Аналар күні мерекесі керек пе?


Аналар күні (мереке демей-ақ қойдым) едеген атаулы күнді бекіту туралы тиісті мекемелерге ұсыныс жасау туралы идея бар еді. Ананың кім екені, оның біз үшін маңызы туралы жазбасам да білесіздер. енді сұрақ: сіздер аналар мен жүкті әйелдердің (ана болағалы жатқан әйелдер) құрметіне байланысты атаулы күннің біздің елде де Аналар күні деп аталып өтуіне қалай қарайсыздар?

Сауалнаманы қалай қосады? Солай етіп шығарайыншы.

Сурет: livesupdate.blogspot.com
Бөлісу:

17 пікір

chimaq
Ar jyly 5-aidyng 2-jeksenbi kuni analar merekesi,esep emespe?
Zako
Әлемнің әр елінде әр түрлі уақытта аталып өтеді. Көп елдер сіз айтқан күні атап өтеді. Бірақ бізде аталып өтпейді.
kokbori
Еркектер онсыз да жарылайын деп жүр еді, енді гүрс еткен дауыстарды жиі естімесек болды
Zako
Әкелер күні де бар. Оны да бекіттіруге болады. Отбасы күні атап өтіледі, бірақ ресми түрде емес.
Gastarbaiter
АҚШ-та мемлекет бекіткен мейрамдар өте аз. Қалғаны әркімнің өз таңдауына байланысты, немесе тарихи қалыптасып қалған мерекелер.
Ертең ол жақта бір екі гей ғашықтар өліп қалса, «Гей-Ғашықтар күнін» солай атай салады, еш бекітпестен. Гейлерге арналған ойыншық сатушы зауыттар маркетингілік пиар науқандарын бастап кеп жібергенде…
біздің көтриоттар да…
қой нақ осы жерден қайта салайық.
Aizhantabyn
Аналар күні керек! осы 8-наурызды аналар мерекесі деп ауыстырсақ жақсы болар еді))))
konvict
Меніңше керек секілді. Көп елде сәуірдің 3-інде жасайды емес пе"(шатыспасам). Мына жазбаны оқып, қатты ұнағасын салып қойып едім осында
Zako
Мына жазбаны оқып, қатты ұнағасын салып қойып едім осында
Ұнатпай қалғандар да бар екен. -2
konvict
А, ол Ожданның нербіне тигеннің әсері ғой. Мән берме
Gastarbaiter
Ландон мен Парижде бардың бәрі бізде болуы керек, ол керек пе керек емес пе, кейін өзіміз шешіп аламыз! © Бірінші Петр, 1724 жыл
Zako
Иә, дәл солай. Әсіресе, осы тақырыпта. Өйткені сен де мен де, олар да аналардан туылдық.
Gastarbaiter
Әлбетте солай-ау, бірақ қазззақтардың осы уақытқа дейін бұндай күн сайламауына қандай негіз болуы мүмкін.
Әлде… осы уақытқа дейін (астапыралла!) пақаннан туып келдік пе?
Zako
Әлде… осы уақытқа дейін (астапыралла!) пақаннан туып келдік пе?
Менің ойым былай: Еуропада 8 наурыз біздегідей елеулі мереке емес. Ал бізде 8 наурызды дүркіретіп тойлағандықтан, Аналар күніне мән берілмеген болуы мүмкін.
satibaldi
Пост құсық. Графомандық ұстамасын қағаз-қаламмен де басуға болады.
Zako
«Сұрықсыз жазба» деген мөріңді қоймайсың ба?
satibaldi
Аналар күні мерекесі керек пе?
Аналар күні мерекесі керек емес.
asaubota
сегізінші март сияқты өтірік мейрамдардан гөрі осындай отбасылық мейамдар керек-ақ. жасандылық, міндетсуден гөрі сыйлығыңды шын жүректен аласың және осындай мейрамдар арқылы тсылық қатынас та беки түседі.