Сәби болғым келеді...

Сәби болғым келеді… Өмір жолын жаңадан бастау үшін емес. Сәбидей ештеңеге алаңсыз күй кешу үшін де емес. Себебі басқада…
Автобус ішінде келемін. Жан — дүнием астаң — кестең. Қайда, не үшін бара жатқанымды да білмеймін. Күйкі тірліктің күйбеңіне қолымды бір сілтеп, басым ауған жаққа кетіп қалғым келді. Дәл осы сәт мені ешкім де қуантып, жүзіме күлкі үйіре алмасы анық еді. Ой үстінде отырған менің көзім алдыңғы орында отырған орта жастағы әйелдің алдындағы 1 — 2 жасар періштедей кінәсіз де, күнәсіз сәбиіне түсті. Ол алақ — жұлақ етіп, әркімнің жүзіне бір үңілуде. Әр аялдамада есіктен кірген-шыққан адамдарға таңқала қарайды. Аяғын әрең алып, автобусқа сүрініп, шалынып кірген маскүнемге көз салған сәби жүзін тыжырайтты. Не үшін екені де белгісіз. Оның нұры жоқ жүзінен бе, әлде арақ сасыған денесінен жиіркенді ме? Ол жағы беймәлім. Арада біраз уақыт өткенде әлгі сәбидің көзі маған қадалды. Менің суық жүзімнен жасқанды ма, басын кері бұрып алды. Ойы басқаға ауып кеткен сәби сәлден кейін маған қайта назарын аударды. Оған қарап отырған мен еріксіз жымидым. Оның да күткені осы болғандай екі қолын шапалақтап, мәз — мәйрам болып кетті. Оның күлкісіне жолаушылардың бәрі сүйсіне қарайды. Себебі сәби жүзінде жасандылықтың табы жоқ еді! Сондықтан болар, онымен қоса күлгің келеді! Арада тағы біраз уақыт өтті. Бір орында тұрудан жалыққан болуы керек, әлде қарнының ашқаны ма, сәби жылай бастады. Анасының «Сәл шыда, үйге жетіп қалдық» деп жұбатқаны болмаса, оны басқа ешкім жұбатпады. Жылағанына таң қалмады да. Әркім ішінен «Бала ғой!» деп ойлағаны анық! Дәл осы сәтте менің де онымен қоса жылағым келді… Қатты — қатты айқайлап, бар дауысыммен… Бірақ, жылай алмаймын. Себебі, мен жыласам көпшілік «Бала ғой» деп ойлай салумен шектеліп қалмайды! Сәбилер екі — ақ себептен жылайды деседі: қарны ашқанда және әлдебір дене мүшесі ауырғанда. Ал үлкендер жыласа… Үлкендер жаны ауырғанда жылайды… және жылай-жылай жас таусылғандай болатын сәттер болады. Ондай кезде адам жыламай-ақ жылай бастайды. Көзінен жас ақпағанмен, жүрегі қан жылайды. Үлкендер үшін бұдан асқан ауыр күй жоқ та шығар…
Ия… Сәби болғым келеді. Күлгім келген сәттерде «Анау не ойлайды? Мынау не ойлайды?» деген сұрақтарға бас қатырмай — ақ еркін күліп, жылағым келген сәттерде де ешкімнің көзқарасына қарамай — ақ, ешкімге есеп бермей — ақ жылай салғым келеді!.. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай «Бақытсыз — ақ бақытты болып, бақытсыз — ақ ойнап күлгім» келеді! Қыста жауған ақ қармен жас баладай атысып ойнасам деймін. Жазда жауыннан кейінгі шалшық суды қызық көрген баладай кешіп жүрсем деймін. Әттең… жас бала емеспін. Үлкендер күлгісі келген уақытта күле салуға, жылағысы келген сәттерде жылай салуға, ойнамайтын уақытта ойнай салуға жол бермейді! Себебі, сырт көзге ерсі көрінеді. Ал сәбилерге бәрі де жарасады! Сондықтан сәби болғым келеді. Өзгелердің дұрыс емес «түсініп», дұрыс емес «ойлап» қалмаулары үшін өзімізді үлкендерге сай ұстап, кішкентайлардың әрекеттерін жасамауға тырысамыз… Тырысып жүріп, өзімізді өзіміз танымайтын күйге жеткенімізді де байқамай қаламыз…
bk
Бөлісу:

45 пікір

araika
Таныспын… бір кездері оқытқан болатынсың 
ademi_alem
иә. өткен жылы жазылған болатын.
