Әскери ойыншық балаға зиян ба әлде пайдалы ма?


Әскери газетке кейде шыны керек, не жазам деп түк таппай қалатыным бар. Офицер, сержант, сарбаздар, әскери бөлімді «Жасасын, ура, ура» деген пафосты ноталармен жаза беруден «збым» шығып кетті. Кеше интернетте қаңғырып жүріп бір идея тауып алам ба деп біраз шашымды ауыртып көрдім. Содан әскери ойыншықтар туралы жазып көрсем не болады деген ой сап ете қалды. Бұл туралы әжептәуір ақпараттар бар екен. Бір қызығы, кейбір психологтар балаға соғыс, әскери туралы ойыншықтар әперу зиян, агрессивный болады десе, кейбірі керісінше жастайынан ата-ана, туыстарын, Отанды қорғауды, патриот болып өсуді, елі мен жерінің қазба байлықтарын біліп, соны қорғау керектігін түсініп өседі дейді.

Мына бір деректе керісінше Әскери ойыншықтарды зиян дейді.
"Әскери ойыншықтарды жоюдың халықаралық күнін" Еуропада 7 қыркүйекте атап өтеді екен. Онда олар пистолет, автомат, қылыш, қанжар, шпага, пышақ, дубинка, танк, ұшақ, т.б. соғысқа қатысы бар ойыншықтарды Барби, жұмсақ ойыншықтарға айырбастайды-мыш. Бұл идея «Ата-ана қамқорлығынан айрылған жетімдер мен балаларға жәрдем берудің бүкіләлемдік қауымдастығына» тиесілі көрінеді. Дәл осы қайырымдылық қоры 1987 жылы 7 қыркүйекте осы күнді атап өтуді ұсынып, 1988 жылы жүзеге асырыпты.
Ал, Ресейде елдің әскери-өнеркәсіп кешеніне жауап беретін вице-премьер Дмитрий Рогозин жақында ғана өзінің твиттерінде «Хватит нашим детям играть “Леопардами”. Ресейдің бүлдіршіндері батыстың қару үлгісінде жасалған танк, пистолетімен емес, Ресейдің ойыншықтарымен ойнау керек» деп жазыпты. Министр осылай депті
Сөзбе сөз келтіре кетсек, былай: «Дал команду продумать изготовление игрушек-моделей российского оружия и военной техники», — заявил Рогозин, бывший лидер националистической партии, до недавнего времени занимавший пост постоянного представителя России в НАТО. — депті.
Тақырыптан тыс: Жұмыста корректор болып істейтін апайлардан бала-шаға, немерелеріңізге әскери ойыншық әпересіздер ме деп сұрап едім, кішкентай ер балалар мұндай ойыншықтың түрлерін жақсы көреді. Ал өзімнің кішкентай қыз немерелерімнің кеше ойнағандарын көріп жағамды ұстадым. Титтейінен үй, отбасы мәселелерін ойнайды. Ішіне шарларды салып алып, екіқабат болып ойнағандарын көрген кезде не дерімді білмей қалдым десе, екінші әріптес апайыма күйеуі балаларына әскери ойыншық әперуге қарсы болғанын айтты.
Ал, «Керек» жамағаты сіздер де мақалама көмек болсын, балаларыңызға әскери ойыншық әпересіздер ме? Ол расында пайдалы ма әлде зиянды ма? Ой бөлісе отырсаңыздар.
Бөлісу:

48 пікір

satibaldi
Газет дүңгіршіктерінде журнал сатып жатыр, журналға қосып бірге танк, зымыран, ұшақтардың натуралды моделінің бөлшектерін жинауға болады. Мен Т-34-тің шынжыртабаны шығатын келесі санын күтіп жүрмін.
monti
Мен Т-34-тің шынжыртабаны шығатын келесі санын күтіп жүрмін.
31 түрік сериалдарының арасындағы жарнама өтед екен ғо
а маған дог колекшн ұнап жүр, бірақ сатып алмадым әлі
Daniar-Alan
осы асықты ешкім патенттемепті ма? кім бар білетін?
omarbirat
Алып беремін. Зияны жасалған материалынан болмаса, басқа жағынан зиянды деп ойламаймын. Ұл балаларымыздың қуыршақ пен жұмсақ ойыншықтарға үйір болуы қалып еді.
omarbirat
«Мен де аюларды жақсы көремін» деп клубтың алдында тұрғаннан Құдай сақтасын
Zilola
сол жарнамаға шатырым кетеді кәдімгідей )))
Abilakim
зиян емес.Менде қалайы солдаттар болған еді.Жақсы ойнайтынмын.Омарбраттың айтқаны дұрыс
patick
Аптырға көмекші құрал:
Zhan
Вертолет пен кукла танкісі күшті екен
asaubota
мен аламын ұлыма неше түрлі қару жарақ. мұндай ойыншықтар ұл балаларға пайдалы деп ойлаймын. өйткені, өздерін ұл ретінде сезініп өседі. яғни еркек болып өседі. еркектікті сезінбей өссе өскесін жұмсақ болып кетуі мүмкін, мұның арты гомосектікке де апаруы мүмкін.

менің бала кезімде Сражение деген керемет стратегиялық ойын болды. балаларға осындай бір жағынан әскери бір жағынан логикалық ойындар алып беру керек.

