Марғаумен сұқбат

Бір ауық кейіпкерлеріміз ретінде хайуандарды алсақ та, (өз отрядымызды талқылай бермей) сайт әралуандығына сеп болар ма еді. © Gastarbaiter

Осы бүкіл аймақтағы ең тышқақ сиырлар біздікі шығар, тігейіннің. Болмағаныма — бір-ақ апта, дегенмен үйдегі Зеңгі бабасстың төрт жүгермегі қораны аузы-мұрнынан шығарып толтырып қойыпты. «Мөөө» дейді ғой епті, не «мөөө»? «Бөөө» саған, ал шешесс!

Шалдың үлкен айқайының алдындағы кемпірдің кіші айқайынан-ақ көңді төгіп келіп құтылуға бел будым. Әйтпесе, шәй үстінде жалқаулық туралы әңгіме алыстан басталып, соңғы кесені ішіп жатқанда тап менің болмысым болып шығуы ғажап емес. Ең күйдіретіні — жалқау болуы себепті тұрмысы нашарлап, ақыры ішіп кетіпті-міс делінетін Шөкенді мысалға келтіре беретіндері. Сол Шөкеннің алақан жайып сұрап ішіп, әлде біреудің бірдеңесін сатып ішкенін көрмеппін. Бірақ ептінің тағдыры солай боп тұр: ол бір жерде аузы ұрылып ұйықтап жатқан шығар, ал біздің шал-кемпір оны жамандап жетісіп отыр.

Еріне киініп, шықтым сонымен. Әркім сұрап алып, зайып алуға қараған заржақ шиқылдақ арба сондай жек көрінішті көрінді. Осы жұрттың біреудің затына үлкен бұтақ қойғаны бар ма деймін. Солидол жаға салса болады ғой? Арбаны ендігәрі бермейм ешкімге деп, жеті жүз алпысыншы рет өзіме уәде бердім. Әуелі айырмен, сосын күрекпен боқтықты тией бастадым. Пензесс денсаулық адам құсап, «толтырып-толтырып салсайш» деп қоям өзіме. Ана ептібайымайд сиырлар болса, маған мөлие қарап, күйіс қайырып тұр. Епті: мені құлбазардан сатып алған сиқты, нақтың мақұлықтары. Салып жіберсем бе қазір осы. Өткен жылғы бір иницидент есіме түсіп кетті. Бір тайыншамыз суарып тұрғанда аша тұяғымен аяғымды езіп қалғанда, көзімнің оты жарқ ете қалған. Ашудан бұрын, таза рефлекспен салып жібергенмін күректің сабымен. Соны күздікке сойғанда ши шықты. Кербаба атам келіп:
— Малды неге сабағансың, малатаңанә! — деп, май құйрықтан керзі етігімен бір тепсін!
— Кетейнақ! — деймін мен де қиқарланып; ішімнен:«осы күнгі малға дейін біреу сабағанын айтып қоятын болған ба?» деймін.
— Сан еті қансырап, қарайып кетіпті! Харам деп алмайд ертең, ептібайымайд! Алда әттеген-ай, қып-қызыл ақшасын ұстап келед Нәумет ертең, жары етін алам деп. Тап енеңңді-ай!
Біздікі не? Сөзіміз сол баяғы: «ақшадан өлдің бе нақ, не жетпей жатыр осы біздің үйде!» — деп, өзіне тап береміз, басқа айтарым да жоқ.Шешесстің.

***

Арбаны зарлатып, боқтық төгетін жерге келе жатырмын. Тезекке қарап, қазір торғайлардың барлығы мен төккен жерге үймелеп қалад деп ойлап қоям: кейбір сиырларымыз тоқтықтан құтырып, арпаны сол арпа күйінде тышып беріпті. Лібәдтар десейш: қырық қапшығын алу үшін бір апта тігілген еңбегімді олар қайдан білсін.

Осы боқтық төгетін жердің фаунасы қызық болады өзі. Бұ жердің қарғасы да, сауысқаны да, иті де, мысығы да бөлек келеді. Дауыстары да бөлек. Ауылдың сауысқаны шықылықтаса, бұл жердің сауысқандары… да шықылықтайды, бірақ білсеің бе — басқаша шықылықтайды. Түсіндіре алмайм оны очм, ептінің.