Marationok
Сәби болғым келеді.Уайымсыз өмір, бейпіл өткен күндерді айт.
ademi_alem
))
Marationok
?
ademi_alem
)))
Marationok
Түсімбедім? Неге flood-ты көбейтіп жатсыз?
ademi_alem
кешірініз! ))) мен мына жерге алгаш тіркелдім, сол себепті әлі үйренерім көп. смайликтерді қолданып үйрене алмай жатырмын әлі.
dark_nazgul
алғаш әрі соңғы тіркелуің. әрине, фейк аккаунттар ашып, троллинг жасауды мақсат етпесең.
araika
Маратионок, флудтауға бірден-бір себепкер болып отырғаныңызды өзіңіз аңғармайсыз-ау?
Сәл түсіністік танытайық, қай заттың қайда орналасқанын үйреніп алғанша
Marationok
Арай, мен аңғармаймын, үйткені әркім өз ісіне жауап береді, сосын, анау жақшаларды көрген кезде бір бар ғой, қаным қайнап ұрысқым келеді де... Смайлдар бар емес пе?
araika
Қаныңызды қайнатпай қоя тұрыңыз енді, айттым ғой
түсіністік танытайық, қай заттың қайда орналасқанын үйреніп алғанша
деп… Есікті аша сала, үйде не бар екенін бірден аңғару мүмкін бе, сірә?
Marationok
ойыңыз орынды, бірақ, сонда да, ғаламторды бірінші рет пайдаланып жатқан жоқ сияқты.
Ал күтейік
ademi_alem
 ғаламторда жиі болатыным рас. Бірақ смайликтерді жиі пайдаланбайтын едім. Егер жақшалар соншалықты жүйкеге тиетін болса, смайликтерді қолдануға тырысамын алдағы уақытта.
meirzhan
Бірақ смайликтерді жиі пайдаланбайтын едім.
Смайл адам өмірін ұзартады әрі әлеміңізді әдемілендіре түседі.
ademi_alem
Жаксы кеңесіңіз үшін рахмет!  Өмірімді ұзартпаса да,әлемімді әрлендіре түеді деген сенімдемін.
dark_nazgul
қашанғы сәби боласың. Бәрібір бір күні есейесің.
Marationok
Бәрібір бір күні есейесің
Бәрібір өмірден озасын, дегенді де қосуға тұрарлық
ademi_alem
Өмірден озғанда да сәби кезіміздегідей көңілімізге қаяу түспеген, кінадан да, күнадан да ада күйде көз жұмсақ… одан артық арманым жоқ сияқты.
Marationok
Өмірден озғанда да сәби кезіміздегідей көңілімізге қаяу түспеген, кінадан да, күнадан да ада күйде көз жұмсақ… одан артық арманым жоқ сияқты.
Шымкент?
Не меңзегеніңізді түсімбедім, салыстырыс болған жоқ, бірақ та, сол қаяу болмас үшін, өмірлік мән табу керек сияқты.
Демек, сізде, арман дегенге қарағанда, күнә толы ғой?
ademi_alem
одан артық арманым жоқ болса, сол арманға жету үшін көңілге қаяу түсірмей, Ыбырай атамызша айтқанда «көңілімізді мөлдір бұлақтай таза ұстауға» тырысып бағамыз ғой. «Шымкент?» деген сөз не үшін жазылды?
Marationok
байланысты аңғармадым, күнә мен көңілдің. Жалпы, мәнсіз өмір емес, ол тіршілік.
Шымкент деген сіз Шымкенттенсіз бе, деген мағынада жазылған.
ademi_alem
түсінікті… Шымкенттен емеспін.
kokbori
Ада дегенді бірінші рет естіп тұрсың ба?
