Мұстафа Шоқай кітабының тұсауы кесілді...


8 ақпан күні Астанадағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында белгігі шоқайтанушы-ғалым, профессор Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай» және «Түркістан легионының ақиқаты: свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» деп аталатын екі кітабының таныстырылымы өтті.Туындының таныстырылымына жиналғандар бұл еңбекке рухани құндылық деген баға берді. Қаламгер оқырман қауымға ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, Мұстафа Шоқай өмірін, арпалыс пен күреске толы тағдырын, оның еңбектерін зерттеп соны деректер ұсынған.
Қаламгердің «Түркістан легионының ақиқаты: свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» зерттеу еңбегінде Түркістан легионерлерінің тағдыры туралы баяндалып, сол бір сұрапыл соғыстың беймәлім тұстары ашылады. Ә.Қара жазушы Шыңғыс Дағшының соғыс жылдары бастан өткерген адам сенгісіз оқиғалары арқылы свастика мен қызыл жұлдыздың қыспағында қалып, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған легионердің тағдыр тауқыметі туралы баяндайды. Жалпы саны 5 млн. 162 мың болған адамдардың 1 млн. 981 мыңы лагерьлерде көз жұмды. Ал тұтқындарды белгіленген жерлерге жөнелту кезінде өлгендер мен жоғалып кеткендерді қоса санасақ, бұл сан 3 млн.-нан асады. Тірі қалған 800 мыңдай әскер «Тұтқындардан жасақталған легиондар» жобасына қолданылған болатын.
«Зерттеу жұмыстары барысында мен Шыңғыс Дағшымен таныстым. Ол — соғыстың ащы шындығын жазған белгілі жазушы. Мен көкейімде жүрген біраз сұрақтардың жауабын осы кісінің романдарынан таптым», — дейді Ә.Қара.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
Тұсаукесерге барып келген адамның пікірі
boztorgai
сол анаусы кесілген дүниені қайдан/қалай сатып аламыз?
танымы құрығырды кеңейту керек боп тұрғаны
satibaldi
Қанша тиын істеген, айтпады ма?