Сауатсыз, ұры әрі ұятсыз журналистер де болады

Кейбір журналистердің негативті қасиеттері туралы жазып, олардың жүйкелерін жұқартқан шығармын  Ондай журиктермен күресе беру керек.
Кейбір журналистің бойында журналистке тән қасиеттер болмаса да газет-журналдарда істеп, шайлығын тауып жүреді. Олардың сауатсыздығын мақала жаза алмауларынан, сауатты аударма жасай алмаларынан білуге болады. Ал ұры-қарылық қасиеттерін басқа автордың мақаласын заңдарға қайшы әрекеттер арқылы көшіріп, зияткерлік меншікті ұрлауы арқылы көрсетіп қалады. Ең қызығы үшінші қасиет болғалы тұр.

Мақала ұрлаған журналистке немесе баспаның редакторына телефон соғып, олардың сізге тиесілі мақаланы ұрлағандығын айтсаңыз, алғашында «Кешірім өтінеміз, әдейі істемедік. Халық оқысын, білсін деп көшірдік. Заңға қайшы екенін білмей қалдық» дейді. Осылайша өздерінің сауатсыздықтарын, заңды білмейтіндіктерін айтып береді. Егер сіз оларды кешірмейтіндей болып, олардың айыптарын беттеріне басуды доғармасаңыз, жағымсыз сөздер естіп қалуыңыз мүмкін.

Мақаланың авторы ұры журналистті кешірмесе, сауатсыз әрі ұры журналист өзінің үшінші бір қасиетін көрсетеді. Ол қасиеті: ұятсыздығы. «Не, сонда сендер басқа біреуден мақала ұрламайсыңдар ма? Сендер де ұрлап жазасыңдар. Орыстардың сайттарын қарап, солардан аударып аласыңдар. Ал сендерден көшірсек, сотқа беремін деп шығасыңдар» деп, өзіңізге қарсы бажылдайды. Қайтсін енді. Малды бауыздап жатқан кезде денесінен жаны шыққанша аяқтарын бір сермеп қалады ғой. Ұры журналистер де өздерінің ұятсыздығын көрсетіп, тілдерімен бір «сермеп» қалады.

Мақала ұрлайтын ұятсыздар авторлық құқық туралы заң бойынша, аударма жасаған адамның жаңадан пайда болған туындының авторлық құқығына ие болатындығын білмейді. Сөйте тұра тіл мен жаққа сүйеніп, сөз жарыстырады.

Кей журналистер сауатсыз болғандықтан ұрлық жасайды. Ұрлық жасап тұрып авторлық құқық иесіне қарсы шығып, авторды кінәлайды. Қарап отырсам, аталған үш қасиет журиктің қасіреті екен. Бірақ ұятсыздығы ол қасіретті толықтай мойындатпайды.

Бетімен кетіп, біреудің еңбегі арқылы ақша табуға құныққан журиктерді жаңа заң бойынша құрықтап, жұмысқа жегудің мүмкіндігі туа қояр ма екен? деген сауал мазалап жүр мені. Өйткені авторлық құқықты бұзған адамдарды Азаматтық, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстер арқылы жазалау қарастырылған.
Бөлісу:

8 пікір

satibaldi
Графомандықпен ақтауға келмейтін муаххахала екен. Барлығы бірі біріне ұқсас боп кетті, айтар ойың жоқ.
Zako
Сол бір ғана тақырып қой айтып жатқаным. Тек әр түрлі жағдай, әр түрлі баспа, әр түрлі газет.
Gastarbaiter
Кезекті жазба, кезекті баспа, кезекті газет.
Бір ғана газетті аяғына дейін әшкерелеп, одан бірдеңе өндіріп жатсақ, не нәтиже шығарып, кешірімін алып жатсақ, қызығырақ болар еді мына тірлік.
Прогресс болмағасын қызығы кетіп жатыр құр жазбалардың.

Әлгі «Экономикалық дағдарыстан нені күтуге болады» деген жазбалар сияқты.
Базар жоқ тақырып актуалды. Базар жоқ әлі де барынша маңызды тақырып.
Бірақ мына қызықты қара:
Адам деген мақұлық үш күнде тозаққа да үйреніп қалады. Дағдарыс басталған кезде адамдар акциялардың құлауы жайлы өліп-өшіп оқыды. Оқырманның біразы «очкосы ұстап» мазасызданғандықтан оған дағдарыс жайлы кез келген мәтінді асатып жіберуге болатын еді.
Уақыт өте халық егер мақалада еш ілгерілеу, нәтиже болмаса, дағдарыс жайлы кезекті мақалаларды оқуды қойды. Жүйкесін құртып қайтеді бостан босқа?
satibaldi
Кей журналистер сауатсыз болғандықтан ұрлық жасайды.
Ұрлық керісінше — екі есе сауаттылықты қажет етеді. Нағыз ұрлық — ұрлау қабілетімен қоса, заңды бүге-шігесіне дейін білуді талап етеді.
Бұлардыкі ұрлық та емес, шамамен — қуыста аңдып тұрып, баланың самсасын алып қашу сияқты әрекетке келіңкірейді.
satibaldi
Zako , менің байқағаным — сен бұ журьедан еуропалықтың өркениетті әрекетін күтесің. Осы жерден аз-мұз адам таынмайтындығың көрініп тұр, ренжіме.
Қаззақ күшпен болмаса, ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН өз еркімен қатесін мойындап, кешрім өтінбейді. Ондай қаззақ болуы тіпті мүмкін емес, болған да емес. Дәлелденген. Жақсылап, нақты дәлелденген.
AL-ASTER
Бырат, қатені мойындамай өтсек өмір сүру хренова бов кетеді ғой.
satibaldi
Сосын ғой өміріміздің хреновый екені.
AL-ASTER
Разговор жоқ, амиго