Aya
Сіз пікір жазсаңыз менің жыным қозып отырады!
Abilakim
машинистерден арзан солярка сатып алып ем, шашып кеп жіберейін бе?
meirzhan
Түсіністік танытайық, Маратионок форумда пікір қалдырумен енді танысып жатқан сияқты. Біраз уақыт өтер, Марат та графоманиясын тыяр
Aya
Сіз неге жоғалып кеттіңіз? Сізді сағынып қалған сияқтымын
meirzhan
 Ат тұяғын тай басар. Маратионокпен жағаласпайын деп тасада жүрмін. Және бір сайт үшін бейберекет пікір қалдыра беретін екі адам тым көп болар. «Жындарың қозбасын» деп  
Aya
«Сағыныш» туралы әңгіме болыватса…
meirzhan
Сағынышты фейсбук арқылы басуға шақырамын
ademi_alem
Кез келген есейген, есейдім деп ойлайтын адамның жан дүниесіне терең үңілсем, ішінен сәби көремін… тек қоршаған ортаға бейімделуге тырысып, сол іштегі «сәбиіміздің»үнін шығармай, тұншықьтырып тастайтын жайымыз бар. Өмірге сәбидің көзімен қарай білетіндердің саны көбейсе бақыттылар саны көбейер еді деп ойлаймын…
Abilakim
Жалпы, баланың бала секілді, әйелдің әйел секілді, еркектің еркек секілді болуы керек қой. Ересек адам секілді баланы қалай жақсы көре аласыз мысалы? алдыңғы күні аялдамаға қарай бара жатсам, бір 4-5 жасар бала ағашпен мұзды ойып отыр. Мені көріп өз-өзінен «ағатай, мен жаз жасап отырмын» дейді, бірдеңені шалыс естіп қалдым ба деп қайталап сұрадым,«Жаз жасап жатырмын» дейді аңғал көңілмен…
satibaldi
Жалпы, баланың бала секілді, әйелдің әйел секілді, еркектің еркек секілді болуы керек қой.
«Патша-патша, құл-құл, бай-бай, кедей-кедей, әке-әке, бала-бала болып қала берсін». © Конфуций.
Abilakim
кейбірде басым ысып кетеді
ademi_alem
«Басым ысып кетеді» деген не?
ademi_alem
«4-5 жасар бала ағашпен мұзды ойып отыр. Мені көріп өз-өзінен «ағатай, мен жаз жасап отырмын» дейді, бірдеңені шалыс естіп қалдым ба деп қайталап сұрадым,«Жаз жасап жатырмын» дейді аңғал көңілмен…» Бала бойындағы осы мүмкін емес дүниеге, ғажайыпқа сену қасиеті ұнайды маған. Адамды айға ұшырған да, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткізер» құралдардың және басқа да бұрын құр ертегіде ғана болуы мүмкін құралдардың ойлап табылуы кейбір ақыл тоқтатқан адамдардың әдетте сол бала бойынан ғана табылатын шексіз қиял мен сол қиялға, арманға сену қаиетінің нәтижесі емес пе?!
Ahi
Аллаһ Тағала былай деді: «Біз сендерді босқа жараттық, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» (Муминун сүресі, 115-116-аяттар).
satibaldi
Кетші-әй өзің!
meirzhan
Кетті ғой былай да, виртуал мүрдесін қорлама
satibaldi
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай «Бақытсыз — ақ бақытты болып, бақытсыз — ақ ойнап күлгім» келеді
Өйдөйт айтқан екен ақындарың, ә? Осыны да сөз деп! «Ақынның айтқанын тыңда, бірақ ақылын тыңдама» деген бар. Бейбітшіліктің бейнесі ақ көгершін аппақ боп самғағаннан басқа — балконға отырып, тышып кететіні сияқты, кез келген адамның сөзінің алатын жері, алмайтын жері бар екенін ескеру керек. Ол тіпті әлгі кім, Мұқанғали болса да.
ademi_alem
Ақиық ақынның бұл өлең жолдарына тереңірек үңіліп көріңіз, бәлкім көзқарасыңыз өзгерер.
meirzhan
Мазһабыңыз қандай?