Боқтықты аудара салуға ашық алаңқай іздеп жүріп, ертеректе төккен жеріме жақындап келдім. Сол-ақ екен, бір мақұлық "қыххххх!" деп айбат шекті де, анадай жерге барып отырып алды. Түрін көрмегенде шайтан деп ойлар едім, бірақ мысық екен. Тарғыл мысық. Ауылбай санам оны үш рет балалаған мысық деген шешім шығарды, пензесс шырақ жағып тұрған адам құсап.

Айтып тұрмын ғой боқтық төгетін жердің мақұлықтары басқа деп. Ендеше бұл мысық ауылдың мысықтары сияқты табанын жалтыратып тайып тұруға асықпады, анадай жерге барып, кеткенімді күтіп отырып алды. Бейшара тінтеді ғой қазір, ет-пет бар ма екен деп. Бүйткен өміріңдісс!
Көздері неткен… не еді. Көздерін италянша сипаттап бер десе, "қорқыныштыо-ақылдыо-байсалдыо-айбынды" дер едім. Лібә, адамның көзі сияқты, дәлірек айтсам — өткен жылы Аид патшалығына өз еркімен кеткен Нұрмақтың көздерінен аумайд. Ох шешесс, бәлкім мынау — сол? Типінақ, ана дүния қабылдамай деген сияқты, о жаққа да жақсы адам керек деп, пензес болып отырушы еді ғой осы ауылдың көңіл айтқыштары?

Лібә, шынымен — мына көздері неткен көздер еді! Қараптан-қарап: «Мен емес, мен емес!» деп, мысыққа ақталып тұр екем, бір есімді жиғанда. Сосын ойлап қарасам: бала күнімде марғауларды қапшыққа салып алып, гуманизмнің нышаны жоқ кейіппен осы боқтыққа әкеліп, атып ұратыным есіме түсіп тұр екен ғой! Фрейд қабірінде тройной тулуп жасаған шығар епті, мына пси-арпалысты көріп.

«Нең кететін еді!». Мына мысық көздерімен дәл осылай деді маған осы тұрғанда, естідің бе, тойыс — көрдің бе?!

"Қалай нең кететін еді? Өзің ойлап қара: со кезде сен алтауыңды үйде қалдырдым делік. Қазір отыз мысық болар ма едіңдер? Кет-ей, Фибоначчи қатарымен есептесем — 66 мысық болады екенсіңдер қазір! Қарсы сұрақ: сонда менің адам ретіндегі болмысым, өмірім не болмақ? «Мысықтар Әміршісі Сатыбалды»? Қой-ей нақ. Әділетсіз деп тапсаң, оны анау Олимпте отырған он екі бұтақбастан көр. Рухың жетсе соларға тиіс".

— "Үлестіру" ше? Сейфулла, Гәпөндерден кемсің бе? Олар бала мысықтарды орыстардың есігінің алдына қойып кетуші еді. Бейшаралардың жүрегі ауырып, асырап алатыны бар еді ғой?
— Ой лібә! Қас қылғандай бір уақытта балалайсыңдар нақ! Ауылдың бас-аяғы елу шақты орысына бес жүз мысықты қалай тығып кетуге болады, өзің ойлаш? Сосын, сол орыстар да оңып тұрған жоқ. Ем болад деп, терілеріңнен шұлғау жасап алад. Ендеше, жемей-ақ қой!
-Дұрыс емес бәрібір. Дұрыс емес.

-Пірсс! — деп, бар пәрменіммен арба бетіндегі әлі қоймалжыңдау бір боқтықты жіберіп қалыппын шыдамай. Есімді жисам, қасыма қалаға барып, менінмен бірге ішіп-тышып келген Сейтмат келіп тұр екен. «Шешесс, саған да, маған да арақты қою керек. Мен де өзімнен өзім сөйлейтін болып жүрмін соңғы кездері. Не ғой, Қапар 0,7-мен қорада күтіп отыр, кеттік».

***

Осы шал-кемпірдің екіжүзділігіне таң қаламын, ей құдайдың. Боқтық төгіп келсең — сенен жақсы адам жоқ, тіпті "қхы-қхы-қхы" деп, күліп қоятындарын қайтерсің. Қаныңды ішіп жұмсайды да, император сияқты сыйлайд. Ішіп келгенің де кедергі емес: ірімшік, құрт-май, сосын әрине — ауылдың адамдары «ТАҢ» мынаның қасында демалад нақ!" деп жүрген — шалап. Жігіттер, кіре беріңдер, үшінші бөтелкені біздің сарайда жұқалап кетейік…
Бөлісу:

61 пікір

asaubota
мына қасиетті қауымдастықтан шығып, квартиранттарға тапсырып кеткің келіп жүрген жоқ па соңғы кездері?
asaubota
оқып отырып өзімді ауылдағы қорада елестетіп кеттім.

