Сары бидай әні

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап ауылыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.
Бөлісу:

26 пікір

adayqyz
Сары бидай әнін тыңдап көріңіздер, жақсы ән
AKY
Гүлнәр Сиқымбаеваның орындауында ұнайды
AKY
Есіктің алды қарағай,
Қалқаның мөлдір жанары-ай,
Қалқажан еске түскенде,
Жүрегім оттай, жүрегім шоқтай жанады-ай — деген қайырмасын қалдырып кетіпсіз.
VKM
Әннің өзін ілсеңдер ғой.
dark_nazgul
Екі күн бұрын ғана осы әнді айтып көріп едім
satibaldi
«Рур тігіншілерінің зарын» айтпаңызшы тек, ма*мааа…
dark_nazgul
үйреніп алайын десем, Гугл таппай қойды.
satibaldi
Лібә, бір күні адамның басы резьбовой болады да, орнына Гугль, МСН-дерді сала тұруға мүмкіндік беріледі.
dark_nazgul
МСН әлі есіңізде болса, эксплорердің тірі кезін көрген адам болдыңыз ғой.
satibaldi
Хех, менсінбеген түрін. Кейбір сұрақтарда әлі де үш қатынды қандыратын қауқары бар.
ademi_alem
Иә, иә, енді есіме түсті. Әдемі!
Aya
Адайқыз жақсы ән деп айтқаны үшін маған ҰНАМАЙД!
satibaldi
Дұрыс. Осындай ұстанымдағы адамдар көбейсе, анадай ұстанымдағы адамдар азаяр еді.
Aya
Белгілі жайтты жаңалықтай қылып несіне жазып отырсыз?!
satibaldi
Жаңалық емес, констатация. Маған тиісер алдында аз-мұз өзіңе тиісіп көріңіз.
Aya
Кешіріңіз, енд қайталанбайд
Abilakim
Констанция ?! Д’Артаньян қайда?
Abilakim
"Қызыл бидай","Қара бидай" деген де әндер бар.«Жасыл бидай» дегенді кім шығарар екен?

Қыз емес, қыздың аты — қызыл бидай
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай
Қалмады баста бөрік, белде белбеу
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай

Ахау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай

Қыз емес, қыздың аты — қызыл өрік
Баршасы бірдей келсін мінез көрік
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік

Ахау айдай
Қызыл бидай
Болғанша жарың жаман
О, шіркін, алсын құдай
a63a1
Қыз емес қыздың аты қызыл асық,
Сұлуға болмайды екен кімдер ғашық?!
Қыздармен ебін тауып сөйлеспеген
Қарап тұрсам жігітімнің-ой өзі жасық ахахоу ахахой ау (Сөзден қате боуы мүмкін)
a63a1
маған Балуан Шолақтың Ғалиясының сөзін тауып берш, былай басталатын версиясы:
Алып келген (пауза) базарға құла асау үүүййй
Жібек ноқта басында.
Бауы басқа, бауы басқа (жылдамырақ). Кішкентооойыыдон бірге өскен ғалия жан үүййй.
Кел екеуміз мінейік.
Қара тасқа, қара тасқа, беу жан сәулем Ғалия-ай қабақтан (бір деммен).
Сүйіп бір алсам тамақтан ой үйй.

Қ-сы (Көңілді әрі жылдам)
Ойда тұрып Ғали-ай
Ақ боз үйге сүйенгенде
Сары-ала бешпент кйінгенде
(Әрі қарай сөзін білмейд екем)
AKY
«Ақ бидай»

Арқаның ару қызы, еңбек ері,
Келемін алыс жолдан аңсап сені,
Бақытты ауылыңа барғанымда, жайқалған ақ бидаймен қарсы ал мені.

қ/сы:
Ақ бидай — алтын астық дәнім аты,
Ақ бидай — бүгін шырқар әннің аты…
Көсемге (), елге деген жүрегіңнің еңбекке арта түссін махаббаты…
dark_nazgul
Қыз емес, қыздың аты "қызыл қыршын",
Ойнаған менімен түрің құрсын,
Уәдеңнен күндіз берген түнде тайып,
Қойдың ғой сипалатып, па, шіркін, жүктің бұрышын…
Қайрат Байбосыновтың орындауындағы "Қызыл асық" әгі.