сосын садақты қатты жақсы көретін едім, өзім жасайтынмын ағаш пен пресстің жібінен. ал оқ үшін ши толып жатты.
patick
Ия, садақ жағынан Робин Гудтан кем емес едік қо

Жазда үй көрмей күні бойы садақ атып далада жүретіндіктен, нағашы әжем садағымды тартып алды да сындырып тастады. Сонда қатты ашуланып, оны «жегізіп» жібергенім есімді
Abilakim
Садағымды же!- дедің бе?
patick
жоқ, өкінішке орай дене мүшесіне қатысты айтылды
madlen
Қалай сонда?
Gastarbaiter
Құлақты айтып отыр
madlen
Түк түсінбей отырмын, при чем тут құлағы? Кімнің құлағы? Әженің ба или Патиктің?
kokbori
Құрысын, әжесін боқтаған ғой,… же деп.
madlen
  
кешірш, Патик
patick
кешірш, Патик
сен де мені
konvict
Қураған қамыстың басына қаңылтыр орап атып көргендерің бар ма? Тобылғыдан жасалған садақ мықты болады деп естіп алып, армандаушы едік. Былай қараталдың бұтақтары(тура түсініңдер) жарай беретін
ErNur
Немесе проводтың алюминий сымдарынан пистолет жасап атысып ойнайтын едік
konvict
Біз қойдың астыңғы жағын пистолет қылатынбыз
sammita
бұрын інілерім штакетниктен шегелеп пистолет, мылтык жасай беретін. Және мчаки (дұрыс па?) сондай бірбәле ұстап жүрді. Иә, қалайы солдаттар да болды. Общым жап-жақсы жігіттер өсіп шықты

меніңше зиян ойыншықта емес, ТВ-да, комп. ойындарда.
Abilakim
ГТА ойнағаннан жақсы шынында.
monti
ГТА ойнағаннан жақсы шынында.
ГТА несі жаман? адамды жылдамдыққа, т.б. жақс қаситеттерге баулиды
Abilakim
көшедегілерді ұрып-соғуға, ақшасын тартып алуға, менттерді ұрып кетуге де баулиды.
monti
жоға, табиғаты/тегі/ортасы ондай мес бала бәрбір олай болмайды 
ГТАны мен бірақ топазойындар қатарына жатқызам ешқандай мақсат жоқ ғо
Zhan
ГТА несі жаман?
Бұл қандай ойын? Білмейді екем…
monti
компта, қазір кез/келген кішкентай балдар ойнайд
Adiletshu
Көшеде жүріп істегің кедген нәрсенің бәрін істейсің. Машина тартып аласың, оны айдайсың, тамақ ішесің, полициямен атысасың, қыз снимать етуге де болады
omarbirat
мчаки
нунчаки
sammita
аха солай екен. Ауылдың тілі белгілі ғой енді, твалет дегендей))
qisyq
Варатарист деуші едік. Вратарь, то бишь қақпашы екенін кейін білдік қой.
Abilakim
каратарист деген де бартын
omarbirat
«Моншақ» дегендерді де көргізіп, естіртті ғой Құдай
VKM
Ұлдар соғыс деп,қыздар үй деп ойнау керек, негізі.Керісінше болмау керек.
Abilakim
арасында ұлдар келіп «Папа» ойнап кетуіне болады))
Altygradus
ұл балалар қызықс неге әпермеске, компьютер, Плейстэйшнге жабысқаннан қайта жқсы ғой. Тек пистолет жағынан абай болу керек. Осы бірер жыл бұрын бір достарымың достарынының баласына әперген ғой, сол кішкене оғы бар пистолеттен, оны ана бала бір кішкене баланың басына тигізіп тұрып атқанда, не дейді қастың тұсындағы черептегі ойықтан кіріп баланың миына кірген. И то біреудің баласы, достарының баласын миын зақымдаған.Бізде емдеу мүмкін емес, ал германияда жүз мың евро деп, Кейін білмедім не болғанын соңы. Құдай басқа бермесін..
Баланың қызығушылығы болса неге әпермеске, тек қазір Қытайдың небір ойыншықтарына сақ болған дұрыс…
а так мұндай ойыншықтарға көбіне бір орында отырмайтын балалар қызығатын сияқты.
Abilakim
Сумен атылатын пистолеттен құлағымды зақымдап мен де отырмын ғой)))
satibaldi
достарымың достарынының баласына әперген ғой
Достарыңның балалары — достарынан ба???
KOKTURIK
Қазақстанның жалауы жапсырылған, және қазақша бұйрық беру дауыстары жазылған отандық әскери ойыншықтар жасалса ғой. Ежелгі ер Түріктердің ұрпағы болған соң балалардың жауынгерлдік рухта тәрбиеленіп, әскери ойыншықтармен ойнағаны жаман болмас. Тек соны дұрыс бағытқа бұрып отырсақ болғаны. Менің балам да питолет, автоматпен ойнағанға үйір, қылышты да жақсы көреді. ер баланың болмысы сол болғасын оған қалай қарсы келесің?!
konvict
Бір әнек бар еді ғой: «Балалар кішкене күнінде машинаға, қыздар қуыршаққа құмар болады. Өскенде бәрі керісінше»