Сен ғана...
Мен — әйелмін! Себебі:
— еркемін, еркелейтін азаматым бар.
— жылаймын, жұбататын жаным бар.
— күрсінемін, көңілімді аулайтын тірегім бар.
— қуанамын, бөлісетін жарым бар.
— кеңесемін, ақылшым бар.
— ашуланамын, қайтаратын төсегім бар.
— от болып жанамын, шарпитын аймағым бар.
— өзендей тасимын, сан сағалы арысым бар.
— көлдей көсілемін, келіп қонар аққуым бар.
— желдей есемін, асығатын асылым бар.
— армандаймын, бірге ұшар серігім бар.
— сылқым сұлумын, сүйсіне қарар көздерім бар.
— ән айтамын, қосыла шырқар қосағым бар.
— әлсізбін, қажырлы қайратым бар.
— нәзікпін, жанымда жігерім бар.
— сүйіктімін, мен деп соғар жүрегім бар.
— Анамын — бұл үшін саған мың алғыс!!!
Менің «БАРым» сенсің. Мереке де тек сенімен ғана МЕРЕКЕ!
Қыздар, ЖІГІТТЕР үшін тост көтеріп қойыңдар мерекеде…
Мүмкiн бiрiншi сөйлемге сын есiм қосып жaзсaңыз тiптен күЧтi боп кетер. Мысaлы: «Мен бaқытты әйелмiн». Өйткенi мұндaй тaңғaжaйып көрiнiстерсiз де әйелзaты әйел боп қaлa бермек.
Мұндайға көз тигіш келеді. тіл-көзден сақта бақытыңды.
тек ана тас жүрек емес басқа бір мүшеге ұқсайды екен
Бақытың баянды болсын.
@-\--\-; — мынау электронды гүл, осыны 10 адамға таратсаңда таратпасаңда бақытты боласың
/— ашуланамын, қайтаратын төсегім бар./ — екен
Сені атасқа қойып па?
мақтануға тұратын қуаныш. Қалған дүнияуи мақтаныштың бәрі далбаса…
Ұзағынан болсын!