
salta
Көре алмаушылық басым қыздардың бойында…
dark_nazgul
Жалпы адам баласына тән "қасиет" қой
salta
қыздарда басым…
VKM
Мен тұрмысқа шықсам, күйеуімнің дос қызы болмайды. Мен онда не үшін екенмін? Ал ұл достары мен жанұялық достарға есік ашық болады. Солаааййй…
P.S.Сұрқия бола берейін
salta
Тұрмысқа шығу мен үйлену деген бәрі крест қою емес, бұрынғы өміріңнің ауқымды түрде жалғасуы. неге сіз біреудің жеке басына ие болуыңыз керек? кім сізге запрет қоюға құқық берді? екі аяғың ашылды екен деп, екі көзі мен құлағына, екі қолы мен аузына тұсау салуыңыз керек? Қаншалық тұсауда ұстайсыз, соншалықты еркіндікті қалайды. Еркектер де аң секілді, тақ шо VKM қарындас, мына райыңыздан тұрмысқа шықпай тұрып қайтуға тырысыңыз. зачем усложнять жизнь?
Armanjan
екі аяғың ашылды екен деп,
вай вай вай-ай
VKM
КетЧиии, Арманджан… яцыз(
VKM
хехе)жираф большой, ему видней сіздің білетініңіз көбірек ғой.Ну лан… оның дос қызы болса, менің де досым болсын… Өмірде тепе-теңдік болу керек ғой
salta
вооооот, тепе-теңдік болу керек
Armanjan
Еркексіз қараң күніміз,
Еркекпен ғана іріміз.
Бөрікпен қағып алмаса,
Басылмас еді жынымыз.

Бағыңды «байлап» ашасың,
Жұпарды соған шашасың.
Әйелдің күні еркекпен,
Еркектер мәңгі жасасын — деген екен бір келіншек.
Gastarbaiter
Cан ғасыр бойғы діни, әлеуметтік, психологиялық қысымға қарамастан, отағасының секуалдық адалдығы күнделікті ешкім таң қалмайтын жайтқа айналмағаны оның еркек табиғатына қарсы, табиғи емес жайт екендігін айғақтайды.
Меніңше әйелдер еркегім біреуге барып қояды деп емес, біреуге барғаннан қайтпай қояды деп қорқады.
Zhan
Меніңше әйелдер еркегім біреуге барып қояды деп емес, біреуге барғаннан қайтпай қояды деп қорқады.
Туу, не деген білгірсің))) Кеше поезда қасыма екі кішкентай қызы бар жас ерлі-зайыптылар мінді. Сонда әлгі келіншектің күйеуі екі қызы бар бола тұра, маған қырындаса бола ма? Апырай, екі қызы бар бола тұра, әйелінің көзінше осылай қылмыңдайды, былай шыға бере мына еркектің іс-әрекеті қалай болар екен деп ойланып қалдым.
Gastarbaiter
Былай шыға бере қырындамай қоюы да мүмкін. Көп еркектер әйелінің көзінше қыздарға қарау, олармен қырындасу қызық прикол деп ойлайды. Интрига, әйелінің қызғанышын көріп, өзінің әлі де бабында екенін сезіну үшін солай жасайтын кездері болады. Саған құлап тұрғандықтан емес, мен әлі қыздарға ұнайды ма екенмін деген ойдан. Әдетте ондайларға, қап әйеліңіз болмағанда артыңыздан қалмаушы едім десең бетіне жылу жүгіріп, кхм-кхм деп қойып жүре береді. Әрине, сізді шын сүйіп қалған болуы да мүмкін, бірақ қысқа уақытта ғашық болды дегенге күмәнім бар. Жай әйеліне қаншалықты сүйікті екенін біліп рухани бітіріп алу үшін деуім де содан.
Zhan
Әдетте ондайларға, қап әйеліңіз болмағанда артыңыздан қалмаушы едім десең бетіне жылу жүгіріп, кхм-кхм деп қойып жүре береді.
Шымкентке бір апта командировкамен кеткем. Бір часттың командиріне «Красавчик екенсіз» деп ем, әлгі сен айтқандай бетіне қан жүгіріп, күлмеңдеп қалды.
