Сатып алғым келетін көліктер
Капотты ашпайтындарданмын. Айдайтыным – автоматика. Механиканы құнттамадым сол бойы. Арман құрдастың жүргізушілікке баулып, қыр-сырына қанықтырып жүргендегі қамқорлығына бір риза болған жерім – мәселе біліктілікті практикада шыңдауға келгенде Шымкенттің анау-мынау емес, Тәуке-хан даңғылына* тартқанымыз еді. Әлі есімде, қолбырап, дірілдеп, небір алабөтен сезімдер астан-кестен боп еді. Сосын Астанаға жүйткіп жеттік екеулеп. Онымыз немістердікінен айдап келген ағайынды екі орыс жігіттен сатып алған 91 жылғы Мерседес-Бенц еді. 2.6. Бір жақсысы, трассада жүрісі сенімді, жылдамдықты қиналмай үдететіні еді. Бірақ рулі аздап ауырлау екен. Онысын Тойотаның американдық үлгідегі отыз бесінші «камриіне» отырғанда кәдімгідей сездім. Ойыншық сияқты боп қалады екен. Жеп-жеңіл, маневрлерде икемді, майды аз жейді. Моторында ақауы шыққасын, сатылды ол да. Қазіргім Lexus RX300. Екі жылдың көлемі болады биыл. Астананың суығына төзімді болмаса да қиын. Техникалық сипаттамаларындағы өзгешеліктерді маман деңгейінде тәптіштей алмасам да, сезем. Сезгіштік пайда бола ма деймін әр жүргізушіде уақыт өте. Машинаңды сезесің, иесі мінгенде сәйгүлігің кәдімгідей жадырап сала береді. Көлігіңде отырып, «сатамын-ау», «ауыстырамын-ау» десең, сол уақыттан көп ұзамай кейде бұртиып, қисайып алатыны бар. Сондай бір тылсым. Ренжітпеуге тырысасың.
Қазір енді қайтадан «камриге» ауысқым кеп жүр. Сағынып кеттім. Реті келіп жатса, мына көліктердің біреуіне айырбастауға, сатып, үстінен ақша қосып сатып алуға кетәрі емен (приоритеттік тізім, бірінші келтірілгені – «бірінші» талғам):
«Елуінші» Camry
Кеше жұмыстың гаражындағы осы елуіншілердің біреуі ап кетіп еді. Салонына көп мән беріпті жапондар. Жаңасы конвейерлік өндірісте мықтап қолға алына қоймады ма, қызығып, сұрастырып қарап едім ресми дилерлер тапсырысты қабылдаған күннен бастап 2-3 ай көлемінде ғана жеткізілетінін білдірді. «Комфорт» санатындағы линейкадағы бірінші түрі 37.400 долларға бағаланыпты. Бұл құнға жеткізу шығындары да жатады. Одан кейін Элеганс, Престиж боп санаты жоғарылай береді. Тиісінше, құны да комплектациясына қарай ауысып отырады.
Nissan Teana
Презентабелді экстрерьерімен тәнті етпей қоймайтын интерьері жарасымды жұптасады. Қара түсті нұсқасына ауды аңсар. Сырт пішіні «камриге» келіңкірейді, бір қарағанда. Elegance, Elegance+, Luxury, Luxury+, Premium сияқты түрлі комплектациядағы линейкадан таңдауға болады бірін. Бағасы 34.700 доллардан басталады.
Mitsubishi Pajero IV
Жанұялық көлік деуге келеді. Сыйымды. 3 куб. Бағасы 6 858 900 теңгеден (46.343 доллар шамасында) басталады екен.
Қазір банктердің көбісі жылжымайтын мүлікке қоса, автокөлікке де несие беріп жатыр. Жалақыңызды алатын банк арқылы сұрастырған қаржылай тиімді: сізге түсінікті себептермен жеңілдіктер ұсынылады. Көп ретте, бастапқы төлем ретінде көз тіккен көлігіңіздің жалпы құнының 10, 20 не 30 пайызын сіз көтеруіңіз керек. Қалған бөлігін банк несиелендіреді. Әдетте, жаңа көліктерге несие 7 жылға дейін беріледі. Мысалы, Тойота камридің 20% бастапқы төлемін беріп, қалған бөлігін жеті жыл ішінде қайтаруыңызға болады. Ай сайынғы өтемақы шамамен 585 долларды құрайтын болады.
