Аты жоқ өлең

Қарашаның бір түнінде Кәмшат деген алтын адам бөлісіп еді осы өлеңмен агентте  Like!

Жаңбыр. Жанарда мұң.
Жалғыз келем!
Жасым-көл. Өлең-үміт таңда үзбеген!
Санама сәуле берген сыңғырлы саз,
Сағымға сіңбек пе енді сар күзбенен?!

Бұйра бұлт басқа салып бар салмағын,
Бұлыңғыр көшке ілесті кәусар жаным!
Менің бар ғұмырымды елестетед,
Шалшыққа құлап жатқан тамшы-арманым!

Муза жоқ.
Жүректе сол әппақ еді,
Мұз құсап еріп кетті-ау мақта реңі.
Бос қиял, бос арманды жетегіне ап,
Бос үміт күтіп отыр бақта меніঀ
Сол.
Енді жүгірмеспін жүрекке еріп,
Мұнардан құласам да мұң өткеріп.
Көңілім күлге айналып кетіпті ғой,
От іздеп жүргенімде түнекке еніп!

Маңдайда жазу тұрса шырмалып ап,
Ештеңе ем болмайды мұңға бірақ.
Алдыма шашып тастап алтындарын,
Сыбдырлап сыр айтса да сырғалы бақ!

Көктемде қатар жүрген көш басы едік,
Күз келіп бола алмады дос та серік!
Бос бақта жалғыз өзім босып жүрмін,
Бос сағым,
бос сезімге
босқа сеніп.

Р.Ә.
Бөлісу:

9 пікір

kokbori
Көктемде қатар жүрген көш басы едік,
Күз келіп бола алмады дос та серік!
Өлеңі жақсы екен, күш жетпейді,
Әйтпесе, плюс қойып қоштар едік
Gulzhanat
Мен де плюс беретін ем Р.Ә. мырзаға
kokbori
Интернат туралы заң болмаса, атын өзім ақ қояр едім. Амал жоқ енді «Күзгі эллегия» дейміз бе?
satibaldi
Қашан оталмайтын мотоцикл, сылақшының әні, көңілді жауынгерлер жыры, КИПиА операторының күйі дегендер шығады бізде?
Қайда барсаң да «Махаббат, бвуууәәәәәәәәәәәә!» деген боздаулар. Шаршатты шыны керек. Әсіресе:
Жаңбыр. Жанарда мұң.
деген басының өзі әбден бір табын піл таптап кеткен құрылым. Өлеңнің басқа бөлігі Мандельштам қабірінде жатып бітіретіндей керемет болса да, осындай шаблонизм барлығын шайып кетеді((((
kokbori
Сәке, қоянның түрін көріп қалжасынан түңілдіңіз ғой дим, ә?
satibaldi
Қалжасын жеп отырып, бейшара қоянды елестетіп мұңайдым десем — дәлірек болар.
kokbori
Солай ма, майлы болып көрінбей ме?
satibaldi
Жоға жілігін шағайын десем, өзімнің тілімнің майын сорып алғаны.
kokbori
Білмедім ал, тіліңізде грамм май бар деп ойламаушы едім