Германиядағы хоккейші қазақ - Данияр Джунусов
Қазақ пен хоккей спорты бір бірімен байланыса бермейтін ұғымдар. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Джунусов қорғайды.
Бұл жігіт туралы алғаш рет 2010 жылы sports.kz порталының орыс журналисті жазды. Ол журналист интернеттен неміс лигасының ойындарын қарап отырып, аты-жөні қазаққа ұқсайтын болғасын іздестіріп көрген екен. Фейсбуктан тауып алып, сөйлескен. Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеген аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта қалып қойған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған. Сол кездегі интервьюін оқығанымда маған ұнағаны, Данияр басқалар сияқты бірден Ұлттық Құрамаға алыңдар, Қазақстанға барамын деп ұмтылмай, өзінің жоспарларын нақты айтқан. Яғни, 2013/2014 маусымында КХЛ лигасында және Қазақстан Ұлттық Құрамасында ойнайтындай дәрежеге жеткім келеді дейді. Неміс тәртібі. Жоспарлары нақты.
Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. Былтыр Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. Ал, биыл Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды.
Болашақта Ұлттық Құрама қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес.
Команда сайтындағы профилі
Даниярдың Неміс Лигасындағы статистикасы
-Неге осы қазақтың жақсы атына «Д» қосып қойған, біз осы Диван Диванович демейміз ғо
Қайта Қанаттың аты оқуға ыңғайлы болды. Былтыр Азияда Рустам Сваевты жеңіп кеткен Мамат Турсунжан деген ұйғыр боксшының атын Maimatitue Rsun Qiong деп әлем-тапырық қылып тастаған ғой
Негізі, әкемнің есімі – Ислам. Бірақ, елге келгенде құжат мәселесінің қиындығын біраз бастан кешірдім. Кейін белгісіз бір себептермен «Слям» болып жазылып кетіпті. Негізгі аты-жөнім – Қанат Ислам. www.alasharena.kz/post/695
бірақ басының формасы европалыққа ұқсайды