Жаңа автокөліктің бір жақсы жері, зауыттан шыққан темір тұлпарға ең алғаш иелік ететін өзіңіз боласыз. «Екінші» қолдан әжептеуір арзандау алуға kolesa.kz ұсынған опция аз емес. Қолданыста болғандарға да банк қарасады. Бәрі де біз үшін, айдаушылар…
*Тәуке хан даңғылы Шымкенттегі көлік қатынасы ең көп шоғырланған жер, Атыраудың «Сәтпаев» не «Азаттығы», Астананың «Республика» не «Сарыарқасы» сияқты.
P.S. Суреттер toyota.kz, www.aster-nissan.kz, www.mitsubishi-motors.kz сайттарынан алынды
Жолда сенімді, мыңқ етпейді.
Менде ұзақ жол жүріп келгеннен кейін панельді сипап, жарайсың деп мақтап қоямын.
Арманыңыздағы көліктің иесі болыңыз!
Тек баға жөнінен қонымдысын айтқаным ғой. Әйтпесе Ferrari Testerossa, Lamborgini Diablo, Ford Mustamg-тарды бірінші атамай, VKM ұрып па мені!
«Теана» — әдемі машина.
Уот, енді «Мицубиси Паджероның» дәл осы 3,0 литрлік модификациясы онша емес дейді. Тартысы аз литражды машиналар сияқты әлсіз екен. Камри мен Арексүшжүзден кейін көңілің қалуы мүмкін.
«Колесадан» оқып алып, шынымен мініп көргендерден де сұрастырғанмын. Таныстарым растады. Паджероның 3,8 литрін қараған дұрыс бола ма деп қалдым.
2005 жылғы Lexus GS300-дің тұтынуы 12 л/100 км дейді, рас-өтірігін.
RX 350 Luxury $90 900
RX 450h Luxury $102 400
Былай лақтыра салатын да артық ақша жоқ.
Қылауы түспегені 24 мыңнан басталады.
Королла мініп жүрген адам ретінде айтарым:
— Қалада және 500 км-ге дейінгі қашықтықтағы тас жолда (терең ой-шұқырлары мен кедір-бұдырлары аздау жолда) өте жақсы. Басқа шағын көлемді машиналармен салыстырғанда жүрісі жұмсақ;
— Үнемді. Тас жолда бензин жемейді — тек иіскеп отырады ;
— Алыстан көрген адам Camry 40 екен деп қалады ;
Жалпы, машинаның жанар-жағармайы мен күтімінен басқа нәрсеге ақша шашқысы келмейтіндерге арналған. Опшым, Камриге ақшасы жетпейтіндер үшін ең жақсы таңдау
Беларусь елінен әкеліп жатыр қазір көбісі. Үстінен 2-3 мыңдай көреді екен, айтуларынша. Жасасын Кедендік Одақ.
1. Тәжірибе жоқ. Бірақ 3 ай оқып, 10 сағат машина айдағам инструктормен. Инфаркт ала жаздағам
ол енді бөлек әңгіме2. Жаңасы қымбат — алған күннің өзінде кішігірім авария болса, қиын болады. Одан да шағын машинада аздап шынықпаймын ба?!
Негізгі арманым — Тойота Приус. Сол Хюндай Гетз, не болмаса Фольксваген Гольфта біраз жүрсем, қалғанын көре жатармын.
Жазылған жауап: Елге қарап жүрсең өмір бойы тынымсыз боласың.
Көлік — менің де ауруым, тұрақты талғамым Lexus RX-300-ге түскен. Жер бауырлайтындарды, тұраққа қоярда не ол жағынан, не бұ жағынан сыймайтын қаладағы бір бөлмелі үйіңнің орнын алатын
мүйізтұмсықмәшинелер ұнамайды.Құрып кеткір АудиМеніңше, салоннан гөрі жаңасын қолдан алған тиімдірек-ау. Гарантияның пайдасы шамалы, жапон көліктері 200 мыңды еш бұзылмай жүріп тастайды бәрібір.
Кредитке мәшине алуды да түсінбеймін. Оның үстіне 7 жылда көліктің құнын екі еселеп төлейсің.
