Қыздарға сыйлық және кішкене есеп

Өткенде 2012 қазақ сайттарының жылы болады деп жазған едім. Осы жыл енді басталса да осы сөздерім жәйлап шындыққа айналып келе жатыр. Биыл бірнеше сайттың ашылуына, жаңартылуына себепкер болыппын. Бүгін туған күнімде шағын есеп беріп көріп, жасалған сайттармен таныстырып шығайын:

Қыздарға сыйлық дегенім мына сайт: Айқаракөз

aikarakoz.kz
Бұл сайттың авторы Эльвира Ерғалиқызы деген қарындасымыз. Сайттың дизайны және функционалы жаңартылды. Логосын біздің Daniar-Alan істеді. Эльвираға бұрынғы Арулар сайтының да контентін бердім.


www.mesqueunblog.kz/kaz
Бұл жәй ғана блог емес. Баха атты мүгедек баланың өмірін комикстер арқылы суреттеу. Димаштар жүргізіп жүрген керемет жоба.


www.blogcamp.kz
Биыл Астанада өтетін Блог Құрылтаймыздың сайты жаңартылды. Бұл Құрылтайға менің тарапымнан әзірше тек осындай көмек қана болып тұр.


www.kazkvn.kz
Көптен бері тұрып қалған ҚазКВН сайты қайтадан жасалды. Алмас, Алдекен, Маралбек сияқты жігіттердің арқасында енді жиі жаңарып тұратын болады.


www.tilmaidan.kz
Тілмайдан — тіл мәселесіне арналған сайт. Терминдер, заңдар, кітаптар, мақалалар, сұхбаттар осы Тілмайдан сайтынан табылатын болады.


sholpanym.kz
Шығыс Қазақстандағы Шолпан аулының сайты. Серікқазы Кәкібаланов жүргізеді өз аулының сайтын.


ukkz.net
Зікіршілерді қолдауымен танымал "Үш Қиян" сайтының дизайны жаңартылды, қосымша функциялар енгізілді.


www.caspinfo.kz
"Үш қиян" админі Қамбар деген жігіттің жобасы. Каспий аймағындағы жаңалықтар шығып тұрмақшы.


www.egemen.kz/tote
«Егемен Қазақстан» газетінің төте жазу нұсқасы ашылды. Газеттегі барлық мақалалар болмаса да басты мақалалар енді төте жазумен де шығатын болды.

Биылдыққа жасалған жұмыстар осы. Алда әлі талай жұмыс бар.
Бөлісу:

33 пікір

Gulistan
Аршат, бірақ еңбек жасалыпты ғой
patick
Аршат, бірақ еңбек жасалыпты ғой

«бір-ақ» дегің келді ма?
Zhan
Біраз еңбек дегені ғой. Біз түсініп алдық әйтеуір
VKM
 Қазақша сайттар көбейе берсін!
Zhan
«Егеменде» төтеше нұсқасы болады деп жүр еді Ұларбек. Жасап қойғансыңдар ма уже
asaubota
иә, Ұларбек айналысып жатыр.
KILYZAMAN
Биыл бірнеше сайттың ашылуына, жаңартылуына себепкер болыппын.
— еслене бергей!
Aldeken
Отызыңда бұзған ордаң мықты екен, досым! Тәнтімін!!! Шын көңілім!
asaubota
рахмет құрдас. Астанаға келгелі суперзанят статуста жүретін болсақ та негізі бәріне үлгеріп жүрген сияқтымын. жұмыстың жұмысына да, қоғамдық жұмыстарға да, бала-шаға мен достарға да.

достар сау болсын! бар мәселе сыйластықта ғо.
patick
осы сөзден кейін тартып жібергің келеді екен
qisyq
рефлекс па?)))
asaubota
менің осылай сөйлейтінімді елестеткен шығар. сосын өзін елестеткен болуы керек, бір қолына кружкасын ұстап маған елжіреп қарап отырғанын

пяншіктер!
19852407
Бәрекелді, еңбегіннің жемісін же!
Marco
шләпі киюден қалатын болдық-ау! )))мадес, быратан!!!
kokbori
АСМ, «Масымашарда» түсірілген фотоларды сайтқа шығармай ма?
Zhanylai

биыл бізге көмегіңіз керек болып тұр…
asaubota
көектесейін, хабарлас. кезекте Сержан мұғалімнің сайты
araika
 шыны керек, мұндай сайттардың бар екенінен бейхабар екенмін. Әсіресе, Айқаракөзге қызықтым.
Сыйлықтарыңыз жалғаса берсін
asaubota
Айқаракөзге жазатын қыздар керек. қазір Эльвира жалғыз өзі жазып жүр.
kokbori
Бауырым, жазғанда, бала шағаны қалай ма екен, сұрап білесің бе?
asaubota
жақсы мақала болса жас-кәрісі бәрібір ғой
Erkekyz
Айқаракөз неге ашылмай тұр екен?
502 Bad Gateway
дит.
asaubota
мына сайтты ұмытып кетіппін  www.teriskey.kz/
aikarakoz
Аршат! Көрсеткен көмегіңізге үлкеееен рахмет! Жұмысыңыз жемісті болғай!
asaubota
саған да сәттілік!

Блог құрылтайға келесің бе?
aikarakoz
бармақ ойым бар… анық-қанығын біліп алу керек бірақ…
Janasil
 Бастама жақсы!!!
rauan97
teriskey.kz қалып кетіпті ғой