базар жоқ, тасақты жазба!
Gastarbaiter
. Ана ептібайымайд сиырлар болса, маған мөлие қарап, күйіс қайырып тұр. Епті: мені құлбазардан сатып алған сиқты, нақтың мақұлықтары.
Қорс-қорс
konvict
Лібәәә, шынында керемет жазылыпты. Мен де өзімді елестеттім. Ауылда сиырдан көруші едім көресіні.
sammita
Әйтпесе, шәй үстінде жалқаулық туралы әңгіме алыстан басталып, соңғы кесені ішіп жатқанда тап менің болмысым болып шығуы ғажап емес

кино көргендей әсер алдым әдеттегідей
Nazar
Фля, бас ауырып отканда мынауын керемет екен. Шалапсыз-ак акеш…
a63a1
 буахахаха мөөөөө дейме шешессс… мөөөөө…
TERISKEY
Супер, супер, жаз давай тағы!
Gastarbaiter
«Мөөө» дейді ғой епті, не «мөөө»? «Бөөө» саған, ал шешесс!
Тура мағынасындағы бұқатірестерге әмбебаб жауап.
Тағы кетті құлақтан
Zhan
Ана ептібайымайд сиырлар болса, маған мөлие қарап, күйіс қайырып тұр. Епті: мені құлбазардан сатып алған сиқты, нақтың мақұлықтары. Салып жіберсем бе қазір осы.
Қорада сиырдың малағын тазалап жүрген кезде дәл осы ойлар келуші еді. Құл сезініп кеткен мен ғана ма десем… Қайран Сатекең де бұл этаптан өтіпті. Е, біз не көрмедік. Атам шай ішіп отырған кезде уже маған туғаннан маңдайыма жазылған міндет сияқты функцияларымды шегелеп айтып отырады. Қызым қазір сиырдың қорасын тазалайсың қойға шөп салысасың, тамның артында тау боп үйіліп жатқан қарды күрейсің. сосын қалағаныңша ойнай бер деп қояды. Осының бәрін істеп боламын дегенше қас қараяды. Иә саған шопақтың басы, қайта қайта ойнайсың. беліңді ала алмай ойбайлап жатқаның… Блә кемпір шал менің де талай қанымды ішкен. Сол кезде екеуіне "Қалаға көшіп кетейік" деп қанша айсам да тыңдамайтын.
TERISKEY
осының бәрін істеп боламын дегенше қас қараяды. Иә саған шопақтың басы, қайта қайта ойнайсың. беліңді ала алмай ойбайлап жатқаның… Блә кемпір шал менің де талай қанымды ішкен.
Gulistan
Болды, болды Қой, сиырдан алатын едік өшімізді
qisyq
Иә саған шопақтың басы
ужс…
Zhan
Туу неге ужс дей бересің осы ужс
Zilola
Мен мынаның біреуін де жасамапын ауылда тұрмаған соң шығар, әке-шешем сабағыңды оқы дегенді айта бертін. Мамам әлі күнге үйдің түрлігін өзі жасайды, жұмысыңнан қалма деп.
a63a1
Таңғы шыйыңды ішіп алып, табанына боқ қатқан қара керзіңді киіп алып, жып жылы қораға кіріп, буы бұрқырыап тұрған сиырдың боғын тазалап жүріп талай қиялға берілуші едім.
a63a1
сондағы бірінші арманым:
Баздардардағы конвейер тәрізді боқ тазалағышты қатты армандаушем
Zhan
Айтпа, менде осы қораны тазалайтын бір техника болса ғой деуші едім. Негізі ауылдық жердің жұмысы қиын болатын маған. Сол кезде осы жұмыстың бәрін істейтін бір робот болса екен деген де арманым бар еді.
a63a1
Қора тап таза. Кешкі сағат бестің кездері сиырларды қайта қамап болған соң, 15 минуттай тыша бастаған сиырлардың артына күрек тосып әуреленетінмін
sammita
аха, күрек тосып тұратын кездер болған. Күрпілдетіп енді сауа бергенде кіші дәреті кеп қалғанда жыным келетін еще
Zhan
Ойбой анау біздің үйдегі ақ сиыр да сондай қырсық, арам еді, енді сауа берген кезде шар еткізіп шаптырып тұратын. Сосын болды деп ойлап саууға қайта отырсаң қайтадан шаптыратын. Жыныма тиетін үзіп-үзіп шаптырып.
a63a1
үзіп-үзіп шаптырып