Оз басым, талгамымдагы мурты бузылмаган машинага тиiмдi шарттар усынылса, карсы болмас едiм.
түбінде өлетін адамдардың мимырт тірліктері.
Теананың коробкасы CVT-вариатор. Ол өзі сондай ерекше коробка-лотерея. Сынып қала салады, жаңасын іздеу керек сосын. СТО-ларда тұрған Ниссандардың талайын көрдім. Консолі әдемі екен бірақ ше
Паджеро шынымен тартпайды, тіпті, алдыңғы моделінен де қалады. Бірақ 2,7-лік Прадодан жаман емес. Қалай болғанда да бағасы мен сапасын ескерсек, нарықтағы джиптердің ішіндегі ең дұрысы Паджеро ғой.
Camry 55 немесе 60 шыққанша мініп жүре беремін.
Мерседестің Эс класы ғана ұнап жүр, Әбеке «Колесоның» тілімен қайырғанда «Сәтті сатуыңды тілеймін!»
kolesa.kz/a/show/5185629
Таза жапон не еуропаға лайықталған модификациясы тым қымбат екен.
маған ұнайтын көлік. Күлмеңіздер тек
Күлетін түгі де жоқ, ерекше дизайны бар, моторы, комфорты, басқа жағынан ешнәрсесі кем емес.
Оның кішкентайлығы картинада ғана көрінеді, битлды "қоңыздай" кішкентай демес едім.
Қажет кезінде резина таппай қалсаң о да жаман екен ей…
Тым қымбатқа түсіп жатса дегенім ғой
RX300-пен қош айтысылып, ол пұл керек-жараққа кіріп кетіп, біраз уақыт моторсыз жүріліп, ақыр-соңында армандағанымның қырқыншы модификациясы алынды. Айналайын жапондар бәрін біледі ғой…
Керекинфо… Армандар орындалады…
Бензин құйып асыра
болатын вариант емес. 3 куб емес қой әйтеуір, 4 WD да емес.
Негізі, ақауы барына ақша жетпейді-ау деп ұрылғанша, аздап банктен несие алып, қосып, сенімділеуіне отыру мақұл. Көп қой көлікке несие бергіш банктар.
10500 сұрап тұр Астраға, қымбат емес пе?
Жалпы механикаға «жоқпын», әуел баста ауызданғаным да, көргенім де автомат. Інім бұнымды аса құптай қоймайды: «аутоматың бұзылғанда көрермін сан соққаныңды» деп қояды. В6 де құптай қоймайды: «Алдымен семейка н/е «запорож» алып мейілінше игеріп алғаның дұрыс» деп. Өз ойым — алғасын бірден дұрысын алғым келеді, қайта-қайта сатам-алам деп жүргім келмейді.
Бұл сыннан өткендерден не сәбет???
Жалпы, новичок «туфелькаларға» (мүлде көліктің капутына жоламайтындарға, тіпті оның қай жақта екенін білмейтіндерге + бензин мен күтімнен басқаға қаржы сұрамайтын көлікті -ге) қандайына құрық салған дұрыс?
Ал, немістер, әрине ең алдымен салмақтылығымен, және дизайндық ерекшеліктерімен әйгілі, тіпті бір модельдің өзі жыл санап, ішкі сыртқы дизайндарына аздап болса да өзгерістер енгізіп отырады. Бірақ, неміс көліктерін, жапондықтардай жаны сірі, күй талғамайды деп айта алмас едім. өз ойым…
Сондықтан, руль мен жүргізуші орындығының арасындағы байланыстырушы өзің болатындықтан ең алдымен өзіңнің талғамдарыңды екшеп барып, өзің таңдағаның дұрыс.
Пы.сы. Мүлт кетпейтін жалғыз кеңес бар, неғұрлым жаңасын алсаң, соғұрлым, капотты ашу қажеттілігің азаяды.
Жөн сілтегеніңізге мың алғыс, жиен, түйіп алдық.
Керекке тағы бір пост жазғым кеп жүр.asaubota
Өсе келе жапондар чемодан сияқты жиналатын мини седандар жасақтап шығарса екен. Күн энергиясынан қуаттанып қалаішілік қажеттілікті өтей беретін.
Құтты болсын, есьче!