Gastarbaiter
Осы жерде комплимент жақсы көрмейтін бір адамды көрсетші. Адамға ондай сөздер ұнай ма деген сұрақтың өзі артық. Ерлерді де құлағына отырып сындыруға болады, болады емес тіпті, ежелден ақылды әйелдер еркекті жұмсартудың тәсілі ретінде қолданып келеді емес пе?
Zilola
өртейсің ше, сумкам жинайлмай жатыр әлі, ал ертең жол жүремін )))
Gazizkizi
Жігіттер ғой сорақы мұнда, қыз айтты екен деп…
Zhan
2010 жылы бір квартирада тұрдым. Сонда қасымызда көрші болып қыз бен жігіті бірге тұрды, қазір үйленген, бір баласы бар. Сонда әлгі жігіті маған қызының көзінше «Жүр бізбен паркке, кафеге, шашлыкка» деп айтатын. Сол екеуінің қасында жүретінмін. Үшінші лишний адаммын ғой десем де, қоярда қоймай мені қастарына ертіп алатын. Сонда ішімнен мынаның қызы қалай қызғанбайды деп таң қалатынмын. Кейін олар сол 2010 жылы үйленіп, өз үйлеріне көшіп кетті. Негізі үйлерінің салынып біткенін күтіп жүрген болашақ жас жұбайлар еді. Тойын жасады да сол үйге кетті. Содан олармен араласпай кеткем. Осы 8 наурызда екеуінен смс құттықтау алғанымда таң қалып қалдым. мыналар мені ұмытпапты ғой деп. Қыз Ақтөбенікі еді. Сонда ол жігітін менен ваще қызғанбайтын. Менің орнымда басқа қыз болса жігітіне бірдеңе дер ме еді…
kokbori
Жігіт саған лайық болмағасын қызбаған болар, осыған менен басқа кім қарар дейсің деп
salta
сен әтек болудың ар жақ бер жағында жүрсің, байқаааа...
kokbori
неліктен екен?
salta
тесігің тым үлкен, ішіндегі жыланың екі ұшты ма деймін?!
kokbori
Саңылауым үлкен десең де сөзің миыма жетпей жатыр, түсіндіріп жіберсең?
salta
аузыңды кере ашып, екі ұшты тіліңмен оңды солды сөйлейсің дейм. тасыңды жұлып қолыңа беріп, тіліңді кесіп, мұрныңнан жетектейтін адам саған да табылар дегенім…
kokbori
Бар уыңды төгетіндей не жаздым сонша, өшігуің жаман ғой
salta
ешнәрсе істеген жоқсың. просто миың бас сүйегіңді қысып кететін сияқты кейде…
kokbori
Ой, сен әлгі Алдекеңнің сүйіктісісің ғой, ә? Сондай перизаттан осыншама үркіту күтпеп едім
salta
Алдекеңнің сүйіктісі пері бола алмайды дегенді кім айтты?
kokbori
Перизат деген заты пері дегенді білдіреді деп естіп едім
salta
Перизат — фея, Пері — ведьма болып аударылатын сияқты. Пері сөзін тіркеспен айтсаң, су перісі — русалка, тағысын тағы, осылай аударыла береді. мені қайсысына жатқыздың?
kokbori
Орысшада нең бар, қазақы түсінікпен қарасаң бүйтіп шала бүлінбес едің. Пері дегенді қыз деп түсіну қазаққа жат. Берінің қызы Бекторы десең, ол мыстанмен байланысады. Бірақ пері қыз деп айтылмайды. Сондықтан қазақы ұғымға мән бергейсің. Полтглотыңдсс...
Ой, өзім щала бүліндім ғой, құлдықсаналылығыңдссс десей
Zhan
Екеуі де әдемі, бір-біріне лайық пара. Екеуі де 87 жылғы. Бірақ, әңгіме олардың жасында емес, проста қызы «Неге өзіміз ғана қыдырмаймыз? Неге оған жүр деп айтасың?» десе болады ғой. Жігіт шымкенттік, мінезі ашық, қонақжай, жомарт. Ал қыз шамалы мінезі қатты болатын. Со қыздың бойындағы қаттылыққа әлі күнге таң қаламын. Қазір бала туып жұмсарды ма екен деп ойлаймын шы.
kokbori
Жоқ, жасын айтқаным жоқ, жігітіне кім қарар дейсің дегені болса керек дегені ғой деп ем, пікірімді қарасам айтарым мүлде басқа болып кетіпті корректорлығыңдссс, кешір,
Ал қыздың қаттылығы өзіне деген сенімділі болар, сосын ғой қызғанбайтыны
Barshvariya
Қазір бала туып жұмсарды ма екен деп ойлаймын шы.