Әсерлі жеткізесің
Zilola
өткен жолы Қарабұлақ (Шымкентоблысы) ауылынан соғым алдық. Барып алып келген кісінің әңгімесінен түсінгеніміз, жылқының аузына тақап астау, және тезекке деп те арт жағынан астау жасап қойыпты дейді. Қораның полы тап-таза, ощым ет жегенде рахаттанып жейсің ))
a63a1
Қазы, қарта жегенде ештеңе есіңе түспейме кейде дим
a63a1
Терісі таза болғанмен ішегінен құтыла алмайсыңғой
satibaldi
«I'm a robot» фильмінің сол жылдардағы кассалық түсімінің табысты болуы енді түсінікті болды…
Gastarbaiter
Грамматикалық фрицтер ашудан свастикасын шайнап жатыр:
дұрысы «I, robot» болу керек
satibaldi
Лібә, ауылдың бұтақбастары Кенже, Сұлушаш, Марина апайларды бірден декретке жіберіп отырды, ренжімеш нақ
Gastarbaiter

Хуйизондьютитудейлеп кетті десейш.
satibaldi
«arm chair» дегенді ұялғаннан «r»-cымен айтқызып жүргенін кейін білдік, орыс мектептің комплекс жоқ оқушыларынан
Gastarbaiter
Біздің Ләззат апай керісінше алтыны «сикс» — емес «секс» деп оқу керек деп қинайтын.
konvict
Мен сиырларға кигізіп қояр памперс болса деп те армандап едім.
a63a1
 лібә мен ол кезде памперс дегенді естімеген едім
a63a1
бірінші ойым былай болатын: НЕге біз сиырдың боғынан желкенбейміз, адамдікін ұстап көрсек құсып тышып тастар едік деп
ErNur
Балалыққа еріксіз тағы бір барып келдім. Эхх… шіркін!
Сиыр ғой лас болатын, жылқы жарықтық тап таза болады ғой. қыста ауылда үйде болатын ед жылқыларымыз. Декабрьлерде әкелеміз апрелге шейін болад содан. Қара бие болды ерекше, жатпайтын еді тұрып тұрад далаға табынға қосылғанға дейін.
a63a1
біздің жылқылар далада жатад әлі күнге дейін. Түз қасқырымен адам қасқырлары да жейтінін жеп алатынын алып жатыр. Аптасына 1-рет барып қарап тұрад. Құдайдан деп жата береміз
AL-ASTER
Жылқылар тұрып юхтайды ғой. Бұрын жәй еститінмін, жақында көзім жетті: ауылға бара жатқанбыз, түнгі 3 шамасы ед, бір үйір жылқы көлік жүретін жолға дейін тұрып алыпты. Фараны мигать еткем, қозғалмайд, сигнал бергенде шошып теуіп қала деп қорықтым. Сөйтсем юхтаватқан жылқылар кен, даЧы қозғалмайд орындарынан. Сосын іштен ойлап қоясың, айдалада няғылған жылқылар, ұрлап кетпей ма кен деп бетімен жүрген жылқыларды.
bizbike
Ауылға соңғы барғанда біздің шал далаға күртесін киіп шыққан. Ішкі қалтасы ашылып кеткен де, ішінен әмияны түсіп кеткен ғой. Жүгіріп келді ойбайлап. Содан атам шықты «Иттен жараған, иттен жараған!!» деп. Анау өзі түскен бірінші, содан құсып, ала алмаған әмиянды. Қайта қыс болып, боқтың бәрі қатып тұрғанын айтамын. Содан мен шықтым темір-терсек сүйреп, мүмкін жарап қалар біреуімен қыстырып алуға деп. Атам баспалдақты әкеліп ішіне түсем деп жүр. Шал үйге жүгіріп кетті жаман киім әкеліп, мен түсемін деп. Содан не керек, атам одноразкасын киіп жатыр, мен қасында көмектесіп, етігін кигізіп дегендей. Шалым келгенше түсті өзі, мен жарық түсіріп тұрмын. Алды да, маған берді. Қарға лақтырдым. Жиіркенгенім соншалық, үйге келіп құспаймын ба.
patick
Жалпы пездес шығарма, әсіресе:
Ана ептібайымайд сиырлар болса, маған мөлие қарап, күйіс қайырып тұр. Епті: мені құлбазардан сатып алған сиқты, нақтың мақұлықтары.
кейбір сиырларымыз тоқтықтан құтырып, арпаны сол арпа күйінде тышып беріпті.
Қараптан-қарап: «Мен емес, мен емес!» деп, мысыққа ақталып тұр екем, бір есімді жиғанда.
Ауылдың бас-аяғы елу шақты орысына бес жүз мысықты қалай тығып кетуге болады, өзің ойлаш?
деген жерлерде әжетханаға жетіп үлгермей қала бердім қайта-қайта
alashaman
«Бір тайыншамыз суарып тұрғанда аша тұяғымен аяғымды езіп қалғанда, көзімнің оты жарқ ете қалған. Ашудан бұрын, таза рефлекспен салып жібергенмін күректің сабымен.»
Лібә, өз аяғымды басып кеткен кездер еске түсіп, осыны оқып отырғанда көздің оты жарқ ете қалмасы бар ма? Сөйтсем, әріптестердің бірі «жүр шылым шегіп келейік» деп көкжелкеден салып қалыпты нақ
AL-ASTER
Жазба қатты ұнады

