"Өркениет" бағдарламасынан соң түйген ой
«Мәдениет» телеарнасындағы "Өркениет" бағдарламасы қазақ елінің мәдениеті мен руханияты тақырыбында «Күлтөбеде күнде жиын» дегендей жақсы басқосулар өткізіп, келген қонақтар (сарапшылар, мамандар) мәселелерді талқылайды, әр саланың бүгіні мен өткенін сөз етіп, болашағы туралы ойланады. Осы жағынан маған ұнады. Бірақ бір өкініштісі: қазіргі жағдайымыздың өркениеттен алыста екендігімізде. Бұған бағдарламаның кінәсі жоқ екенін білемін.
Жанға бататын, қордаланған мәселелердің көп екендігі алаңдатады. Ал оларды шешу үшін қоғам ретінде барлығымыздың дерлік тек қана мемлекетке (үкіметке) алақан жайып отыратындығымызды түсінбеймін. «Болашақ бүгіннен басталады» деген жалған тіркеске сенуді қою керек қой. Өнерде 20-30 жыл жүріп, құстың саңғырығындай еңбек сіңірмегендер болса, олар үшін қандай болашақ бүгін басталмақ? Қойшы оны…
Қытайдағы қазақ Интернеті
Есенгүл апай "Өркениет" бағдарламасының бір санында Қытайдағы қазақтардың сайттары Қазақстандағы сайттардан да көп екенін айтты. Оларды Қытай үкіметі қолдап отырған жоқ. Таза еріктілік және демеушіліктің арқасында қазақтар тұтынатын Интернет кеңістікті дамытып отыр. Осыдан кейін біздің «Мемлекет қазақтілді сайттарға қолдау көрсетпейді» деп «жылауымыз» ұят екен деген ойға келдім.

4 пікір