bazuka
ақтөбенің қыздары ақылды қыздар ғой))))
asaubota
жасың нешеде Ая? әйел достығы дегенге сенесің бе әлі?
Aya
Аға, жасым он тоғызда
Barshvariya
kokbori
Бүгін зәріңді шашып отырсың ғой
Barshvariya
Қой-ей, сөйтіп отырмын ба???!!!
kokbori
Солай көрініп отыр
Barshvariya
Монитордың бер жағында отырып ар жағында отырған менің «зәр шашқанымды» көріп отырған феномен екенсің,
kokbori
Жарығым сол, астарлы сөздің астарын сөгуді ғадетке айналдырғайсың
Barshvariya
жүнің жайып демалыпхайтей
Ereke
Жалпы бүгінгі, кешегі тақырыптардағы пікірлерде қыздар ашуланып отырған секілді ма, әлде 8-наурызда жақсы көзқарас болып, 9-наурыздан бастап өмір қалыпты жағдайға түскенге өздерін біртүрлі сезініп отырма?
KILYZAMAN
Гүл гүлді жақтырмайды. Ара үшін арандатпаңдаршы араларыңды — қонады де кетеді.
Daniar-Alan
… инесін тығып тығып…
aikarakoz
a63a1
мөңірейінші?
aikarakoz
рұқсат деген мөр басып берейін шекеңізге
a63a1
МӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ
aikarakoz
біздің атын мұтқалдым сиырдың даусына келеді екен аздап… сізге еліктейді екен ғой
a63a1
Айқа..маңдай емеспе?
aikarakoz
Маруся ма, Мария ма бірдеңе болатын
Aikona
Меніңде осы сұрақты қойғым келетін қыздар көөөп. Бірақ, Айжантабын дұрыс айтады
Жалпы, шын дос болса, үйленсін, балалы болсын-қарамайды. Ал, ол қаламайды, мамам қаламайды, анау-мынау бла бла бла — демек сен оған керек емессің. Кім болса, қандай дос болса да. Ешнәрсе мәңгі емес, қоя бер. Сен оған, ол саған берерін беріп болды. Кезек оның сүйіктісінде))))
Жалпы, достық деген жақсы ғой, тек оның да шегі бар же)) Өзім реально қызғаншақпын, левый движениелерді жек көрем. Сол себеп, пождружка дегендерді жақтырмаймын)))
madlen
Жаным-ау, өзі сүйіктісіне зорға жеткенде оны еще басқа қыздармен қалай бөліспек???
Ол түгілі қыздар күйеуі үшін ӨЗ достарынан да айрылуға тура келтін жағдайлар көп. Оған енді шаш жұлып, сұрқиясыңдар деп айтып не керек
Abilakim
қыздардың өз достарынан айрылуына келер болсақ, айрыла берсін. Бәрібір,қыздар арасында шынайы достық жоқ.көреалмаушылық, қызғаншақтық деген қасиеттер бұл жыныс иелерінде қатты дамыған
Daniar-Alan
былай ғой: әйелдерді еркектерден көп дейді. сондықтан конкуренция да көп. табиғи конкуренттер. саналы, санасыз конкуренция болад. мысал: қыздар 3-еу ғана подружка болад (көпшілігі) 4-шісі қосылса топ 2-ге бөлінед. солай. менің ойымша…
Gastarbaiter
Политехте оқыған қыздар көбіне интрига, еркекке таласу, шатыстыру, көз қысып, көт бұлғаңдату дегендерден ада/ мақұрым (көңіл күйіңе байланысты керегінің астын сыз) болады.
Gulistan
Практика?
Gastarbaiter
Басында бар болған болса да, уақыт өте келе қалады/құриды-ау деймін.
zhanibek_nurish
пікірлердің сөзі неге өте көп еді, суға кеткен тал қармайды болып жатыр-АУ
satibaldi
Ит-шошқа тақырып.
ken
Aya
мына постты мен жазғам ба деп мен де күліватырм )))
Aya
Наны мен жазған жоқпын, құладым өзім оқывап ужс-ай
Anar70
)))) Аяжан, наны сақтап қой, 20 жылдан кейін оқы, сағынып сол кезді жылайсың