Бұрындары ауылға каникулда барғанда мен де боқ шығаратынмын, шал-кемпір үйде, бала-шаға қалаға тартқан алды. Сосын шигол бов қораға күрекпен кіріп, шыққасын қолға мазоль шығатын. Күрек дұрыс стай алмағасын ғо енД))) Жалпы, сеновалға кіріп, тауықтардың жұмысртқасын іздеген найтан, кей бетімен кеткен тауықтар өздері жұмыртқалап, сөйтіп жүреверед. Дачы, жоқ бов кетіп, ұзақ уақыттан соң балапандарын ертіп жүргенін көруге де болатын. ал енД қаздар, олар фиг кіргізетін жұмыртқалайтын жерлеріне, тістелеп ата қаздары опасный болатын) Олар қаңғып кеткенде ғана келіп жұмыртқалрын сыпырып кетуге болатын.

Сосын бір кісінің қорасынан көргем, сиырдың үстінде тауық отыр. "Қой үстіне бозтарғай жұмыртқалайтын..." деп басталатын ертегі еркісіз еске түсед)
Nazar
«Иә саған шопақтың басы, қайта қайта ойнайсың. беліңді ала алмай ойбайлап жатқаның… Блә кемпір шал менің де талай қанымды ішкен»
Бляяяя, шынымен қыз болсан, аузың іріп кеткен екен…
Aldeken
Қумаш, а? Көрмеген, білмейтін адамның сыртынан тон пішпей әрі ойнаш.
Nazar
Бұтағымды жемей жоғал анасссс…
Aldeken
қыз боп туылғаның жақсы ед…
sammita
аузың іріп кеткен екен…
satvaldo
«анасс» деп батысты ала кетпеш…
Marco
кейбір сиырларымыз тоқтықтан құтырып, арпаны сол арпа күйінде тышып беріпті.

Мұның да пайдасы болады! Ертеңгісін мал шығарғаннан соң қораның есігін ашып кететінбіз, кептерлер жиналады сосын, шведский столға. Есікті жауып аласымыз да, біртіндеп ұстаймыз, сосын. )))
Zhanylai

Керекшілер дәріханада кезекте тұр: «Апай, ұшыққа жағатын не бар?»
qisyq
деп армандап кеткен Жаңылай Орталық дәріхананың сатушысы Людмила Ивановнаның «Девушка… Девушка! Что Вы хотели?» дегенінен селк ете қалды.
Zhanylai
онда точно ұшыққа жағатын бірдеме алуға барғам
zholantai
"қорқыныштыо-ақылдыо-байсалдыо-айбынды"
 ырзамын
Aya
Әйтпесе, шәй үстінде жалқаулық туралы әңгіме алыстан басталып, соңғы кесені ішіп жатқанда тап менің болмысым болып шығуы ғажап емес. Ең күйдіретіні — жалқау болуы себепті тұрмысы нашарлап, ақыры ішіп кетіпті-міс делінетін Шөкенді мысалға келтіре беретіндері. Сол Шөкеннің алақан жайып сұрап ішіп, әлде біреудің бірдеңесін сатып ішкенін көрмеппін. Бірақ ептінің тағдыры солай боп тұр: ол бір жерде аузы ұрылып ұйықтап жатқан шығар, ал біздің шал-кемпір оны жамандап жетісіп отыр.
қалай әдемі жеткізген))) Жақсы көреем Сатыбалдыныыыыы