Қыспен қоштасып қалайын, естелік айтып)))

Қайран балдәурен!!! Бала кезімде қысты қатты ұнататын ем. Өйткені үй шаруасы қорада, күніне бір мезгіл ғана, ал ойынның түр-түрі болатын. Қар атыс, окоп қазу, аққала жасау, шаңғы, коньки, шана тебу, хоккей… керемет уақыт еді. Әсіресе қыстың басында, және аяғында қар атыс ойнаған ерекше ұнайтын. топ-топ болып таудың екі жағына тұрып ап, алақанға қар түйгіштеп, тасыр-тұсыр соғыстың соңғы тұяғы басталып кететін. Естелік-елес-цитата:
Таудың аржағынан: Ей тиід саған!!! Аяғыңа тиді өз көзіммен көөрдім. Е давай сен ранен болдың, бір аяқпен атысасыңңңң!!! ЕЕЕ арамы ойнау жоқ нақ…

Таудың бер жағынан: лібәә қайтып көріп қойдың??? аяғымммаяғыммм
… құлақ-шекенің жанынан ақ/оқтар ұшып жатыр… зу зу… кәдімгі соғыстағы сияқты, «лібәә тиіп кетпесе екен» деп қобалжып қоясың))) Бір кезде қарды әбден домалатып, престеп, биләйді шешіп, ерітіп престеп, мұз қып, резкі тұрып қап, жібересің де, қайта отыра қаласың. Анжақтан біреу баж ете қалғанда "Өлдің-ей, өлдің құла давай, шық ойыннан" деп басыңды жылтита бергенде тура бетіңе бір қар кеп былш ете түседі. Қардың авторы "Өлдің нақ, Өлдің нақ!" деп айқайлап жатқанда, көзіңнің оты жарқ етіп, манағы өзің істеген мұзоқ елестеп: «Лібәәә мынау мұздан болса, тошно өлгендей екем нақ, құдай сақтады» деп қоясың)))
Ал достарым шықпай үйлеріне жатып алған кезде, сырт жақтағы опа қардың құртына айналатын едім. Қолға кәкпір ұстап-ап, үйдей боп жатқан қардан ін жасаған да ерекше ұнайтын. Басында есік-месігі, төбесі бар кәдімгі қарүй болса, кейін ол шаруа нервотрепқа айналды. Қар да аз жауа бастады. Менің денем өсіп, окоп қазумен шектелетін болдым. лібәәә тер қатырып қазып-қазып, енді рахаттанып ішіне кіре бергенде төбесі құлап түсе беретініне әлі жыным келеді

Содан кейін ауылбайский хоккей...!!! Қыстың ортасында емес, басы және аяғында ерекше азарт тудыратын. Көбіне аяғында, күн жылынып, аренамыздың, тоест сырт шақттағы мүзайдынының беті шалшықтана бастайды. Сөйтіп біріміз клушки, екіншіміз шөтаяқпен жинала қаламыз. Ол кезде ағаштан басы иілген, жіңішке, ұстауға ыңғайлы келген қарағайдың бұтағын тауып алған адам бақытты, әрі авторитет. Ондай шөтаяқтар завадской клушкиден де артық болатын. Иілген жерін жонып, ұстайтын жерін тақырлап тазалап, атыңды жазып қойып, пантоваттай бастайсың))) Көбіне көше--көше болып бөлініп ойнайтынбыз. Сондықтан осындай артықшылықтар команданың да абыройын асырады. Әсіресе мұндай кезде конькилінің құзыреті жоғары. Ал ондай аяқ киімі жоқтар(ол кезде тапшы дүние тұғын) бәтеңкемен келеді. Пиманың сыртынан галош іліп ап жүретіндер де көп. Бірақ олар үшін мұз үстінде бір орыннан қозғалудың өзі мұң. )))
Далада ауа райы 2-3 градус жұмыртқадан жоғары. Екі командаға бөлінген соң мокрый-хоккей басталады. Шайбы көрінбей кеткенше дейін ойнаймыз. Малмандай су боп үйге қайтасың. Ауылдың шетінде тұратындардың үйге жеткенше киімі мұз боп қатып қалатын. Соған мәз боп, жүзіңде жастықтың жалыны жайнап, мұрныңда бұқаның демі, көзіңде вулканның лавасы атқылап келесің. бірақ үйге жетіп, табалдырық аттай сала анаңнан әдемі айғай естисің. Мамаңның моралінен кейін бүгін өзіңнің қоқыс, құсық болғаныңды түсіне бастайсың...

Қолыңа бұтақ ұстап ап, аяқта бәтеңке, оның үстіне судың үстінде хоккей ойнап қайттым деу ақымақтық әрине. Дегенмен балалықшақтың балдай тұсы осы. Сіздердің қысқы балалықтарыңыз қалай болды, бөлісе отырыңыздар!!
Бөлісу:

13 пікір

satibaldi
Предлагаю слияние Керек+Teriskey; барлығы да болады: үлкен чек, журье, шампан…
araika
енді рахаттанып ішіне кіре бергенде төбесі құлап түсе беретініне әлі жыным келеді


Менің есімде тек ағама жалынып, шанамен ауладан шығарып 2-3 круг жасағанына мәз болып, одан қалды қасақана құлату әдістерінің құрбаны боп кететінмін Кішкене биік жер көрсек, өзімізді тауда жүргендей сезініп, шанамен сырғанау да бар болатын.
meirzhan
Сендер жақта дөң де жоқ шығар
araika
Еее есіме салғаныңа рахмет, солай аталатын.
FaraOn1
қасақана құлату әдістерінің құрбаны боп кететінмін
бары сол болса оңай құтылған екенсіз. Бізде 7-8 ыныптан кейін сабақтан кейін үйге қайтып бара жатқанда қыздардың көрметіні жоқ. Олармен қаратысып әдейі дразнит ететін едік. Одан қалды күреске де араластырамыз. Обшем қарға әбден аунатып апаратын едік үйніе
araika
Қар атысу деген мектепті бітіргенше қыр соңымыздан қалмаған, сондықтан айтпап ем. Жек көрем мен, ұнамайды
FaraOn1
біздің қыздар да жек көрді-ау дим. жылап жіберетіндеріне қарағанда.сол кезде оларға қызық шығар деп ойлайтынбыз.
KILYZAMAN
Бұл тәжірибемнің де(Пиролиздік қазандық) аяқсыз қалуына аз күн қалды… Жұтылған ыспен, жұмсалған еңбегімнің өнбегі алда әлі